-
Гүлмира Қыпшақбаева: Вакцина егу нәтижесінде көптеген жұқпалы аурулар жойылды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір ресми және ресми емес БАҚ болсын, әлеуметтік желілерде болсын жұртшылықтың вакцина алуға деген көзқарасы екіге жарылып, жалған вакцинация сертификатын жасатқаны жайлы ақпараттардан көз сүрінеді. Демек, бұл орайда халық арасында әлі де вакцинаның тиімділігі жайлы үгіт-насихат жұмыстары тереңінен жүргізілуді қажет етеді. Түркістан облысы, Кентау қаласында коронавирус індетіне қарсы күрес қалай жүргізіліп жатыр?
19.07.2021
-
Ауыл әкімін сайлау. Үміткерлер арасында әйелдер де бар
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл әкімдерін сайлауға деген дайындық Түркістан облысында қызу жүргізілуде. Өңірдің 16 ауданындағы 181 ауыл округінде 60 сайлау округі құрылды. Жалпы, округтегі 242 сайлау учаскесінде өтетін ауыл округтері әкімдерін сайлау биыл жаңа форматта өткізіліп, тікелей дауыс беру арқылы сайланады.
09.07.2021
-
Абзал Салықбаев: Әкімді тек мемлекет емес, саяси партиялар да бақылауға алады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Өзіміз дауыс беріп таңдаған әкіміміз» дейтін күн алыс емес. 25 шілде күні еліміздің бірқатар өңірлерінде ауыл әкімдерін сайлау өтеді. Ауыл әкімдерінің өкілеттік мерзімі бұрынғыдай төрт жылға сайланады.
02.07.2021
-
Түркістан облысында ауыл әкімі болуға 50 үміткер өзін-өзі ұсынды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл республиканың біраз аймақтарында 25 шілде күні ауыл әкімдерін сайлау додасы өтеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен сәйкес келіп отырған саяси науқанға Түркістан жұртшылығы әлден-ақ қызу кірісіп кеткен сыңайлы.
01.07.2021
-
Полиция – елге жақсы қасиеттерімен есте қалуы керек
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 23 маусым – қазақ полицейлерінің кәсіби мерекесі. Жалпы өмірде кім қай салаға бейім, сол мамандықты таңдайтыны сөзсіз. Тіпті кейде бір әулеттен бірнеше адам бірдей мамандықты таңдап жатады. Бұған әрине өз ісіне берілген, өз міндетін сүйіп атқаратын, жауапкершілікпен қарайтын әу бастағы адам себепкер болады. Соны көріп өскен өзгелері де сол сияқты болуға ұмтылады.
23.06.2021
-
Болон QS-2022 үздік әлем университеттерінің рейтингінде 14 қазақстандық жоғары оқу орны бар
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Орталық Азия жоғары білім кеңістігі: өңірлік ынтымақтастық, өңірлік реформалар» атты Орталық Азия елдеріндегі Білім министрлерінің конференциясында белгілі болды.
18.06.2021
-
Сыр бойындағы бұғылар мен қырғауылы бар табиғи парк
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Оңтүстік өңірінде мемлекеттің қарамағына алынған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көп. Соның бірі – Cырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі. Парк 2012 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметовтің қаулысымен құрылған. Осылайша Арыс, Боралдай, Түркістан аумағында орман және жануарлар дүниесін қорғайтын парк дүниеге келді. Мақсатымыз – осы табиғи саябақтың қазіргі тыныс-тіршілігін оқырманға кеңінен таныстыру.
16.06.2021
-
Түркістан: Жаңа заңға сай 59 ауыл әкімі сайланады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан халық саны мен бала туу көрсеткіші жағынан алда келе жатқан өңірлердің бірі. Тұрғындарының көптігіне қарай жергілікті аймақтарда 200-ге жуық ауыл округі бар. Яғни бүгінгі таңда нақтырақ айтсақ оңтүстік аймақта 181 ауыл әкімі бар деген сөз.
09.06.2021
-
Түркістанда «Рухани жаңғыру» Жол картасына негізделеді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан үш жыл бұрын Түркістан облысы өз алдына аймақ болып бөлініп шықты. Үш жылда киелі өңір тек қана экономикалық жағынан қарқын алып қоймай, рухани мәдениетін де көш ілгері сүйретіп келеді.
25.05.2021
-
Түркістанда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өткізілді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан облысының Жетісай ауданы мен Кентау қаласында «Киелі табиғат» экологиялық айлық шеңберінде «Таза парктер» акциясы өткізілді. Айта кетейік, қоршаған ортаны қорғауға арналған акция 24 сәуірден басталып, 25 мамырға дейін жалғасын табады.
15.05.2021
-
Түркістанда отбасылық зорлық-зомбылық азайған
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ десек те, жыл сайын құқық қорғау органдарына араша сұрап келетіндердің қатары азаймай тұр. Дегенмен, 2021 жылдың 3 айында тұрмыста жасалған құқық бұзушылықтар бойынша азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдар 76 пайызға төмендеген. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Жанар Қалабаева мәлімдеді.
11.05.2021
-
Түркістанда 28 соғыс ардагеріне арналған билбордтар жасалды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда оңтүстік өңірінде небары көзі тірі 28 Ұлы Отан соғысының ардагері қалды. Уақыт өткен сайын қатары сиреп жатқан ардақты майдангерлерге қандай сый-сыяпат жасап, марапатқа бөлесе де лайықты. Сондықтан да оларға арнап облыста жер-жерде Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай билбордтар жасақталып, ілінуде.
07.05.2021
-
Жанат Шардарбекова: Оқырманды жоғалтып аламыз деген уайым жоқ
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Пандемияның салдарынан әлем жұртшылығы онлайн форматқа көшіп, қажетті деген оқулықтардың бәрі электронды түрге ауысып жатқан кезде кәдімгі сарғайған кітаптар мен жаңадан шығып жатқан көркем әдебиетті оқитын жасы үлкен-кіші буын бар ма? Олардың бүгінгі халі нешік? Оңтүстікте қанша оқырман, қанша кітапхана бар? Оның ішінде балалар шығармашылығы қалай насихатталуда? Аға буын немесе жастардың арасынан болсын балалар жазушысы шыға ма? Осы тақырыпта Түркістан облыстық мәдениет басқармасының «Тарихи құндылықтарды сақтау» бөлімінің басшысы Жанат Шардарбековамен сөйлесіп көрген едік.
23.04.2021
-
Майнюра Мурзамадиева: Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жуырда киелі өңірдің орталығы Түркістан қаласында Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті болып өтті. Онлайн форматта өткізілген кездесу барысында түркі әлемі үшін маңызды әрі ауқымды мәселелер талқыланды.
10.04.2021
-
Түркістан қалалық емханасында 2050 екпе жасалды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан қаласында екпе егетін пункттердің саны қазіргі таңда 10-ға жеткізілді. Сонымен қатар, бүгінге дейін Түркістан қалалық емханасында 2050 доза вакцина салынды. Бұл туралы аталған емхананың бас дәрігерінің орынбасары Серік Әбдіқұлов мәлімдеді.
10.04.2021
-
Түркістандағы медицина факультеті ковидпен күресуге атсалысуда
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысында медициналық білімді жаңғыртуда көптеген іс-шара атқарылып жатыр. Өңірдегі жоғары оқу орындары денсаулық саласының болашақ мамандарын даярлап қана қоймай, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыруға киелі қаладағы студент жастардың құлшынысын да арттыруға ден қоюда. Бүкіл әлем коронавирус індетімен күресіп жатқан кезеңде болашақ ақ халаттылардың қалай үлес қосып жатқандығына аз-кем шолу жасасақ.
02.04.2021
-
Түркістан: ағын су мәселесі
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 19 маусымда киелі Түркістан қаласына үш жыл толады. Бүгінде қала адам танымастай кейіпке еніп, жаңаша шығыс стилімен қарқынды дамып келеді. Осы ретте біз жаңа әрі көне қаланың экологиялық мәселесіне қатысты яғни ағын сумен қамтамасыз ету жағы қалай жүріп жатқаны жайында аз-маз шолу жасамақпыз.
31.03.2021
-
Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан үш жыл бұрын 2018 жылдың 19 маусымында Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев тарихи құжатқа қол қойды. Дүниеге жаңа Түркістан деген облыс келді. Ал Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Айналасы үш жыл ішінде киелі шаһар айтарлықтай өзгерді, жаңаша түледі.
30.03.2021
-
Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде киелі өңірдегі қай ірі сауда орындары мен жай дүкендерге болмасын бас сұқсаңыз сөрелерден «Бөрте милка» ЖШС-нің сүт өнімдерін кездестіресіз. Халық арасында бұл кәсіпорынның өнімдеріне сұраныс өте жоғары. Себебі, әрбір өнімдерін жоғары талаппен шығарады, халыққа сапалы дүние ұсынады. Атап айтқанда сүт, айран, қаймақ, балмұздақ, тіпті құртына дейін жергілікті тұрғындар үздіксіз тұтынып, сүйсіне жейтіні жасырын емес.
27.03.2021
-
#Тәуелсіздік30: «Әр үйден бір ағаш» челленджі
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде өңірдегі мектептерде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтіп жатыр. Сондай мерекелік іс-шаралардың бірі облысымыздағы Махамбет Өтемісұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектепте қатарынан бірнешеуі болып өтті.
19.03.2021