-
Алматы колледждері биыл бюджеттік орындарға 15 мыңға жуық талапкерді қабылдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы колледждеріне 14 905 бюджеттік орын бөлінді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3500 орынға жоғары. Алматы қалалық білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру басқармасының басшысы Ерік Әбішаев ӨКҚ-да өткен брифингте оқуға қабылдау науқаны жүріп жатқаны туралы айтып берді.
13.07.2022
-
120 каналды жаңғыртуға 221 млрд теңге бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 5 жыл ішінде 8 облыста 120 канал жалпы сомасы 221 млрд теңгеге қайта жаңғыртылады, оның ішінде РБ-дан 188 млрд теңге және бюджеттен тыс 34 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов брифингте айтты.
13.07.2022
-
Түрген шатқалында визит-орталық ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Түрген шатқалында Turgensai визит-орталығы ашылды. Бұл Іле-Алатау ұлттық паркінің картасындағы екінші сапар орталығы.
13.07.2022
-
2030 жылға қарай су тапшылығы артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Су ресурстарының азаюы, халықтың экономика және экологиялық қажеттіліктеріне судың өсуі жағдайында елімізде 2030 жылға қарай су тапшылығы 23 текше км болуы мүмкін. Су ресурстарына қатысты жағдай өңірлерде әртүрлі болғандықтан күрделене түседі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
13.07.2022
-
Қырғызстанда Құрбан айт мерекесіне теракт жасамақ болғандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қырғызстан Арнайы қызметі Бішкекте Құрбан айт мерекесіне әзірленген терактінің алдын алды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
13.07.2022
-
Көлік логистикасын реттей білсек, ол мұнай сияқты табыс әкеледі - сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан аумағы арқылы өтетін жүк транзитіне шетелден сұраныс жоғары. Бұл туралы сарапшы, «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» Халықаралық қауымдастығы» ЗТБ Бас хатшысы Гайдар Әбдікерімов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында айтты.
12.07.2022
-
Ақтауда паром флотын саламыз – Қасым Тілепов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Қасым Тілепов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Ақтау портын дамыту жүргізіліп жатқанын айтты.
12.07.2022
-
Ақтауда отандық сауда кемелерінің саны артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Қасым Тілепов брифинг барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамытуда қандай істер атқарылып жатқанын айтып берді.
12.07.2022
-
Алматыда 2018 жылдан бері студенттерге 19 жатақхана салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда жатақхана салу бойынша бәсекелестік төмен. Бұл туралы «Қаржы Орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Айнұр Сағындықова брифинг барысында айтты.
11.07.2022
-
Тоғжанов "Арт Спорт туралы": Балалардың мүддесі бірінші орында тұруы керек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Ол қаладағы әлеуметтік нысандарды аралап, оған қоса зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
08.07.2022
-
«Ашық үкімет» интернет-порталдары қандай қызмет атқарады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет пен қоғам іс-қимылдарын талдау және бағалау басқармасының басшысы Абылайхан Молдабеков «Ашық үкімет» интернет-порталдарының міндеттерін және қандай қызмет атқаратынын айтып берді.
08.07.2022
-
ТЖД өрттің табиғи ошақтарын ерте анықтау үшін бейнекамераларды пайдаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қасыбаев мәлімдеді.
08.07.2022
-
Алматыда 250 реанимациялық орын дайындалды – Тоғжанов
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыс сапарымен Алматы қаласына келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қаланың ауруханалары мен емханаларының 70-тен астам бас дәрігерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
08.07.2022
-
Киікке қарсылығымыз жоқ, бірақ жерді қоршауға үкімет субсидия берсін - шаруа
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үстіртте киік аз деп отыр, батыстағы жануарды сол жаққа көшірейік. Болмаса зардап шегіп отырған адамдардың шығынын өтеп берсін. Біз мемлекеттен көп қаражат сұрап отырғанымызы жоқ, тым болмаса салықтық жеңілдік берсін немесе өз егістігін қоршау үшін субсидия берсін.
08.07.2022
-
Киіктер шаруаларға қолайсыздық туғызып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Қазақстанда киік санын реттеу қажет пе?» атты жиын өтіп жатыр.
07.07.2022
-
Алматылық эпидемиологтар діни мерекелерде халықты көп жинамауға шақырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде діндарлардың рухани және діни сезімдеріне зор құрметпен қарайтынын, дегенмен санитарлық нормаларды сақтау қажеттігін айтты.
07.07.2022
-
Айт күндері Алматы мешіттерінде балаларға арналған мерекелік шаралар өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби Айт күндері барлық мешітте Балалар жылына орай мерекеліс іс-шаралар ұйымдастырылатынын айтты.
07.07.2022
-
Алматыда биыл да онлайн құрбандық шалу іске асады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн тапсырыс беру үшін qurban2022.kz сайты қайта іске қосылды. Сайт арқылы тапсырыс берген адамдарға құрбандығы шалынғаны туралы видео есеп жолданады.
07.07.2022
-
Қазақстаннан 304 мың долларды заңсыз әкетпек болған шетелдік ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» шекара пунктінде 304 мың АҚШ долларын заңсыз әкетпек болған шетел азаматы ақшаны дөңгелекке жасырған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
05.07.2022
-
Алматы мен Жетісу облыстарында коронавирустың таралуы артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов брифинг барысында айтты.
05.07.2022