-
Алматы-ШҚО автожолын жөндеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Талдықорған қаласынан Өскеменге дейін ұзындығы 313,5 км құрайтын автожолды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бас мердігер CITIC Construction Co, LTD компаниясы.
08.05.2019
-
Ақтөбеде үздік медбике анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні. Ақтөбе медициналық орталығында атаулы мерекеге орай үздік медбике анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
08.05.2019
-
Шекарашылар 10 млн теңгенің тауарын тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
08.05.2019
-
Баландин бастаған қазақстандық жүзушілер АҚШ-та жаттығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай АҚШ-тағы ең танымал бапкерлердің бірі америкалық Дэйв Салоның қоластында жаттығады, деп хабарлайды Olympic.kz.
08.05.2019
-
Павлодарда көптілді балабақша ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардағы №56 балалбақша іске қосылғаннан кейін мұнда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен басқа, ата-аналардың өтініші бойынша қытай, кәріс, француз, түрік немесе жапон тілдері оқытылуы мүмкін. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлады.
08.05.2019
-
Павлодарда 120 бүлдіршін жүгірген спринт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласының № 24 балабақшасында Жеңістің 74 жылдығына арналған мектепке дейінгі балалардың спринті өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
08.05.2019
-
Қызылордада босанған әйел 45 күн комада жатып, қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында босанбақ болып жүрген 35 жастағы әйел ауруханада бір жарым ай бойы ес-түссіз жатып, қайтыс болған. Марқұмның отбасы қайлығы жағдайға дәрігерлерді кінәлауда. Олар әйелді аман алып қала алатынын айтқан. Сорақысы сол, олар әйелдің жатырын кесіп тастап, мұны жасырып келген, деп жазды Almaty tv.
08.05.2019
-
Семейдегі тарихи ескерткіштерді қорғайтын бағдарлама әзірленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар мәдени нысандарды аралады. Бұл туралы Семей ақпараттық орталығы хабарлайды.
08.05.2019
-
Садақ атудан Әлем кубогіндегі отандық мергендердің қазіргі көрсеткіші қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Шанхай қаласында садақ атудан Әлем кубогінің екінші кезеңі жалғасуда. Классикалық түрде садақ ату сынынан соң компаунд бойынша бәсекелер басталды, деп жазады Olympic.kz.
08.05.2019
-
Отандық деректі фильмдер Севастопольдағы кинофестивальге қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Николай Раисовтың «Соғыстың 60 күні» фильмі мен Берік Жахановтың «Ата кәсіп» фильмдері Севастопольдағы XV «Бірге жеңіске жеттік» халықарылық деректі фильмдер және телебағдарламалар кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады.
08.05.2019
-
Бас прокуратураның қазақстандықтарға үндеуі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабының тәртібіне сәйкес үндеу жариялады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.
08.05.2019
-
Елордалық полицейлер көліктерді сатумен айналысқан алаяқты ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері көліктерді сатумен байланысты алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта күдікті 3 алаяқтық фактісін жасағанын мойындады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
08.05.2019
-
Ғалымжан Мелдешов жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
08.05.2019
-
Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастықты нығайтуына жәрдемдесуге дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның жауапкершілік кеңістігінде қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі күш-жігеріне одан әрі жан-жақты жәрдемдесуге дайын.
08.05.2019
-
Италияда жүздеген үй 1 еуродан сатылып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Сицилияның оңтүстігіндегі Иуссомели қаласының жергілікті билігі жүздеген ескі үйді сатылымға шығарды, олардың әрқайсысы 1 еуро тұрады (427 теңге). Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
08.05.2019
-
ШҚО автожолдары Мемлекет басшысының бақылауында болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы жол мәселесі тікелей Мемлекет басшысының бақылауында болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.
08.05.2019
-
Балаларды соққыға жыққан тәрбиешінің ісі немен аяқталғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл оқиға 2 мамыр күні Алматы қаласындағы №37 балабақшада орын алған. Аталған қылмыс бойынша ПД тергеу амалдарын жүргізді, іс сотқа жіберілді. Балаларды жәбірлеген Гүлжан Әкімбаеваға қатысты сот үкімі шықты, деп жазды Almaty.tv.
08.05.2019
-
Баян-Өлгийдегі карантин алынып тасталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолиядағы қазақтар көп тұратын Баян-Өлгий аймағында сәуір айының 30-нан бастап карантин жарияланған болатын.
08.05.2019
-
Джеки Чан жаңа фильмін Қазақстанда түсіруді жоспарлап отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фильмнің продюсері мен Джеки Чан осы айда Нұр-Сұлтанға келеді деп күтілуде. Ал маусым айында команда локацияларды таңдап, қыркүйек-қазан айларында түсіруді бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлады Yunews.kz.
08.05.2019
-
Елордада «Жеңіс ленталары» таратылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отан қорғаушылар күнін мерекелеу аясында елордада «Жеңіс лентасы» патриоттық акциясы өтуде.
08.05.2019