-
Қызылордада полиция ғимаратына шабуыл жасаған 3 адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
16.05.2022
-
Елорданың жасыл белдеуіне 450 мыңнан астам көшет егіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл қаланың жасыл белдеуі тағы 451 518 көшетпен көгалдандырылады. Олардың арасында қайың, қарағай, үйеңкі, қарақат және алма ағаштары бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
16.05.2022
-
Шымкентте Ассамблея мүшелері референдумның маңызына арналған жұмыс жиынын өткізді
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Конституция реформасы бойынша республикалық референдумның маңызын талқылады. Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада өткен жұмыс жиынында Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Артықбай Базарбайұлы Үсембай, қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Қаймаханұлы Асанов, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық өкілдігінің жетекшісі Нұрболат Мейірбеков сөз сөйледі.
12.05.2022
-
Сатқанбаев: Референдум - халыққа Жаңа Қазақстанды құру мүмкіндігін береді
Шымкент, BAQ. KZ тілшісі. Шымкентте Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумды қолдау бойынша қоғамдық штаб құрылды.
07.05.2022
-
Шымкентте Отан қорғаушылар күніне әскери қызметкерлерді марапаттады
Шымкент, BAQ. KZ тілшісі. Шымкентте 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және Қарулы күштердің құрылғанына 30 жыл толуына орай мерекелік салтанатты іс-шара өтті.
06.05.2022
-
Шымкентте 9 мамырда кімдерге бір реттік әлеуметтік төлем беріледі?
Шымкент қаласы, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан 7 ардагер бар.
05.05.2022
-
Баланың қоғамдағы жүріс-тұрысы үйдегі тәрбиеден басталады – прокурор
Шымкент, BAQ. KZ тілшісі. Шымкент қаласындағы құқықтық қамтамасыз ету, заң бұзушылықтың алдын алу бойынша ақпарат беруді жалғастырамыз. Бүгінгі сұхбатымызда Шымкент қаласы Еңбекші ауданының прокуроры Талғат Мықтыбек жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылық және оның алдын алу барысы туралы айтып берді.
30.04.2022
-
Шымкентте реновация бағдарламасы қалай жүзеге асады?
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкенттің тұрғын үй қорын жаңарту-жақсарту, тозығы жеткен үйлерді сүріп, орнына жаңа үй салу үшін реновация бағдарламасы жүзеге асады.
29.04.2022
-
«Ұлытауға бардың ба...?»: Қазақстанды жаяу аралап жүрген Ulytaumen — Сәрсенбай Қотырашов Шымкентке аялдады
Шымкент қаласы, BAQ. KZ тілшісі. Үлкен жолдың жиегінде ULYTAUMEN деген жазуы бар футболка киіп, арбасын итеріп бара жатқан қарт кісіні көре қалсаңыз, бір сәт аялдап, фотоға түсіп, әңгімелесе қалыңыз.
28.04.2022
-
Интернет-алаяқтардың алдап-арбау тәсілі көп. Қорғанудың амалы қайсы?
Шымкент қаласы, BAQ. KZ тілшісі. Шымкент қаласында 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларында барлығы 2371 қылмыстық құқықбұзушылық тіркеліпті. Мұның 940-ы алаяқтық қылмыстар екен. Бүгінде алаяқтардың арбауына түсіп, ақшасы мен мүлкінен айырылып қалу оқиғаларын естіп жатамыз. Мұның алдын алу үшін халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санатын қалыптастыру да маңызды рөлге ие. Осы орайда Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының прокуроры Қантөре Мырзанұлы Хандиллаевпен сұхбаттасып, алаяқтардың жиі пайдаланатын амал-әрекет, бұдан сақтану туралы білдік.
17.04.2022
-
Бұрын жарапазанды қалай айтқан, қазір қалай айтып жүр? Этнограф жауабы
Шымкент, BAQ. KZ тілшісі. Айлардың сұлтаны — Рамазан айы бел ортасынан асты. Осы айда жастар да, балалар да қазақ ұлттық фольклорының бүгінге жеткен өлеңі — жарапазан жырын айтады.
17.04.2022
-
Шымкентте тағы бірнеше жолайрық салу жоспарланған
Шымкент қаласы, BAQ. KZ тілшісі. Республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие Шымкентте қарқынды дамып жатқан саланың бірі — жол құрылысы. Қазір қала жолдарының бірнеше тұсында ірі жобалар орындалып жатыр. Қонаев даңғылы қалай жалғасады? Қалада тағы қанша жолайырық салу жоспарланған? Осы және тағы басқа ұқсас сауалдарға Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Қоқанбаев жауап берді.
17.04.2022
-
Елордада отбасы институты мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және әйелдер қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
01.04.2022
-
Астанада балалар үйінің тәрбиеленушілері кинотеатрға тегін барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Балалар жылын» өткізу туралы бастамасын қолдау мақсатында елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кинотеатрға тегін бару ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
30.03.2022
-
Азаматтық сектор халықты қоғамдық талқылауға тарту бойынша маңызды рөлге ие — Білісбеков
Шымкент қаласы, BAQ. KZ тілшісі. Азаматтық сектор ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттарды қоғамдық талқылауға бұқараны қатыстыра алатын маңызды рөлге ие. Яғни азаматтық сектордың жұмысы қоғамдық пікірді зерделеумен ғана шектелмейді.
20.03.2022
-
Мәслихат пен әкімдік таразының екі басы сияқты болуы керек — Бахадыр Нарымбетов
Шымкент, BAQ. KZ тілшісі. Президент Қазақстан халқына жолдауында жергілікті мәслихат функцияларын кеңейту, деңгейін көтеруге баса мән берді. Мәслихат әкімдікті қадағалап, халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, бюджет қаржысын халықтың мұқтажын орындауға, сол мәселелерді шешуге бағыттауға ақылдасып отырады. Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыздағы Жолдауында айтылған партияларды тіркеу, депутаттар корпусын жасақтау, мәслихат деңгейін көтеру, партиялық мәселе, жаңа облыстар жөнінде пікір білдірді.
17.03.2022
-
Жаңа Қазақстанды жалған ұрансыз құруымыз керек – Айгүл Орынбек
Шымкент, BAQ. KZ тілшісі. Жағымпаздану мен жалған ұраннан халық шаршады. Сондықтан Жаңа Қазақстанды жалған ұрансыз құруымыз керек. Заңгер, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек ҚР президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған ұсыныстар жөнінде пікір білдірді.
16.03.2022
-
Мемлекет барлық БАҚ-қа тең қарауы керек – Иса Омар
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. БАҚ арасында шынайы бәсеке болуы үшін мемлекет барлық БАҚ-қа бірдей қарауы керек. БАҚ-қа деген қамқорлық та, көзқарас та тең болуы қажет.
16.03.2022
-
Газет тарату жүйесін реттеу керек, әйтпесе 2-3 жылда барлық газет жабылады – Бақытжан Әбдіраш
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы басылымдар, яғни газет-журнал өте қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Мемлекет газет тарату жүйесін тезірек реттеуі керек. Шымкенттегі «Рейтинг» газетінің бас редакторы Бақытжан Әбдіраш ҚР Президенті Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында БАҚ туралы айтқан сөзіне осындай пікір білдірді.
16.03.2022
-
Зеленский Ресеймен жүргізілетін ендігі келіссөз қашан болатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Киев Ресей мен Украина арасындағы бітімгершілік келісімге бір-екі апта ішінде қол жеткізілетінін мәлімдеді, ең соңғы мерзім мамыр айы болуы тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.
15.03.2022