-
Президент сайлауы – 2019. Ел тарихындағы маңызды оқиға
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірқатар республикалық телеарнадан қазақстандықтарға Үндеу жариялады. Мемлекет басшысының бұл үндеуі ел өміріндегі тағы бір айтулы оқиға десем болады, дейді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова.
09.04.2019
-
Назарбаев Атамқұловқа қазіргі кездегі баса мән берілетін мәселелерді түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлады.
09.04.2019
-
Елбасы шешімімен Ақышевтің қызметі ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
09.04.2019
-
Шегірткемен күрес жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сарыағаш ауданында шегіртке зиянкестерімен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысы өтті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты хабарлады.
09.04.2019
-
Ақмола облысында туберкулезді емдеу мерзімі қысқартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда туберкулезді анықтау, алдын алу және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді және бұл кеселді емдеу тегін жүргізіледі. Ақмола облысында туберкулез дертін емдеу үшін екі миллиардтан астам теңге бөлінеді. Облыста туберкулезді емдеу мерзімі 20 айдан 12 айға дейін қысқарды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыруды қоры» Ақмола облыстық филиалы хабарлады.
09.04.2019
-
Түркістанда түркиялық дәрігерлер тұрғындарды емдейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесе ұйымдастырған «Түркия – Қазақстан денсаулық аптасы» басталды. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғарғы оқу орнының президенті, профессор Болатбек Әбдрасілов мәлімдеді.
09.04.2019
-
Алматыда жастарды бопсалап жүрген қаскөйлер ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, Қылмыс Алматы қаласының Түрксіб ауданында орын алған.
09.04.2019
-
Қордайда ірі көлемде темекі контрабандасы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қордай» шекара отрядының «Қарасу-авто» бөлімшесінде Қырғыз Республикасынан біздің елге «Даф» жүк көлігімен келе жатқан 23 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
09.04.2019
-
Бүкіләлемдік этноспорт форумы өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» ІІ Халықаралық этноспорт форумын өткізеді.
09.04.2019
-
Президент сайлауы – 2019. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеу жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
09.04.2019
-
Шекарашылар Ресейде ұрланған автокөлікті ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл шекара отрядының «Жанажол авто» бөлімшесінде таңғы сағат 4:00 шамасында «Ягуар» автокөлігімен Қазақстанға келе жатқан 23 жастағы ресейлік ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
09.04.2019
-
Қарағандыдағы вольфрам өндірісінде жаңа жұмыс орындары ашылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вольфрам өндірісі өңір тұрғындарына жаңа жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік береді. «Солтүстік Қатпар» ЖШС кәсіпорнында екі мыңға жуық жұмыс орындары ашылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
09.04.2019
-
Түркістан облысында 12 мың гектарға бақша дақылдары егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай ауданында 12 мың гектар жерге бақша дақылдары отырғызылды. Оның 8400 гектарына – қауын, 3600 гектарына – қарбыз егілді. Егістік алқаптарында 15-ке жуық бригада құрылып, 10 мыңға жуық аудан тұрғындары еңбек етуде.
09.04.2019
-
Әлемдік рейтингте Елдос Сметов бесінші орынға жоғарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі, 60 келіде сынға түсетін Елдос Сметов әлемдік рейтингте жоғарылады. Бұл туралы Olympic.kz мәлім етті.
09.04.2019
-
Астана көшелері арнайы сусабынмен жуыла бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап, Нұр-Сұлтан қаласының көшелерін тазалауда жаңа әдіс пайдалануға енгізілген. Бұл туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов өзінің Фэйсбуктегі парақшасында жазды.
09.04.2019
-
Көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аз қамтылған көпбалалы 150 отбасы облыстық бюджет қаражаты мен қайырымдылық қорының көмегі есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
09.04.2019
-
Еліміздегі көктемгі су тасқынының қазіргі жағдайы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Елдегі ағымдағы су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» брифинг өтті.
09.04.2019
-
Президент елдегі саяси партиялардың төрағаларын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі бірқатар саяси партияның төрағаларын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
09.04.2019
-
Көлік полицейлері республика бойынша заңсыз көші-қон мәселелерін қолға алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 9 мен 12 сәуірі аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Заңсыз келуші - 2019» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілмек. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
09.04.2019
-
Үндістан мен Ресейдегі қазақ тілі мұғалімі
Оқушыларының қатарында бала да, қарт та, орыс та, қазақ та бар екен.
09.04.2019