-
18 жастағы қыз туған күнінде дауыс берді
Маңғыстау облысы Құрықтағы 145 сайлау учаскесінде 18 жасқа бүгін толып жатқан Ерденбай Ажар Қайратқызы келіп, алғаш рет дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
20.11.2022
-
Асылы Осман әдеттегідей алғашқылардың бірі болып дауыс берді
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Асылы Осман Алматы қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып, елдің тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдауға атсалысты. Ол әрбір сайлауда ертемен келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс береді.
20.11.2022
-
"Мисс Қазақстан-2022" байқауының жеңімпазы анықталды
24 жастағы Томирис Какимова "Мисс Қазақстан-2022" байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.11.2022
-
“Көшпенділер әуені” VI Дәстүрлі әншілердің республикалық байқауы басталды
Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы үлкен концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, “Номад Life өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ, “Хасанғалиев әлемі” мәдениетті қолдау қорының қолдауымен “Көшпенділер әуені” VI Дәстүрлі әншілердің Республикалық байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайд BAQ.KZ тілшісі.
16.11.2022
-
Әлемдік балет өнерінің шебері Рамазан Бапов атындағы балет залы ашылды
Абай атындағы Ұлттық опера жəне балет театрында халық әртісі Рамазан Бапов атындағы балет залы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
16.11.2022
-
KASE: ESG инвестицияларына деген қызығушылық артып келеді
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Қазақстан қаржыгерлерінің X Конгресі шеңберінде "ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы" атты халықаралық конференциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
16.11.2022
-
«ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» халықаралық конференциясы өтті
2022 жылдың 16 қарашасында "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Қазақстан қаржыгерлерінің X Конгресі шеңберінде "ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы" атты халықаралық конференциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
16.11.2022
-
Шертпе күйдің шеберлері арасында республикалық конкурс өтеді
Алматыда 1-3 желтоқсан аралығында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ұйымдастырған шертпе күйдің үздік орындаушыларын анықтайтын ауқымды конкурс өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.11.2022
-
Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауға қатысуына жағдай жасалады
Алматыда сайлау күні сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында сурдоаудармашылар жұмыс істейді және ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған арнайы такси қатынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.11.2022
-
Биыл қандай қазақстандық фильмдер жарық көрді?
Қазақстанда жыл сайын толық метражды фильмдер көптеп шығып жатыр. Саны ғана емес, сапасы да артқан. 2019 жылы кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және отандық киноиндустрияны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылды. Содан бері орталық киножобалар шығаруға конкурстар өткізіп, конкурста жеңіп шыққан жобаларға қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Одан бөлек, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ірі жобалар да қаржыландырылып, көрермен назарына ұсынылып жатыр. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі биыл ұлттық прокатқа шыққан фильмдердің топтамасын оқырман назарына ұсынады.
10.11.2022
-
Халықаралық Орталық Азия елдері театр фестивалінде кімдер үздік атанды?
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жазушы, драматург Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған VІІІ Халықаралық Орталық Азия елдері театр фестивалі өз мәресіне жетті. Бес елдің 11 театр ұжымы бас қосқан фестивальде үздіктер марапатталып, сый-сияпатқа ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.11.2022
-
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы атап өтілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.11.2022
-
«Нәтижеге мұнай мен газ емес, білім экономикасы жеткізеді». Салтанат Тұрсынбекова зияткерлік меншікті қорғау туралы айтты
Алматыда президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.11.2022
-
Әр азамат өз құқығын қорғауы керек – Салтанат Тұрсынбекова
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Алматы қаласындағы сайлаушылармен кездесіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.11.2022
-
Орталық Азия елдерінің VIII халықаралық театр фестивалі басталды
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жазушы-драматург Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған Орталық Азия елдерінің VIII халықаралық театр фестивалі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
02.11.2022
-
Ауыл оқушыларына арналған IQanat Hackathon жобасы басталды
Ақтөбе, Қарағанды, Орал, Семей және Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ауыл оқушыларына арналған IQanat Hackathon жобасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.11.2022
-
Баланы кітапқа баулу үшін ата-ана кітап оқуы керек – KitapFestKids бас үйлестірушiсi
5 қарашада Алматыда Forum сауда ойын-сауық орталығында KitapFestKids кітап фестивалі өтеді. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «BAURZHAN foundation» қоры ұйымдастырып жатқан ауқымды шара алдында BAQ.KZ тілшісі фестивальдің бас үйлестірушiсi Майра Әлжановамен сұхбаттасты.
01.11.2022
-
Қарақат Әбден тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу мәселесін көтерді
Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Есік қаласының сайлаушылармен кездесу өткізді. Сайлауалды жиынға жергілікті тұрғындар, мектеп дейінгі білім беру мекемелерінің мамандары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
01.11.2022
-
Ғалымдар Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновпен кездесті
Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының ғалымдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.10.2022
-
Жаңа Қазақстан. Алматыда халықаралық симпозиум өтіп жатыр
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде "Жаңа Қазақстандағы ғылым, білім және инновациялар бірлігі қағидаттарын қалыптастыру" атты Халықаралық симпозиум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.10.2022