-
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Эр-Риядта Қазақстан атынан кімдер бақ сынайды
7-21 қараша аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Ислам ынтымақтастығы ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.11.2025
-
Мемлекет басшысы Нұрлан Артықбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Qazaq Stroy компаниялар тобының құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.11.2025
-
Алматы облысындағы қауіпсіздік Sergek жүйесі арқылы күшейтіледі
Алматы облысында Sergek жобасы іске қосылды. Енді аймақ тұрғындарының тәртібі мен қауіпсіздігін полиция қызметкерлері интеллектуалды жүйенің көмегімен қамтамасыз ететін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.11.2025
-
Қазақстан бойынша 770 мың адамның несиелік мәселесі шешілді
«AMANAT» партиясы азаматтардың әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған сервистік қолдау жүйесін іске қосты. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы, партия төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Онда «Қарызсыз қоғам», «Әкімдер мектебі» және «Ауыл аманаты» жобаларының нәтижелері мен жаңа мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.11.2025
-
Тоқаев Беларусь премьер-министрімен кездесті: өзара сауда 20%-ға артты
Мемлекет басшысы Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
04.11.2025
-
Айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді
Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.11.2025
-
Есірткі таратқан балалар көбейіп барады – ІІМ
"Заң мен тәртіп" қағидасын іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.11.2025
-
Елордада Astana Media Week 2025 өтеді
5-7 қараша күндері Астанада Орталық Азиядағы ең ірі медиа іс-шара «Astana Media Week 2025» өтеді. Биыл «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбы аясында медиа мамандар, халықаралық серіктестер және мемлекеттік ұйымдар жиналып, ой қозғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.11.2025
-
Жамбыл облысында екі жаңа су қоймасы салына бастады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.11.2025
-
Ауа райы суытады: алматылықтар алғашқы қарға дайындалып жатыр
Мегаполистің коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті, себебі қалада алдағы күндері қар мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.11.2025
-
Қазақстанда 4-6 қарашада ауа райы күрт нашарлайды
Ел аумағында алдағы үш күнде (4–6 қараша) ауа райы құбылмалы болып, республиканың басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Жаңа астық экспорты 2 миллион тоннадан асты
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, биылғы қыркүйек-қазан айлары аралығында Қазақстаннан жаңа өнімді астықтың 2 миллион тоннасы экспортталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Алматы облысында «Көшпенділер қаласы» пайда болады
Жоба аясында «Көшпенділер қаласы» кешенін қайта жаңарту, Таңбалы Тас археологиялық ескерткішіне қарай жаяу жүргіншілер үшін көпір салу және заманауи туристік инфрақұрылымы бар демалыс аймағын абаттандыру көзделген. Аталған аумақта глэмпинг аймақтары, демалыс орындары мен қоғамдық тамақтану нысандары салынбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
"Жұмысшы мамандықтар жылы": Абай облысында 20 мың студент техникалық білім алуда
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды
Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық ауылында «Келешек мектебі» ұлттық жобасымен заманауи жаңа мектеп салынды
03.11.2025
-
Қазақстандықтар артық төлемсіз дәрі-дәрмек пен ем ала алады
Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттарды қосылған құн салығынан босату жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, қала Экология және қоршаған орта басқармасы және «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бірлесіп Аюсай шатқалында сенбілік ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Қазақстан шетелдік компаниялармен жаңа жобаларды іске асыруға кіріседі
Қазақстанның ғаламдық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелі (KGIR-2025) аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров шетелдік серіктестермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, олардың барысында Қазақстан мен басқа мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Заңсыз ұтыс ұйымдастырғандар 40 млн теңге айыппұл төледі
Жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025
-
Алматы әуежайының өткізу қабілеті 5 есе артады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Алматы қаласының әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2025