-
Шалғай ауылдың тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетілді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің барлық аймағында «Медицина жаныңда!» акциясы өткізіліп жатыр. Осыған орай, Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы, Құтарыс ауылдық дәрігерлік амбулаториясында акция ұйымдастырылды.
04.05.2019
-
Белгілі кардиохирург Юрий Пя 19 жастағы қызға ерекше тәсілмен ота жасады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін қазақстандық танымал дәрігер, кардиохирург Юрий Пя Шымкентте жүрек ақауына шалдыққан азаматтарға жаңа тәсіл арқылы күрделі ота жасады.
03.05.2019
-
«Nomad Explorer» - туристерді тартуға жасалған экспедициялық жоба
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кең ауқымды экспедицияға бизнес-құрылым, зиялы қауым өкілдері, отандық шоу-бизнес жұлдыздары, блогерлер және БАҚ өкілдері, барлығы 1000 адамдай қатысқан болатын.
28.04.2019
-
Күлтөбе қалашығы күзде ашылады
Түркістан облысы. BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен пресс тур болып өтті. Министр БАҚ өкілдерін Күлтөбе қалашығында атқарылып жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен таныстырып шықты.
27.04.2019
-
Күлтөбе қалашығы күзде ашылады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан облысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен пресс тур өтті. Министр БАҚ өкілдерін Күлтөбе қалашығында атқарылып жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен таныстырып шықты.
26.04.2019
-
Түркістанда әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысан салынуда
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістанда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалық етуімен селекторлық режімде өткен жиында 2019-2020 жылдарға арналған Түркістан қаласын дамытудың кешенді жоспары мен дамуын және Түркістан аймағын 2024 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарының жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
26.04.2019
-
Ясауи кесенесі мен тарихи тұлғалар жайлы мәлімет беретін мобильдік қосымша іске қосылды
Түркістан облысы. BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Android платформаларына арналған мобильдік қосымша іске қосылды.
24.04.2019
-
Қазақстан тарихы жаңа жетістіктермен толығарына сенемін – Нұрмахан Жолдасов
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмаxан Жолдасов билік басына Елбасының сенімді серігі болған азамат келсе, Қазақстан тарихы жаңа жетістіктермен толығарына сенетінін айтты.
24.04.2019
-
«Ұлы дала ізімен» фильмдер апталығы Созақ ауданында жалғасуда
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Созақ ауданында 200-ге жуық көрермен «Ордабасы – бірліктің туы» және «Оқсыз оқиғасы» анимациялық фильмдерін тамашалады.
23.04.2019
-
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Музейге сый» акциясы өтеді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 25 сәуірде Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Музейге сый» акциясы өтеді. Бүгінде аталған музейдің қорында 24 420 дана көне жәдігер мемлекеттік тіркеуге алынған.
23.04.2019
-
Шұбайқызыл шоқысында тағы да қызғалдақ фестивалі өтті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жылына небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар Түркістан өңірін жыл сайын кілемге оранғандай қызыл алқапқа бөлеп жатады. Жылдағы дәстүрге сай Түлкібас ауданында биыл да «Ақсу-Жабағылының алауы, Шұбайқызылдың жалауы!» атты қызғалдақтар фестивалі болып өтті.
18.04.2019
-
Үш қызды жәбірлеген өгей шешеге шектеу шаралары қарастырылады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кешеден бері әлеуметтік желілерді кәмелет жасына толмаған үш қыздың өгей шешесі жәбірлеп келгені туралы материал шарлап кетті. Бүгін осы оқиғаға байланысты Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті.
17.04.2019
-
Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның бірлескен туристік кеңсесі жұмысын бастады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы уақытта қазақ-өзбек туризмі қарқынды дами түспек. Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан жылына орай Ташкентте Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне арналған туристік ақпарат орталығы ашылды.
17.04.2019
-
Тарақанның уын жеп қойған 1,5 жасар бүлдіршін аман қалды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тарақанның уын жеп уланған 1,5 жасар қызды жедел медициналық жәрдем дәрігерлері Леңгір ауруханасына жеткізді.
16.04.2019
-
Лондондық дәрігерлер облыс тұрғындарын қабылдап, кеңес береді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ пен Лондоннан арнайы келген дәрігерлер Түркістан облысының халқына тегін медициналық қызмет көрсетеді. Шетелдік дәрігерлердің ішінде Лондоннан арнайы келген профессор Сурендра Кумар бар. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен Халықаралық медициналық конференцияда белгілі болды.
15.04.2019
-
Екі апта үзбей ем қабылдаған науқастың дерті өзгелерге жұқпайды – бас дәрігер
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2014 жылдың деректері бойынша Қазақстан Еуропа өңіріндегі туберкулездің таралу деңгейі жоғары 18 елі арасынан 7-орынға шыққан. 2016 жылы Қазақстанда бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 99-ға жетіп отыр. Бұл туралы Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Болатхан Сағымбеков айтты.
13.04.2019
-
Вице-министр Түркістан облысы бас дәрігерінің жұмысын жоғары бағалады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев облыстық клиникалық аурухананы аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты.
12.04.2019
-
Түркістан облысында үкіметтік емес ұйымдар сайлауға белсене қатысады
Түркістан облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысының «Азаматтық Альянсы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің» төрағасы Шәріпбек Жамалбектің төрағалығымен облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың жиыны болып өтті. Жиында еліміздегі басты саяси оқиға – сайлау мәселесі талқыланды.
11.04.2019
-
Түркістан облысында ең төменгі жалақы алатын қызметкерлердің жалақысы 20% көтеріледі
Түркістан облысы. BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Болат Төкежанов жұмыс тобын бастап келген болатын. Іссапар барысында Министрлік өкілдері өңірдегі медициналық мекемелердің жұмысымен танысып, Елбасының тапсырмасына сәйкес жалақының өсуі, медициналық қызмет көрсету стандарты сынды бірнеше тақырып бойынша семинар өткізді.
11.04.2019
-
Түркістан облысы бойынша 73 медициналық ұйым шартқа отырған
Түркістан облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына» Түркістан облысы бойынша 73 медициналық ұйым шартқа отырды. Сала мамандары әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі – пациентке бағытталатынын айтты.
10.04.2019