-
Курсанттар кәсіби тәжірибелерін шыңдады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 3-курс курсанттары кәсіби тәжірибеден сәтті өтті. Бұл туралы аталған институттың баспасөз қызметі хабарлады.
04.05.2019
-
Түркістанның сауда орындары қала сыртына көшіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының аумағында жалпы 9 базар, 8 сауда қатары қызмет етуде. Сауда алаңдары мен базарларды және сауда нүктелерін бір жүйеге келтіру мақсатында қала сыртынан азық-түлік және тағы басқа тауарларды саудалайтын базарлар үшін 50 гектар жер телімі белгіленген. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі жазды.
04.05.2019
-
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімі артқан
Алматы, BAQ.KZ. Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік зерттеу қорытындысына сай халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенім деңгейі айқындалды. Бұл туралы БЖЗҚ мәлімдеді.
04.05.2019
-
Алматыда жұмыс орнындағы денсаулық мәселесі талқыланды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Саламатты жұмыс орындары» ДДСҰ жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері үшін техникалық консультация жүргізді.
04.05.2019
-
Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабы құрылды
Түркістан облысы, BAQ.KZ. Бүгін 4 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабы құрылды. Облыстық қоғамдық штабты бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған Ұласбек Сәдібеков басқарады.
04.05.2019
-
Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңілдікпен несиелендіру тұрғын үй алу үшін көпбалалы отбасыларға ұсынылады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты, деп жазады primeminister.kz.
04.05.2019
-
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне баспана бірінші кезекте беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында елімізде көп балалы отбасыларға тұрғын үй беру жұмыстары басталды. Көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі алға қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы primeminister.kz сайтына берген сұхбатында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтып берді.
04.05.2019
-
Бүлдіршіндерді соққыға жыққан тәрбиеші туралы жаңа деректер пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде балабақшада балаларды соққыға жыққан тәрбиеші туралы видео тарап кеткен болатын. Бұл қылмысты қалалық ПД мен Білім беру басқармасы ерекше бақылауға алды.
04.05.2019
-
ҰҚК: Шекарада құны 26 млн теңгеге жуық тауар тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл тауарлардың тәркіленуінің басты себебі – рұқсат қағаздарының және электрондық шот-фактураларының болмауы, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
04.05.2019
-
«Щучинск-Зеренді» автожолын қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылы аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жол жөндеушілер көлік жолының 32,4 шақырымына жоғарғы қабатына ұсақ түйіршікті асфальт-бетон төсеу жұмыстарын жүргізеді.
04.05.2019
-
Балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді соққыға жыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде екі кішкентай бүлдіршінді ұрып жатқан тәрбиешінің видеосы көпшіліктің наразылығын туындатты. Бұл қылмысқа қатысты Алматы қаласының полицейлері түсініктеме берді. Соққыға жығылған баланың анасы өткен түні полицияға арыз жазды, деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
04.05.2019
-
Аграрлық өңір ретінде өз мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз қажет – Өмірзақ Шөкеев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Шардара ауданына барды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
04.05.2019
-
Отандық режиссердің фильмі Лос-Анджелесте өтетін кинофестивальде бақ сынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Эль Фриман» көркем фильмі IFS (IndependentFilmmakers Showcase) Los Angeles Film Festival 2019 кинофестиваліне қатысады. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
04.05.2019
-
Мәжілісмендер Ақсу-Аюлы ауылындағы көпбалалы отбасыларға арналған дүкенге барып көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Майра Айсина мен Мейрам Пішембаев Қарағанды облысы сайлаушыларымен кездесуі барысында «Халыққа көмек» және «Бақытты отбасы» жобасы аясында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға арналған «Бақ» әлеуметтік дүкеніне барды.
04.05.2019
-
Түркістан облысында «Аманат» азаматтық алаңы жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Аманат» азаматтық платформасы Түркістан облыстық өкілдігінің жетекшісі Бектай Орманов сайлау науқаны бойынша мониторинг жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы облыстың өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
04.05.2019
-
Назарбаев ұстанған бағыттың жалғасын табуы маңызды – Қырғызстан СІМ орынбасары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ниязалиев Нуран Садырович Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық туралы пікірін білдірді.
04.05.2019
-
Астаналық шеберлер көне қазақ қолөнерін жандандыруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «I-qazaq» тарих және мәдениет орталығының және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен «Ұмытылған салт-дәстүрлердің өзектілігі мен дамуы» көрмесі өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
04.05.2019
-
Бас прокуратура "Қорғас ісі" бойынша 140 млн теңгені елге қайтарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцарияның Федералды қылмыстық соты Қазақстанның Бас прокуратурасының өтінішхатын қанағаттандырып, «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері заңсыз жолмен алған және кейіннен елден тыс әкеткен 140 млн теңгені қайтарды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
04.05.2019
-
Елорданың кей көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейімбет Майлин көшесінің бір бөлігіндегі қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
03.05.2019
-
Мәжілісмендер Маңғыстау облысында энергия саласын дамытуды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Маңғыстау өңіріне келіп, бірқатар нысандарды аралады. Халық қалаулылары алдымен "МАЭК-Қазатомпром" жұмысшыларымен кездесті.
03.05.2019