Balashaq – bolashaq
-
Домбыра сабағы Гиннестің рекордтар кітабына енеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Рекорд «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен онлайн тіркелді.
24.05.2022
-
Елордада Балаларды қорғау күнін қалай атап өту жоспарланып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Елордада осы күнге орай көптеген түрлі іс-шаралар өткізіледі. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев онлайн брифинг кезінде айтып берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
24.05.2022
-
Астанада балалар жылы аясындағы іс-шаралар 7 бағыт бойынша өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев онлайн брифингте қалада балалар жылын өткізуге арналған іс-шаралар жоспары қалай жүзеге асып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
24.05.2022
-
Елордада Балалар жылы қалай тойланады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев онлайн брифингте елордада Балалар жылы қалай тойланатынын түсіндіріп берді.
23.05.2022
-
«Балалар туризм апталығына» 250-ден аса бала қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының маңызды функцияларының бірі - ішкі туризмді дамыту. Осы бағытқа байланысты – «Балалар туризм апталығы» ұйымдастырылды деп,- хабарлады басқармаға қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы.
23.05.2022
-
Өскемендік оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында биылғы балалар жылына орай оқушылар мен студенттер арасында IT-фестиваль өтті.
22.05.2022
-
Қарағандыда облыстық ата-аналар форумы өтті
Қарағанды, BAQ.KZтілшісі. 21 мамыр күні Қарағанды қаласында «Өмірлік дағдылар» атты ата-аналар форумы өтті. Балалар жылы аясында өткізілген шара білім алушылар мен ата-аналарға: құқықтық, медициналық, педогогика-психологиялық көмек көрсетіп, өмірлік дағдыларға үйрету мақсатында ұйымдастырылған.
22.05.2022
-
Нұр-Сұлтанда велошеру өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 21 мамыр күні веломаусымның ашылуына және балалар жылына орай жаппай веложарыс өтеді. Оған қатысуға қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
19.05.2022
-
Ақтауда оқушылар арасында дебат өтті
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілші. Ақтауда “Балалар жылына” және қазақтың ұлы жазушысы, Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай, оқушылар арасында алғаш рет дебат турнирі өтті. Жүлдегер атанған 10 оқушыға жазушының туған жері Семей қаласына экскурсияға жолдама берілді.
19.05.2022
-
«Balapan» телеарнасы шетелдік нарыққа шығуы мүмкін - вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Balapan» телеарнасына көршілес елдер қызғушылық танытып отыр.Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров мәлім етті.
18.05.2022
-
Баланың тәрбиесі тілден басталады. Вице-министр не себепті Nickelodeоn және TiJi арналары таңдалғанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров балаларға арналып неліктен Nickelodeоn және TiJi арналары таңдалып отығанын түсіндірді.
18.05.2022
-
2021 жыл әдеби аударма үшін өнімді жыл болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әсіресе отандық баспаларымыз шетел әдебиетінің озық үлгілерін қазақ тіліне түпнұсқадан тікелей аударып, елдер арасындағы әдеби байланысты жандандыра түсті. Бұл туралы ф.ғ.к., доцент Лаура Дәуренбекова Жазушылар одағының әдеби жыл қорытындысы жиынында айтты.
18.05.2022
-
Мектептерде бала құқығын қорғауға арналған сайттың QR-коды орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы аясында «Bala Qorgau» интернет-ресурсын іске қосты. Енді мектептерде QR-коды және «Bala Qorgau» сайтының https://bala.gov.kz мекенжайы жазылған арнайы тақтайшалар орнатылып жатыр, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі .
18.05.2022
-
ДСМ: Ауыр дертке шалдыққан балаларға дәрі алу үшін бюджеттен 16,4 млрд теңге бөлінеді
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
18.05.2022
-
«Ұлттық идеология және балалар әдебиеті»: Балаңа берер бағыт оны адастырмай ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ұлттық идеология және ...» жобасының екінші шығарылымы балалар әдебиетіне арналды. Бұл шығарылымда тіл мәселесі, идеология тұрғысынан биліктің кемшілігі, балаға бағыт-бағдар беру, оны кітап оқуға баулу және басқа да маңызды мәселелер жөнінде Жазушылар одағының мүшесі, балалар ақыны, журналист Серікбол Хасанмен сұхбаттастық.
18.05.2022
-
Балалар жылында TiJi кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың «Groupe M6» компаниясының телеарналар мен радиостанциялар портфелін халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрьемен және «Лти Восток» Халықаралық дистрибуция жөніндегі директоры, бас директоры Мария Жабина-Пантеликпен және Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасы Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортоланмен кездесуі өтті.
17.05.2022
-
Биыл ауыл мектептерінің автопаркі 515 жаңа автобуспен толығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Балалар жылы аясында еліміздің ауыл мектептерінің автобус паркі 515 автобуспен жаңартылады. Бұл балаларды мектепке және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
17.05.2022
-
Белгілі түркиялық дәрігер елордада балаларға ота жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында бірнеше күрделі ота жасалды. Операцияларды еліміздің білікті дәрігерлерімен қоса, Түркиядан арнайы келген белгілі хирург Бурак Тандер жасады. BAQ.KZ тілшісіне ота процесіне қатысудың сәті түскен болатын.
17.05.2022
-
Буллинг, оқушы, қамқор ата-ана: Мектептегі зорлық-зомбылықпен қалай күресу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Буллинг – қазіргі күні кеңінен қолданылып жүрген термин. Ол қорқыту, біреуді кемсітіп, намысына тиетін сөздер айту мағынасын білдіреді.
17.05.2022
-
Қызылжарлық оқушы Абайдың 100-ден астам өлеңін жатқа біледі
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда «Абай және Мағжан» оқулары ұйымдастырылды. «Балалар жылы» аясында өткізілген байқауға облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 150 оқушы қатысты. 11 номинация бойынша іріктеліп алынған жеңімпаздар сайыстың республикалық кезеңіне жолдама ұтып алды.
16.05.2022