-
Астаналық оқушылар сабағын онлайн жалғастырады Астана қаласында екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 16.01.2026 -
Мобильді аударымдар: Банктер салық органдарына қазақстандықтар туралы есеп бере бастайды Сәуір айынан бастап екінші деңгейлі банктер мобильді аударымдар бойынша белгіленген критерийлерге сәйкес мәліметтерді салық органдарына ұсына бастайды. Жаңа тәртіпке сәйкес, үш ай қатарынан 100-ден астам жіберушіден 1 млн теңгеден көп қаржы түскен азаматтар салықтық бақылауға ілінуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 15.01.2026 -
Заңдар, реформалар мен шешімдер: Бурабайдағы құрылтайдан кейін қандай өзгерістер болды? Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, Үкімет пен мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма жүктеді. Құрылтайдан кейін бұл міндеттердің бір бөлігі бойынша нақты шешімдер қабылданып, іске асырыла бастады. 15.01.2026 -
Халықты көбіне жалақы мен зейнет жасы алаңдатады – депутат Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жыл басында елордалықтармен кездескен. Ол халықты толғандыратын негізгі мәселелерді атады. Депутаттың айтуынша, қай саладағы кездесулер болмасын, жалақы, қымбатшылық, инфляция және салық мәселелері бірінші кезекте көтеріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 15.01.2026 -
Оқушылар үй тапсырмасын ChatGPT-мен істейді: Аймағамбетов жүйені өзгертуді ұсынды Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллектіні (ЖИ) білім беру жүйесіне енгізу мәселесіне қатысты пікір білдіріп, басты қауіп технологияның өзінде емес, оны қолдану саясатының әлсіздігінде екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 15.01.2026 -
Астана мектептері түстен кейін де онлайн оқиды Бүгін елордада екінші маусымда оқитын оқушылар онлайн оқуға ауысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 15.01.2026 -
1,8 млн теңге: Жоғары жалақы беретін қызметтер белгілі болды 2025 жылғы желтоқсанда Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) еңбек нарығындағы теңгерім айтарлықтай өзгерді. Ай қорытындысы бойынша жұмыс берушілер 109,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер небәрі 71,5 мың түйіндеме орналастырған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 15.01.2026 -
Мұғалімдер білім берумен емес, марапат жинаумен жарысып жүр – депутат Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай атақ пен марапатты заңсыз тарату мәселесін көтеріп, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026 -
Мектеп директорларын тағайындауға қатысты өзгеріс болады Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп директорларын тағайындауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілетінін айтты. Оның сөзінше, бұл мәселе қазіргі таңда министрліктің бұйрығы ретінде қабылданбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026 -
2026 жылы кәсіпкерлердің жағдайы қалай болады? Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов 2026 жылы қазақстандық кәсіпкерлер үшін оңай болмайтынын айтты. Оның сөзінше, алдағы жылы бизнеске қатысты өзгерістер өте көп, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026 -
Аймағамбетов өңірлерде көтерілген негізгі мәселелерді атады Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өңірлерді аралау барысында халық қандай мәселелерді жиі көтеретінін айтып берді. Оның сөзінше, депутаттар өңірлерге тек белгілі бір кезеңде ғана емес, үнемі барып тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026 -
Баспана бағасы қашан төмендейді? Дәулет Мұқаев кеңес берді Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев тұрғын үйді сатып алуға ең қолайлы кезең туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026 -
Депутаттар алкоголь сатуға тағы шектеу енгізуді ұсынды Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов алкогольдің салдарынан болып жатқан қоғамдағы проблемаларға назар аударып, Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026 -
КҚК терминалына дрон шабуылы: Айдос Сарым Шевронмен келіссөз жүргізуді ұсынды Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалындағы танкерлерге жасалған дрон шабуылына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026 -
Жалақы, ваучер, мұғалім: Депутат білім саласындағы проблемаларды атады Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова қосымша білім беру жүйесіндегі құрылымдық және бюджеттік проблемаларға назар аударды. Бұл мәселе бүгінгі технологиялық және әлеуметтік өзгерістер кезеңінде тек «қызығушылық клубтары» емес, адам капиталын қалыптастырудың маңызды элементі болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026 -
Қазақстанда құрастырылған көліктер Еуропа нарығына шығуы мүмкін Мәжіліс кулуарында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Қазақстанда өндірілген автокөліктерді шетелге экспорттау жоспары туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, қазір қазақстандық көліктерді Еуропа елдеріне жеткізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026 -
Қазақстанда балалар жаппай ойнап жүрген ойынды бұғаттау ұсынылды Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке Roblox онлайн-платформасының балалар мен жасөспірімдерге ықтимал кері әсеріне қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026 -
"Жүргізуші куәлігі 250 мың теңгеден": Депутат жолдардағы адам өлімі жайлы айтты Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Премьер-министр Олжас Бектеновке жол-көлік оқиғаларының көбеюіне қатысты депутаттық сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, өңірлерге жасалған іссапарлар барысында халық тас жолдардағы апат санының күрт артқанына алаңдап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026 -
ЕАЭО-дан әкетілетін тауарлардың шығу тегін айқындау туралы келісім Мәжілісте қаралды Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков Мәжілістің пленарлы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026 -
Сайлау заңнамасындағы өзгерістерді кім ұсынатыны анықталды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі пленарлық отырыста “Қазақстан Республикасының “Сайлау туралы” конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” конституциялық заң жобасы бойынша Парламент Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026