Нұр-Сұлтанда №15 автобус бағдарының қозғалысы уақытша өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты өзгереді. Бұл туралы «Астана LRT» компаниясының ресми сайтында хабарланды.

«Горький көшесінде жолды жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №15 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бағдар №29 орта мектепке дейін уақытша бармайды. Бағдарлардың қозғалысындағы өзгерістер туралы ақпаратты біздің ресми сайтымызда табуға болады», - делінген «Астана LRT» компаниясының хабарламасында.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы