-
Nur Otan-да депутаттардың қызметі туралы интернет-платформа іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясы 1 қыркүйектен бастап алғаш рет ел көлемінде депутаттық корпусты кешенді бағалаудың бірыңғай жүйесін енгізіп отыр. Бұл туралы Nur Otan Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.
09.06.2021
-
Кенесары ханның бас сүйегі елге жеткізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кенесары ханның бас сүйегі Қазақстанға оралатын болды. Бұл туралы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
07.04.2021
-
Дархан Қыдырәлі: «Иасауи шәкіртақысы» – болашақ интеграцияның бекем іргетасы болатын бастама
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның бастамасымен өткен Түркі кеңесінің кезектен тыс бейресми саммиті тарихи жиын болды. Саммитке Еуропадан Мажарстанның және іргедегі жабық ел Түркіменстанның қатысуы басқосудың салмағын арттыра түсті. Бұл ретте жиын тақырыбының Түркістанға арналуы және Қарабақ жеңісінен кейінгі алғашқы келелі кеңес болуы да маңызды.
02.04.2021
-
Дара дауыс. Қазақстандағы контртенор әнші жайлы не білеміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде өзінің айрықша өнерімен әлем жұртын тамсандырып жүрген таланттар аз емес. Сондай дарынды өнерпаздың бірі де бірегейі – Батыржан Смақов. Ол еліміздегі жалғыз контртенор опера әншісі. Дарабоз дирижер. Кәсіби композитор. Дара дауыс иесі. Музыка мамандары мұндай дауыс әлемде сирек кездесетінін айтады.
04.03.2021
-
Еревандағы армян достарынан хат алып тұрған пошташы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен ғасырдың 60-жылдары Торғай жеріне де өзге ұлт өкілдері ағылып келе бастаған-ды. Әрине, жергілікті халық оларды жатырқаған жоқ. Қолындағы барымен бөлісіп, бауырына тартты.
01.03.2021
-
Тіл мен ойды бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды – Ербол Тілешов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы онлайн ойталқы ұйымдастырды.
26.02.2021
-
Пернетақтаны жасауда менің нұсқам негізге алынды – Рымбек Ізғали
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Маминнің басшылығымен өткен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында жетілдірілген жаңа латын әліпбиі нұсқасы таныстырылған болатын.
29.01.2021
-
Алаяқтықты «аса ауыр қылмыстар» санатына қосу қажет – тергеуші
«Жастар арасында бұзақылық, тонау, қарақшылық қылмыстары жиі болып жатады. Десе де бүгінде алаяқтық қылмыстары да көбейіп кетті. Жеңіл жолмен ақша табуға тырысқандардың қаржылық пирамида құрып, сондай-ақ, интернет арқылы алдап-арбау деректері азаймай тұр...»
27.12.2020
-
Жігері жасымаған Жұмагүл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1986 жылдың желтоқсанында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнына есімі қазақ жұртына беймәлім Г.Колбин сайланғаны белгілі. Басшылықтың ауысуы халықтың ашу-ызасын тудырды.
16.12.2020
-
Учаскелік полиция инспекторы күнін белгілеген жөн - Нұрлан Биекенов
Сондай-ақ ол УПИ беделін көтеру аясында Учаскелік полиция инспекторы күнін қарастыруды ұсынады.
29.10.2020
-
Нәзипа Құлжанова. Оның жеке іс қағаздары қайда?
Оның айтуынша, Нәзипаның өмірбаянын жазу барысында үлкен қиыншылық туғызған нәрсе – оның өз қолымен жазылған автобиографиялық, анкеталық деректердің, тұтастай алғанда, жеке іс-қағазының (личное дело – Г. К.) бізге жетпеуі болған. Тіпті 1917 жылға дейінгі мұрағаттар арасынан кездеспесе де, жиырмасыншы жылдардан бергі жерде әлеумет, баспасөз ісіне бел шеше араласқан оның, «Әйел теңдігі» («Қазақстан әйелдері»), «Қызыл Қазақстан» («Ақиқат») журналдарында жауапты қызметтер атқарған жанның құжаттарының бізге жетпегені өкінішті жағдай.
21.10.2020
-
Кие қонған құт мекен
Таяуда бір топ журналист қазақтың қасиет тұтқан, ұлы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларды еске салатын қасиетті мекенге сапарлап барған едік. Жошы ханның және аты аңызға айналған қазақ хандарының бабасы Алашаханның мазарларына тәу етіп, аудан әкімі Берік Әбдіғалиұлымен кездестік.
13.10.2020
-
Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі гиперреалист мүсінші, суретші Айдос Есмағамбетов данышпан Абайдың мүсінін жасап жатыр.
24.09.2020
-
«Биленбеген вальс»: жаныңа жылулық сыйлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Əскери жазушыдан кейін прозаға қалам тербеген тағы бір Бауыржанның жинағымен таныстық. Жуырда. 150 беттік шағын жинаққа қаламгердің бірнеше әңгіме, новелласымен қатар мысалдары да еніпті. Өзіміз ұнатып оқитын жасөспірімдер тақырыбы. Автор кітабына бір әңгімесінің атауын қойған екен – «Биленбеген вальс».
15.09.2020
-
Ұлттық өнерді ұлықтаған ұстаз
Елімізде өнердің бұл түріне қызығатындар аз емес, бірақ Қостанай облысында, дәлірек айтсақ, Тобыл қаласында бұған сұраныс жоқтың қасы көрінеді.
15.09.2020
-
"Жамбыл – адалдық алаңы": аудандар "сервистік әкімдік" форматына көшіп жатыр
Дәрілік заттарды сату ережелерін бұзғаны үшін 4 әкімшілік хаттама толтырылып, 388 920 теңге айыппұл салынды. Ал мемлекеттік тізімде тіркелмеген дәрілік заттарды сату дерегі бойынша 4 әкімшілік хаттама сотқа жолданды.
03.08.2020
-
Полиция полковнигі: Сақшыға қойылатын негізгі талап – халықтың сеніміне ие болу
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін – Қазақстан полициясы күні. Құрылғанына биыл 28 жыл толып отыр. ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Тактикалық арнайы даярлық кафедрасының бастығы Александр Сметановскийдің де ішкі істер органында қызмет істеп келе жатқанына биыл 28 жыл. Осы орайда тәжірибеге бай маманды төл мерекесімен құттықтап, аз-кем әңгімеге тартқан едік.
23.06.2020
-
Қорқор шегетіндер коронавирустан қорықпай ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде COVID-19 індетіне сенбейтіндер, өкінішке қарай, азаймай тұр. Күніне, тіпті санаулы минуттарда коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп жатқаны, сақтық шараларын барынша сақтау қажеттігі қанша ескертіліп жатса да, пандемияға пысқырмайтындар бар.
13.06.2020