-
2026 жылы баспана бағасы тағы шарықтап кетпей ме? Вице-министр түсіндірді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз кездесуінде Baq.kz тілшісінің тұрғын үй бағасына қатысты сұрағына жауап берді. 18.12.2025 -
Ипотека: Биыл мыңдаған адам баспаналы болды Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз кездесуінде әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 18.12.2025 -
Қазақстанда 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз кездесуінде елде тұрғын үй құрылысы жоспардан асыра орындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 18.12.2025 -
Зейнетақы төлемдері қалай есептеледі: БЖЗҚ түсіндірді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысына сәйкес есептейді. Бұл қаулыға сәйкес зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 18.12.2025 -
Жаңа Салық кодексі: Кәсіпкерлерді 2026 жылы қандай өзгерістер күтіп тұр Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жаңа жылдан бастап Қазақстанда үш арнаулы салық режимі (АСР) қолданылады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа қожалықтарына арналған режим. Кәсіпкерлер енді жаңа декларация нысандарын тапсырады, жалдамалы қызметкерлер үшін есептерді береді, сондай-ақ шекті кіріс мөлшері мен салықтық шегерімдерге қатысты жаңа ережелерді сақтауы тиіс. 18.12.2025 -
Депутат: Жалақы екі есе өсті делінген, бірақ айтылған айлық берілді ме? Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысы мен жағдайын жақсарту қажеттігін айтып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
Оқушы білімі vs жасанды интеллект: Балаларды қалай бағалау керек? Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің (AI) қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтіп, білім беру саласында оның әсерін түсіну және қолдану қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
Қазақстанда кімге қысқартылған жұмыс аптасы мен қосымша демалыс беріледі? Қазақстанда мүгедектіктің болуы жұмысқа орналасуға кедергі емес. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
Теміржолдағы адам қазасы: Депутат жүйелі өзгерістерді талап етті Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Қарағанды облысында болған төрт теміржолшының қазасына қатысты пікір білдіріп, бұл оқиғаны “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясындағы басқару жүйесінің терең проблемасымен байланыстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
Аймағамбетов мектеп директорларына жағымды жаңалық айтты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мектептерге жүргізетін тексерістері кезінде айыппұл салу тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
Депутат Өскемендегі автозауыттың өндірістік базасын қайта пайдалануды ұсынды Мәжіліс депутаттары Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады. Онда ұлттық автомобиль өнеркәсібін дамыту мәселелері және Өскемендегі “Азия Авто” зауытының болашағы көтерілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
Жаңа жыл түні салют атуға бола ма? ІІМ түсіндірді Ішкі істер министрлігі Жаңа жыл түні қандай пиротехникалық бұйымдарды қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туындауы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
Шавкат Рахмоновтың әйелі қатысқан жол апаты: Полиция тың дерек айтты UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс соңғы сатыда және жақын арада сотқа жіберіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің вице-министрі Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
Дәрігерлерді қалай қорғаймыз: Аймағамбетов заңды түсіндірді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерін зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған заң жобасы екінші оқылымда қабылданғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, құжат Мемлекет басшысының жазда берген нақты тапсырмасын орындау аясында депутаттардың бастамасымен әзірленген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
Фельдшер Ұлдана Мырзуан өлімі: ІІМ екі қылмыстық іс тергеп жатыр Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанада басына кондиционер құлап, салдарынан қайтыс болған фельдшер ісіне қатысты тергеу барысын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
“Түбі бұл жақсылыққа әкелмейді”. Депутат қазақтың руын кемсітетін фильмдер туралы айтты Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Премьер-министр Олжас Бектеновке ұлттық бірегейлікті дамыту туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
Полиция бөліміндегі қыздың өліміне қатысты жаңа ақпарат айтылды Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Қарағанды қаласындағы полиция пунктінен мәйіті табылған 23 жастағы қыздың өліміне қатысты қозғалған резонансты қылмыстық іс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
Енді Францияда заңсыз жүрген қазақстандықтар санкцияға ілінбей, елге қайта алады Мәжілістің жалпы отырысында Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Санжар Әділов Қазақстан мен Франция Үкіметтері арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
Дәрігерді ұрғандар енді қатаң жазаланады: Заң қабылдады Мәжіліс Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 17.12.2025 -
Тыныштықты бұзған көршілерге қандай айыппұл салынады? Кіреберістегі қоқыс, түнгі шу, темекі түтіні немесе дәлізге қойылған арба – көпқабатты үй тұрғындары күнде кездесетін келеңсіздіктер. Алайда мұндай әрекеттердің барлығы заңмен реттеледі және айыппұл салуға негіз болады. Көршіңіз тәртіп бұзса, қайда жүгінуге болады және қандай жауапкершілік қарастырылған? Толығырақ BAQ.KZ тілшісінің шолуында. 17.12.2025