-
Мемлекеттік тапсырыс бөлуде біраз түйткіл бар – Ғалымжан Елшібай
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ғалымжан Елшібай ұзақ жылдар бойы "Жас Алаш" газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. Бүгінде республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі. Сонымен қатар, ҚР Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы. Оның айтуынша, құстың қос қанаты сияқты тілші болу әрі журналистердің төрағасы болу екеуі бөле жармайтын тірлік.
29.06.2020
-
Абай Балажан: Газет – ақпарат құралы емес
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қаламы қарымды, сөзі өткір журналистер қоғамда болып жатқан оқиғаларды бей-жай қала алмастан жазып жатады. Оқиғаны билікке, жауапты адамдарға жеткізгісі келеді. Туындаған мәселенің шешілуіне атсалысады. Журналистің билік пен халық арасындағы көпір екенін осыдан-ақ байқауға болады. Қоғамның ауыр жүгін арқаласуға мінез де, сауат та, білім де қажет. Қалам ұстаған әрбір сөз сардарының бойынан осы қасиеттер табылған кезде ғана халық та құрметтей түспек. Біз бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің төл мерекесі қарсаңында саналы ғұмырын журналистикаға арнаған, рухани өңірдің бірінші басылымы "Оңтүстік Қазақстан" газетінің бас редакторы Абай Балажанмен сұхбаттасқан болатынбыз.
27.06.2020
-
Кешегі және бүгінгі Арыс
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласы. Таңғы мезгіл. Күн төбеден шақырайып тұр. Ауа температурасы +35°C! Қалада көліктер әрлі-берлі дамылсыз ағылуда. Тұрғындар алаңсыз тіршіліктерін кешіп жатыр. Бұл – бүгінгі Арыс.
24.06.2020
-
Тәртіпті бұзбау, ол заңнан қорқу емес, әр адамның адамгершілік қасиеті – полицей
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың екінші ақпанында Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы Марат Нұрымбетов суға батып бара жатқан 12 жасар баланы құтқарып қалған болатын. Осыған орай полиция капитанына биыл өзінің кәсіби төл мерекесінде "Ерлігі үшін" медалі берілгелі жатыр. Ерліктің үлкен, кішісі болмайды. Бастысы, полиция адам өмірін сақтап қалды.
23.06.2020
-
Елдос Сұлтанов: Хирургтің міндеті – науқасқа дер кезінде көмек көрсетіп, аяққа тұрғызу
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Медицинаның өзі сан салаға бөлінеді. Соның ішінде хирургия ең күрделісі. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Елдос Сұлтанов қазіргі жас мамандардың хирургия саласына көптеп келе бермейтіндігін, одан гөрі бір бағытқа ыңғайланатын бейінді маман болуды таңдайтынын айтты. 23 жыл осы саланың қиын да күрделі жолынан сүрінбей келе жатқан жоғары санатты дәрігер-хирургпен кәсіби мереке қарсаңында сөйлескен болатынбыз.
22.06.2020
-
Елімізде трансформаторға қажетті заттарды өндіретін кәсіпорындар сұранысқа ие
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кентау қаласында орналасқан "МоноЭлеТех" ЖШС алты жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын. Ол "Кентау трансформатор зауыты" АҚ-ның қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін құрылған.
20.06.2020
-
Түркістанда есірткімен байланысты 174 дерек анықталды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде өңірде шамамен 400-ден астам нашақор есепте тұрады. Ал жыл басынан бері бес айда есірткінің заңсыз айналымына қатысты 174 есірткімен байланысты дерек анықталды.
18.06.2020
-
Кентау трансформатор зауыты дайын өнімдерді 14 елге экспорттайды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жалпы, индустриализация экономиканың өсіміне, әлеуметтік пакеттерге, өмір сапасы мен ұлттың әл-ауқатының арта түсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, аудандар мен моноқалалардың ұлғаюына да оң әсерін тигізеді.
16.06.2020
-
Сығанақта аспан асты музейі ашылады
Себебі, Сығанақ қаласына 2020 жылғы жаңа археологиялық қазба экспедициясы басталды.
12.06.2020
-
Абай-175: Абай үйірмесі әр мектепте болуы тиіс – директор
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласында И.Журба атындағы орта білім беретін мектепте арнайы "Абай бұрышы" ашылған.
07.06.2020
-
Түркістанда рәміздер мерекесі онлайн форматта өткізілді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер мерекесін онлайн форматта атап өтті.
04.06.2020
-
Грантқа түсу мүмкіндігін мобильді қосымша арқылы білуге болады – жоба жетекшісі
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Түркістан облысы бойынша 11 сыныпты 24658 оқушы бітірді. Аймақта тестілеуге 24658 бітірушінің 18634-і өтініш берді. Бұл жалпы түлектердің 75,5 пайызын құрайды.
03.06.2020
-
Вакцинаны діни наным-сеніммен шатастыруға не оған телуге болмайды – имам
Түркістан облысы BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Түркістан облысы бойынша 748 мешіт бар. Елімізде әрбір бесінші бала дүниеге келетін халық саны тығыз орналасқан аймақ. Тұрғындардың болмысына қарап 80 пайыздан астамын мұсылман деуге болады. Осындай халық саны тығыз аймақта дін саласындағы мемлекеттік саясат қалай жүзеге асырылып жатыр? Жалпы, облыстағы діни ахуал туралы Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді баяндап берді.
26.05.2020
-
Ғани Назарбек: 10-15 жылда қызғалдақтар мұнаймен бірдей пайда алып келеді
Демалу мәдениеті деген нәрсені әлі қалыптастырған жоқпыз
22.05.2020
-
Төлебидегі селден 71 адам қауіпсіз жерге көшірілген
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Түркістан облысы, Төлеби ауданында толассыз жауған нөсердің әсерінен Сұлтан Рабат пен Елтай ауылын селдің суы алып кетті.
15.05.2020
-
Мақтаарал: ҚХА ұйымдастырған 180 тонна қайырымдылық керуені келді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мақтаарал ауданына Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған 20 жүк көлігіне артылған гуманитарлық көмек келіп жетті. Оның ішінде Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған 8 жүк көлігіне тиелген 98 тонна азық-түлік, құрылыс материалдары, киім-кешек және басқа да тұрмыстық заттар бар.
13.05.2020
-
Балаларымыз Фарабиді өзге елдегі құрдастарына насихаттайтын деңгейде болуы керек – ғалым
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл әл-Фарабидің 1150 жылдығы республика көлемінде атап өтіліп жатыр. Ғұламаның еңбектерін насихаттауға мемлекет те терең ден қойды. Өз кезегінде Фарабидің еңбектерін рухани жаңғыртуға еліміздің бүгінгі ғалымдары да барынша атсалысуда.
11.05.2020
-
Жеңіс - 75: Түркістаннан 18 547 азамат соғысқа аттанған
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мейрамына орай "Мәңгілік даңқ" атты онлайн іс-шарасы ұйымдастырылды. Онлайн шараны Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ президенті Болатбек Абдрасилов сөз сөйлеп ашты.
09.05.2020
-
Су тасқыны. Фирдоуси ауылындағы су деңгейі төмендеді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Мақтаарал ауданындағы су басқан елді мекендерден 34 мың текше метр су сыртқа шығарылды. Нәтижесінде Фирдоуси ауылындағы су деңгейі айтарлықтай төмендеген.
08.05.2020
-
Мақтаарал: 500 жаңа тұрғын үйдің құрылысы келесі аптадан басталады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бірінші мамыр күні Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасындағы бөгеттердің бірі жарылып, айналасындағы елді мекендерді су басты. Салдарынан су қоймасына жақын орналасқан Қазақстан жеріндегі Мақтаарал ауданындағы бірнеше елді мекен зардап шекті. Тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді, тасқын судың бетін қайтарып, тосқауыл қоюға Төтенше жағдайдың қызметкерлері мен түрлі техникалар, медицина қызметкерлері тартылды. Болған апаттан адам шығыны болған жоқ. Дегенмен, қаншама адамдардың шаңырағы опырылып, ортасына түсті. Дүние-мүлкі, үміті, арманы, жоспарлары су астында қалды.
07.05.2020