-
Ауыл әкімдерін сайлау: Ақмола облысында 218 үміткер өзін-өзі ұсынды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында 318 адам ауылдық округ әкімдерінің кандидаттарына ұсынылды. Оның 218-і – өзін-өзі ұсынғандар. Жалпы кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Садуов айтып берді.
13.07.2021
-
Ақмола облысында жем-шөп тапшылығының алдын алу бойынша жұмыс күшейтілді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында жем-шөп тапшылығының алдын алуға байланысты төтенше шаралар қолға алынуда. Бұл туралы аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесте мәлім болды.
12.07.2021
-
Оқушылар Көкшетаудағы қазба жұмыстарына қатысып жатыр
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудың іргесіндегі Красный яр ауылы маңындағы Ботай мәдениеті қонысындағы қазба жұмыстарына ғалымдармен бірге ақмолалық оқушылар мен студенттер де қатысуда.
09.07.2021
-
Ақмола облысында 96 әкім сайланады
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов өңірде саяси науқан қарсаңында жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарының барысы туралы айтып берді.
09.07.2021
-
Ақмола облысында вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде бас дәрігердің қаулысына сәйкес вакцина алмаған қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Бұл туралы Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Айнагүл Мусина мәлімдеді.
08.07.2021
-
Ауыл әкімдерінің сайлауы: Халықтың талабы мен әкімнің жауапкершілігі күшейеді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елмен етене араласып, мемлекеттік қызметте еңбек етуі үшін ауыл әкімінде біліммен қатар тәжірибе де болуы қажет. Бұл – Шортанды аудандық мәслихатының депутаты Нұргүл Жұмкейқызының пікірі.
08.07.2021
-
Ақмола облысында 357,5 млн теңгенің жобасы мақұлданды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 357,5 миллион теңгенің жобасы қаржыландырылды. Бұл туралы Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Сергей Кистин мәлімдеді.
07.07.2021
-
Ақмола облысында әлеуметтік дүкендер саны көбейеді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тұрақтандыру қоры жұмысының арқасында азаматтар жаңа өнімді тауар өндірушілерден үстеме бағасыз сатып алуда. Халықтың осындай форматтағы сауда желілеріне қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік дүкендер санын көбейту жоспарланып отыр.
02.07.2021
-
#Тәуелсіздік30: Көкшетауда «Ұлы Дала тарихына тағзым!» атты конференция өтті
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұлы Дала тарихына тағзым!» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
30.06.2021
-
Басты мақсат – субсидия бөлудің ашық жүйесіне қол жеткізу
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Президент тапсырмасы бойынша елімізде агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау ісіне ауқымды талдау жүргізілмек. Ауқымды талдау жүргізуді бастады. Субсидия бөлу қаншалықты айқын әрі ашық бөлінуде? Мемлекет қаржысы қалай игерілуде? Субсидия мен жеңілдіктер қарапайым шаруалар үшін қолжетімді ме? Бұл сұрақтарға «Ақмола адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенова жауап берді.
27.06.2021
-
Көкшетауда вакцина алғандарға ақшалай сыйақы берілуде
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаулық кәсіпорындар тұрғындарды екпе салуға ынталандыру мақсатында вакцина алған қызметкерлеріне ақшалай сыйақы беруде.
25.06.2021
-
Дәрігер: «Көк» мәртебе коронавируспен ауырмайтындығыңызға кепілдік бермейді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында жүз мыңнан астам адам вакцинаның алғашқы дозасын алды, ал 65 мың адам толығымен егілді. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.
25.06.2021
-
Ақмола облысында вакцина алу үшін ынталандыру шаралары басталды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирусқа қарсы вакцинацияны жеделдету үшін жергілікті билік тұрғындарды ынталандыру шараларын бастады.
23.06.2021
-
Ақмола облысында үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешілуде?
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында үш ауысымды оқыту және мектептердегі орын тапшылығы мәселелерін шешу үшін таяудағы бес жыл ішінде 38 мектеп пен қосымша оқу корпустарын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов мәлімдеді.
21.06.2021
-
Вакциналау мәселесінде өзімшілдік танытуға болмайды – дәрігер
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының неврологиялық бөлімінің меңгерушісі Макшарип Мартазанов тұрғындарды вакциналау мәселесінде өзімшіл болмауға шақырады. Дәрігер вакцинаның тиімділігі және екпе алудың не үшін маңызды екендігі туралы айтып берді.
17.06.2021
-
Ақмола облысында 800-ден аса бизнес жоба қолдау тапты
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 800-ден аса жоба қолдау тапты. Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалының директоры Мәди Рымжанов мәлімдеді.
16.06.2021
-
Ақмола облысында шағын және орта бизнесті қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 1,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында мәлім болды.
15.06.2021
-
Депутат: Әкімдерді тікелей сайлау өңірлерде демократияны ілгерілетуге ықпал етеді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Президент бастамасымен елімізде биылғы жылдың екінші жартысында ауыл әкімдері тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Аталған реформа қандай нәтижелерге әкелуі тиіс екендігі туралы Ақмола облысының туристік ассоциациясының төрағасы, облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Сұлтанов айтып берді.
15.06.2021
-
Ақмола облысында дәрігер тапшылығы қалай шешілуде?
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде өзекті мәселелердің қатарында медицина кадрларын тарту, жалақыны арттыру, дәрігерлерге өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау болып отыр. Осы маңызды мәселелерді шешу жолдары Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында талқыланды.
13.06.2021
-
Көкшетаулық еңбек ұжымдары жаппай екпе алуда
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетау қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарының 500-ден астам жұмысшыларына вакцинация жүргізілді. Облыс орталығында халықты вакцинациялау науқаны жалғасуда. Осы мерзім ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 22 мыңнан астам адам егілді, екінші компонентпен 10648 вакцинацияланды.
12.06.2021