-
Түркістанда үздік онкологтар облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан облысының онкологиялық емханасында еліміздің үздік онкологтары аймақтың тұрғындарын тегін қабылдап, медициналық кеңес берді.
28.05.2019
-
Түркістан облысындағы «Қазығұрт бақтарына» 270 мың алма көшеті отырғызылды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Төлеби ауданы Кемеқалған окруіне қарасты Абай ауылында Италиядан әкелінген алманың 4 сорты өсірілуде.
26.05.2019
-
Төлеби ауданында 5 елді мекен ауызсумен қамтылмақ
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің бүгінде 36-сы табиғи газбен толық қамтылған. Аудан көлемінде 27 жол жөнделіп, асфальт төселген. Сондай-ақ, қазіргі таңда 4 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аталған ауданға ұйымдастырылған пресс-тур барысында белгілі болды.
25.05.2019
-
Кентаудың студенттері шетелде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кентау қаласындағы политехникалық колледждің студенттері алдағы уақытта халықаралық деңгейде сертификат алып, шетелдердегі кәсіпорындарда жұмыс істей алатын болады.
23.05.2019
-
Жетісай ауданында 9 мектеп салынып, 6 ауылға газ беріледі
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Жетісай ауданында 9 мектеп пен 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджет есебінен 4 млрд 631 мың теңге бағытталып отыр. Қазіргі таңда 7 мектептің құрылысы басталып кетсе, 2 мектеп пен 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы алдағы шілде айында басталады деп күтілуде.
22.05.2019
-
Жетісайда 12 көпбалалы отбасыға баспана салынуда
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округінде «Баспанаға жол» акциясы аясында 12 отбасылық 6 баспананың іргетасы қалануда.
21.05.2019
-
Түркістанда әуенді субұрқақ күзде пайдалануға беріледі
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістанның кешінде әуенді, әуезді субұрқақтың жанында серуендейтін күн де алыс емес. Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі киелі өңірге жарық музыкалық субұрқақ нысанын сыйға тартпақ.
20.05.2019
-
Қажымұқан турнирінде Руслан Әбдіразақов жеңімпаз атанды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекеніндегі Қажымұқан атындағы орталық стадионында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 148 жылдығына орай қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық турнир өз мəресіне жетті.
20.05.2019
-
Отырарда «Өткеннің қазынасы – болашаққа» атты музей күні өтті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай «Өткеннің қазынасы – болашаққа» атты шара өтті.
19.05.2019
-
Түркістанда қырғыз суретшілерінің топтық көрмесі өтуде
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін облыстық Бейнелеу өнері музейінің көрмесіне қырғыз елінен келген 7 кәсіби суретшінің кескіндемелік 103 шығармашылық туындысы мен мүсіндері қойылды.
17.05.2019
-
Еліміздің бас хирургі Түркістанда шеберлік дәрісін өткізді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы кезде елімізде ішек құрылысы аурулары күрт көбейген. Осыған байланысты Түркістан облысына келген А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бас директоры Болатбек Баймаханов қалалық емхана дәрігерлеріне екі күндік шеберлікті шыңдау дәрісін өткізді.
17.05.2019
-
«Jas Túrkіstan-2019» республикалық балалар шығармашылық марафоны өтті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тлшісі. Бүгін Түркістан облысындағы Мәдениет үйінде «Jas Túrkіstan-2019» республикалық балалар шығармашылық республикалық марафоны басталды.
16.05.2019
-
Ясауи кесенесіне 600 жылдан асса да қалпын сақтаған – елші
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Майкл Джон Гиффорд келді.
15.05.2019
-
Қазақстанда жатыр мойны обырынан жылына 600 әйел көз жұмады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде соңғы үш жылда жатыр мойны обырының көрсеткіші 45,4% жеткен. Қазақстан бойынша 10 мың әйел есепте тұр. Жылына 1200 әйелден жатыр обыры анықталады, оның ішінде 600 әйел осы аурудан көз жұмады.
14.05.2019
-
Ауыл шаруашылығын әртараптандыруда бір жерден екі рет өнім алу дамып келеді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы жылдары облыста аудан шаруалары ауыл шаруашылығы жерлерін әртараптандыру мақсатында мақта егістігінің көлемін едәуір азайтуға күш салып жатыр.
13.05.2019
-
Елордалық оқушылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркі дүниесінің екінші меккесі саналатын Ясауи кесенесіне Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектеп-лицейінің дарынды оқушылары арнайы экскурсиямен келді.
13.05.2019
-
Медициналық сақтандыру тегін көмекке кепілдік береді – сарапшы
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалдары өз жұмысын бастады. Тиімді тұстары пысықталып, қоғамдық маңызға ие болуда. Аталған жүйе денсаулық сақтау саласына бірқатар өзгеріс әкелгені белгілі.
11.05.2019
-
Түркістанда ҚХА-ның XXVII сессиясы талқыланды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында 29 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен ҚХА-ның «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғырту» тақырыбымен өткен XXVII сессиясына Түркістан облысынан барған делегаттармен кездесу болып өтті.
08.05.2019
-
Халық қалаулылары Бәйдібек ауданының жастарымен кездесті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Байділдә Жылқышиев, Мұхтар Ерман және Шавхат Өтемісов іссапармен Түркістан облысының Бәйдібек ауданына барды.
06.05.2019
-
Ұлы жеңістің құрметіне орай ардагерлер арасында жарыс өтті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеуге арналған ардагерлер арасында дойбы, шахмат, бильярдтан жарыс өткізіліп жатыр.
04.05.2019