-
Ертеңгі таңды жаңа президентпен қарсы аламыз – бақылаушы
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 9 маусым күні сайлаудың әділ, өрескел заң бұзушылықтары орын алмасы үшін Түркістан қаласының бақылаушылары сайлауға белсенді қатысуда.
09.06.2019
-
Үш азамат талон алып, өзге қалада дауыс беретін болды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан қалалық жоғары медициналық колледжінің ғимаратында орналасқан №105 сайлау учаскесіне 2838 сайлаушы тіркелген. Қазірге дейін аталған сайлау учаскесінде 300-ден астам дауыс беруші өз таңдауын жасады.
09.06.2019
-
Әзірге ешқандай заңсыздықтар орын алған жоқ – бақылаушы
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық патриоттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан бақылаушы болып тіркелген Серікхан Ателов Түркістан қаласы, №2 жалпы орта білім беру мектебінде орналасқан №881 сайлау учаскесінде әзірге ешқандай заңсыздықтар орын алмағандығын айтты.
09.06.2019
-
Түркістанда жабық сайлау учаскесінде 100 науқас дауыс берді
Түркістан облысы, BAQ. KZ тілшісі. Түркістан қалалық орталық ауруханасында орналасқан №106 жабық сайлау учаскесіне тіркелген 100 науқас бүгін сағат таңғы 11.00-ге дейін дауыстарын беріп шықты. Аталған учаскенің төрайымы Кульжамила Қалдыбаева қазіргі уақытта дауыс нәтижесін санауды күтіп отырғанын жеткізді.
09.06.2019
-
Тіркелген сайлаушылардың тең жартысы дауыс беріп болды – учаске төрағасы
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан қаласы №15 Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында орналасқан №108 сайлау учаскесіне 1906 сайлаушы тіркелген.
09.06.2019
-
Бүгін біз оның тағдырын шешсек, ертең ол біздің тағдырымызды шешеді – сайлаушы
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов Түркістан қаласындағы №133 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.
09.06.2019
-
Өз дауысыммен болашағымды таңдадым – 21 жастағы сайлаушы
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін тарихи сәт 9 маусым күні кезектен тыс Президент сайлауына алғаш рет қатысып отырған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті медицина факультетінің 3-курс студенті Жанерке Азимбай №133 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.
09.06.2019
-
Түркістан облысының әкімі өз таңдауын жасады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев таңғы сағат 9.00-де Түркістан қаласындағы №133 сайлау учаскесіне келіп өзінің таңдауын жасады.
09.06.2019
-
Түркістан қаласында 49 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті сайлауына Түркістан қаласы бойынша 49 учаскелік сайлау комиссиясы мен 2 жабық учаске таңғы сағат 06.00-де өз жұмысын бастап кетті.
09.06.2019
-
Түркістан облысындағы сайлауға 65 шетелдік бақылаушы қатысады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысы бойынша 889 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Бүгінде барлық учаскенің жұмыстары толық аяқталған, сайлауға сақадай сай дайын.
08.06.2019
-
Сарыағаш ауданында 635 гектар жылыжай бар
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданы бойынша 635 гектар жылыжай бар. Тек осы жылыжайдан биыл 53460 тонна көкөніс тапсырылған.
07.06.2019
-
Түркістанда ең ірі жылыжайдың құрылысы салынады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Келес ауданы, Бірлік ауылы округінде ең ірі 500 гектарды құрайтын жылыжайдың құрылысы салынбақ. Құны 1 млрд 100 млн доллар тұратын жоба Қазақстандағы ең үлкен жылыжай болмақ. Жоба кезең-кезеңімен 2025 жылға дейін іске асырылады. Бұл туралы Келес ауданына арнайы ұйымдастырылған пресс-тур барысында белгілі болды.
07.06.2019
-
Төлеби ауданының білім саласындағы тың жобалары нәтижесін беруде
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда Түркістан облысы, Төлеби ауданы бойынша білім беру саласында бірқатар жақсы жаңалықтар көбейген. Шалғайдағы елді мекендердің білім саласына бұдан былай жақсы көрсеткіштермен толыға түседі деп күтілуде. Атап айтқанда, білім бөліміне керекті мектептерден жинақталатын мәліметтерді, есептерді, сауалнамаларды жинақтау автоматтандырылған.
04.06.2019
-
Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
04.06.2019
-
Жетісайдың бақша өнімдері экспортталуда
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан 15 күн бұрын Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округі Жайлаукөл елдімекенінің диқаны Совет Тастанұлы 4 гектар қырыққабат алқабынан 100 тоннадан астам өнім алып, Ресейге жөнелткен болатын. Ал бүгін қарбыздың алғашқы 40 тоннасын Ресейдің Новосібір қаласына жөнелтіп жатқандарына арнайы ұйымдастырылған пресс-тур барысында куә болдық.
02.06.2019
-
Тәуелсіздік алған жылдары 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Деректерге сүйенсек, 1932-33 жылдары 2 млн қазақ аштықтан ажал құшты. Репрессия жылдары 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді.
31.05.2019
-
Музейге келушілер анимациялық фильмдерді де тамашалай алады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құжыра бөлмесінде «Қазақфильм» және «Оңтүстікфильм» киностудиялары түсірген деректі және анимациялық фильмдер зияратшылар мен туристерге тұрақты түрде көрсетіліп келеді.
30.05.2019
-
Түркістанның түркі әлеміндегі орнын ғылыми тұрғыдан таразылайтын конференция өтті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайында «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
29.05.2019
-
Түркістанда мектеп туризмін дамыту қолға алынбақ
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласында өтіп жатқан «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты халықаралық конференциясы барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің мектеп туризмін дамытуды қолға алғаны белгілі болды.
29.05.2019
-
Түркістандықтар Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің 95 жылдығын атап өтті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында ассамблея жанындағы «Айбын» әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің туылғанына 95 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.
29.05.2019