-
БҚО-да бір ауыл қатынассыз қалды
Еріген қар суы бүгін кешке жақын Қаратөбе ауданы Ақтайсай ауылына кіреберіс жолды басып қалған. Қазір көлік қозғалысы толық тоқтатылды. BAQ.KZ тілшісіне бұл ақпаратты Қаракөл ауылдық округінің әкімі Эльдар Амантаев растады.
15.03.2025
-
БҚО-да қос өзеннің деңгейі қауіпті межеден асып кетті
Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакировтың айтуынша түнде аудан тұсында Деркөл өзені 559 сантиметрге дейін көтерілген, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
14.03.2025
-
Тұрғындар балшыққа батып, ауылға жете алмай жатыр
Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Қаражар ауылының тұрғындары кіреберіс жолдың соңғы күндері ми батпаққа айналғанын айтады. Соның салдарынан көліктер толарсақтан саз кешіп, қарға адым жер мұң болған.
13.03.2025
-
Жайық өзені жағалаудағы үйлерге қауіп төндіріп тұр
Орал қаласының ескі бөлігі саналатын Курени ауданында Жайық өзені жыл санап жағаны кеміріп, жылжып келеді. Қазір кейбір тұста жардың шетіне бірер метр ғана қалған. Заты жоғалып, аты ғана сақталған Жағалау көшесімен автокөліктер де өте алмайды. Егер жаға бекіту жұмыстарын дереу қолға алмаса, өзеннің арнасы ауысып, бірер жылда тұрғын үйлер суға кетуі мүмкін. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне облытсық табиғи ресурстар басқармасының басшылығы мәлім етті.
13.03.2025
-
Биыл Жайықтың суы былтырғыдан 2 жарым есе аз болмақ
Ал өзеннің деңгейі Орал қаласы тұсында 6 метр жарымнан аспайды. Қауіпті меже 850 см. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапанов BAQ.KZ тілшісіне биылғы болжаммен бөлісті.
12.03.2025
-
Қар шығару қарқын алды
Батыс Қазақстан облысының су басуы ықтимал елді мекендерін қардан тазалауға биыл 1,7 млрд теңге бөлініп, 580 мың текше метр қар арнайы белгіленген орындарға тасымалданған. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
07.03.2025
-
Сайлауға азаматтардың 9% қатысты
Батыс Қазақстан облысында өткен 6 ауыл, 1 кент және 1 қала әкімі сайлауында ең төмен белсенділік Бөрлі ауданы Ақсай қаласында тіркелді. Шағын шаһарда 27923 сайлаушы тіркелсе, соның тек 2517-сі, яғни 9,01% ғана сайлауға қатысқан. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды.
04.03.2025
-
Мемлекеттік гранттар мақсатсыз жұмсалған
БҚО бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне соңғы 5 жылда жасалған талдау қорытындысы осындай. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
04.03.2025
-
Үш бөлмелі пәтерге 16 мың кітап сыйғызған ардагер
Журналистика саласының ардагері, ұзақ жылдар облыстық партия комитетінде, кейін облыстық басылымдарда жемісті еңбек еткен Тихон Әліпқалиевты Орал өңірінде білмейтін жан кемде-кем. Бар ғұмырын жазу-сызуға арнаған қаламгер сексеннің екеуіне келсе де әлі қолынан қаламын тастаған жоқ. Қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерді бұқаралық апарат құралдарына ашық жазып, түрлі жиындарда шенді-шекпенділердің кемшіліктері мен қателіктерін бетіне айтудан ешқашан қаймыққан емес. Бүгінде Ақжайықтың абызына айналған Тихон ағаның тағы бір асыл қасиеті - кітапқұмарлығы. Ол - өңірдегі, бәлки еліміздегі ең бай кітапхана иесі. Әлем классиктерінің туындыларынан бастап ғылыми-танымдық еңбектер ардагер-журналистің үйіндегі үш бөлменің алты қабырғасын жаулап алған. Бар байлығым – кітаптарым деп білетін қазыналы қариямен BAQ.KZ тілшісі тілдесіп қайтқан еді.
03.03.2025