-
Елімізде +20°С-қа дейін жылынып, жауын-шашынның тоқтауы күтілуде
Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Бұл туралы 2024 жылғы 4-6 сәуірге арналған ауа райы болжамында айтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.04.2024
-
Алматының Бостандық ауданында 110-нан астам шам ауыстырылды
Алматыда көше жарығын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, Бостандық ауданының 14 көшесінде 110-нан астам шам ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.04.2024
-
Әбиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингіде алғашқы үштікке енді
Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының үздігі Абиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингте үшінші, әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ҰОК-ға сілтеме жасап.
04.04.2024
-
Павлодар облысында 210 мың гектар жер заңсыз берілген
Павлодар облысында 168 жер учаскесі кіріс органдарына тіркелмей, салдарынан мемлекет бюджетіне 20 млн теңгеден астам салық түспей қалған. Жер қатынастары саласындағы заңбұзушылықтарға қатысы бар 20 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап
04.04.2024
-
СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жасалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.04.2024
-
Астанада Қырғыз киносының күндері басталды
Кеше елордада қырғыз киносы күндерінің ашылу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.04.2024
-
Қызылорда облысынан XVIII-XX ғасырлардағы құнды қолжазбалар мен сирек кітаптар табылды
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Қызылордаға іссапар барысында XVIII-XX ғасырлардағы құнды қолжазбалар мен сирек кітаптарды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.04.2024
-
Қазақстан және Нидерланд СІМ басшылары қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуді талқылады
Нидерланд тарапының бастамасымен Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ханке Бруинс Слотпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Атырауда Құлсарыдағы көпір уақытша жабық
«Достық» ықшам ауданы мен 5 ауылды жалғап тұрған көпірде су ағысының қатты келуіне байланысты қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Шаған өзенінің жағалауын нығайту жұмысы жалғасуда
Шаған өзенінің жағалауын нығайту жұмысы үшін бүгін 17 мың құм толтырылған қапшық дайындалып, саяжайларға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
4 сәуір күні Қытаймен шекарадағы көлік өткізу пункттері жұмыс істемейді
Ертең Қытаймен шекарадағы көлік өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Синоптиктер 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Синоптиктер ертең, 4 сәуірде елдің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Астанада ерекше балаларға арналған қайырымдылық концерт өтті
2 сәуірде Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні өтеді. Осы күнге орай «Астана Опера» театрында "Күн бәріне жарқырайды" қайырымдылық концерті өтті, , деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
03.04.2024
-
3 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстан аумағында жел күшейіп, жауын-шашын түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Оралдағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті
Мамандардың айтуынша, Оралдағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті. Деркөл өзенінің гидробекетінде судың деңгейі 708 сантиметрді құрады. Қауіпті деңгей 600-650 см. Ал, Шаған өзенінің гидробекетінде 1264 см құрады. Сонымен қатар Жайық өзенінің деңгейі бүгінгі күні 583 см-ді құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Бүгін елдің басым бөлігінде ауа сапасы нашарлайды
3 сәуір, сәрсенбі күні 9 қалада метеорологиялық жағдай нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Алматының ветеринарлық қызметінде көлік паркі жаңартылды
Алматыда ветеринарлық көлік паркі 16 жаңа бірлікпен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Шымбұлақта қысқы спорт түрлерінен жарыс өтеді
6-7 сәуір аралығында Алматыдағы Шымбұлақ тау курортының аумағында спорттық-музыкалық фестиваль өтеді. Биыл ұйымдастырушылар шараны екі күндік фестивальге дейін кеңейту туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Енді жұмысқа орналасар кезде әскери билет сұралмайды
Қорғаныс министрлігі ортада азамат пен ол туралы ақпарат болатын жүйені құру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде енді заңды тұлғалар әскери билет талап етпейтін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Қазақстан мен Индонезия СІМ-аралық консультацияларды өткізді
Қазақстан мен Индонезия СІМ-аралық консультацияларды өткізді
Қазақстан мен Индонезияның Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті. Іс-шара шеңберінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық делегацияны бастаған Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Астана Джакартаны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі саяси және экономикалық әріптестердің бірі ретінде қарастырып жатқанын атап өтіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Индонезия Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Абдул Кадир Джайлани екіжақты байланыстардың даму динамикасына оң баға беріп, Қазақстан Индонезияның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі сенімділік білдірді.
Тараптар достық, өзара сыйластық және әріптестік негізінде жан-жақты өзара ықпалдастықты нығайтуға бейілділігін растады. Жоғарғы және аса жоғары деңгейлерде саяси диалогты тұрақта түрде жүргізу қажеттігі аталып өтті.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауданың оң нәтижелері аталып өтті, оның көлемі шамамен 300 млн АҚШ долларына жетті. Өзара тауар айналымының қазіргі деңгейі қолда бар үлкен әлеуетке жауап бермейтінін атап өтіп, дипломаттар жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін барынша күш салуға келісті. Келіссөздер барысында түрлі салалардағы нақты ұсыныстар мен жобалар талқыланды.
Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, мәдениет, білім, ғылым және спорт саласындағы байланыстарды арттыру бойынша ұсыныстармен алмасты.
Сондай-ақ, сұхбаттастар халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ұстанымдары туралы пікір алмасып, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі тығыз өзара іс-қимылға және екі мемлекеттің сыртқы саяси бастамаларына өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады.
03.04.2024