-
«Диқан қазынасы» атты тұңғыш агросалалық фольклорлық жинақ жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің брифинг залында «Диқан қазынасы» атты қазақ халқының диқандық-егіншілік, бағбандық дүниетанымына негізделген тұңғыш агросалалық фольклорлық жинағының тұсаукесер рәсімі болып өтті.
20.06.2019
-
Қазақстан Оңтүстік Кореяның экспорттық бақылау тәжірибесін қабылдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы 19-20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Корея арасындағы экспорттық бақылау мәселелері бойынша семинар өтуде. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
20.06.2019
-
Елордада Әбдіхалықованың төрағалығымен Ұлттық комиссия отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.
20.06.2019
-
Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы Қарағандының орталық саябағында өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған басты шара 20 қыркүйекте Қарағандыда Орталық мәдениет және демалыс саябағының сахнасында өтеді. Бұл туралы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев мәлімдеді.
20.06.2019
-
Арыста алғашқы балық шаруашылығы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың мамыр айында Арыс қаласы, Дермене ауылынан «Дермене Агро Групп» ЖШС директоры, жеке кәсіпкер Дүйсенбі Дінмұхаммед өз қаржысы есебінен үш балық асырау бұғатының (бассейн) құрылысын бастаған болатын. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
20.06.2019
-
Шығыс Қазақстанда колонияларды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында ведомствоаралық кеңес өтіп, онда сотталғандарды колонияларда жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.
20.06.2019
-
Елімізде отбасын қолдау орталықтары ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда отбасын қолдау орталықтары ашылады. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.
20.06.2019
-
Биыл Ақтөбе облысындағы 18 ауылға газ тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы 88,5% газбен қамтылған. Биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
20.06.2019
-
Павлодар облысында дәрі-дәрмек бағаларына мониторинг жүргізіле бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрілік заттардың бағаларын реттеу туралы заң күшіне енгеннен кейін Қазақстанда дәрілер құнын бақылайтын топтар жұмыс істей бастайды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
20.06.2019
-
Тоқаев «Ұлттық ғылыми медицина орталығының» төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысына ғылыми орталықтың қазіргі жұмысы мен алдағы даму жоспарлары, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясындағы медициналық жобалардың жүзеге асырылуы жайлы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
20.06.2019
-
Назарбаев «Үшқоңыр» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы өңірдің барша тұрғындарын «Үшқоңыр» спорт кешенінің ашылуымен құттықтап, бой көтерген нысанның жастарды тәрбиелеу және дене шынықтыру ісіндегі маңызын атап өтті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
20.06.2019
-
Елордалық колледждерде құжат қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының колледждеріне құжат қабылдау басталды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
20.06.2019
-
«Менің елім – Қазақстан» патриоттық әндер фестивалі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония залында «Менің елім – Қазақстан» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы патриоттық әндер фестивалі өтті.
20.06.2019
-
Ақын Қ.Сарин Алаш жұртын көк тудың астына бірігуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақын, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин Қазақ халқын бірлікке шақырды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
20.06.2019
-
Рухани жаңғыру және жастар жылы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының шыққанына 2 жыл толды. Ол 2017 жылы 12 сәуірде отандық басылымдарда жарияланып, қоғамда резонанс тудырған еді. Жоғарғы мінберден бастап, оқу орындарына дейін рухани жаңғырудың қазіргі жай-күйі мен алдағы бағыт-бағдары талқыланды.
20.06.2019
-
Алматыда АЭС салынады деген саяси ойын болуы мүмкін – Бозымбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың xалыққа есеп беру кездесуінде Талдықорған қаласының тұрғыны бейнеконференция арқылы "Алматыда Атом электр стансасы салынады" деген қауесеттің қаншалықты рас екенін сұрады.
20.06.2019
-
Тоқаев Израильдің премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
20.06.2019
-
Құқық қорғау жүйесін реформалау қалай жүзеге асырылуда?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарларыңызға құқық қорғау саласын реформалау барысы қалай жү.ріп жатқаны туралы strategy2050.kz сараптамасын ұсынамыз.
20.06.2019
-
Қарағанды облысының полиция департаментіне 86 көлік табыс етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы полиция департаментінің автопаркі жаңа қызметтік автокөліктермен толықты. Тәртіп сақшыларында заманауи құрылғылармен жабдықталған 86 арнайы көлік пайда болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
20.06.2019
-
Павлодарлық бишілер Грекияда ең үздік атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Rонкурс бағдарламасы «Alexandreio» аймағының ең ірі концерт залында өткен. Ал гала-концерт пен марапаттау рәсімі Жерорта теңізі пальмаларымен қоршаған Лутраки курортының орталық алаңында ұйымдастырылған. Бұл туралы М.Катаев атындағы оқушылар сарайының баспасөз қызметі хабарлады.
20.06.2019