-
Жетісу облысында жер сілкінді
Сейсмологиялык зерттеу институтының сейсмикалық станциялар желісімен 5 ақпанда Астана уақытымен 13 сағат 42 мин жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.02.2026
-
Банктер адамдарға несие беруді азайта бастады
Екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) берген несиелер көлемі 2025 жылы 19,8%-ға өсіп, 24,8 трлн теңгеге жетті. Бұл өсім 2024 жылғы 23,9% көрсеткіштен төмен болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
05.02.2026
-
Газадағы ахуал: Израильдің соңғы шабуылдарынан 21 адам қаза тапты
Израильдің бітім режимін бұза отырып, Газа секторына жасаған соңғы әуе және артиллериялық соққылары салдарынан 21 палестиналық қаза тапты. Бұл туралы Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu сілтеме жасап.
05.02.2026
-
Президент Бас прокурордың орынбасарын тағайындады
Президент Ерлан Өтегеновті жаңа қызметке тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
05.02.2026
-
Жаңа генерация мен инвестициялар еліміздің энергетика жүйесіне өзгерістер әкелуде
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында елімізде электр энергетикасының жүйелі дамуын қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық сенімділіктің жаңа деңгейіне көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.02.2026
-
Сапалы су 514 мың адамға: Су ресурстары министрлігі 53 жобаны аяқтады
Су ресурстары және ирригация министрлігінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен алқа отырысы өтті. Жиында 2025 жылғы жұмыстар қорытындыланып, 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.02.2026
-
Семейде балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі үшін жүйелі шаралар қолға алынды
Семей қаласында өткен «Мен және Заң» форумына облыс әкімі Берік Уәли, облыс прокуроры Ерлан Абаев, Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бейнережимде қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.02.2026
-
Тоқаев: Мақсатымыз – Қазақстан-Пәкістан саудасын 1 миллиард долларға дейін ұлғайту
Исламабадта өткен Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф қатысты. Іс-шара барысында жалпы сомасы 200 миллион долларға жуық 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды. Тараптар екіжақты сауда көлемін алдағы жылдары 1 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздейтін өршіл мақсатты жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.02.2026
-
"Ақжолдықтар" Қазақстандағы конституциялық өзгерістерді ресми түрде қолдады
«Ақ жол» Демократиялық партиясының орталық кеңсесінде партияның Ұлттық кеңесінің Пленумы өтті. Онда қатысушылар Парламенттік фракцияның Жаңа Конституция жобасын қолдау жөніндегі ұсынысын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.02.2026
-
"Халық" партиясы өңірлерде жаңа Конституция жобасын талқылауды жалғастырып жатыр
Қазақстан Халық партиясының өңірлік филиалдары жаңа Конституция жобасын талқылауға белсенді қатысуда. Партия өкілдері конституциялық реформаға арналған кездесулер, пікірталастар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар ұйымдастырып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.02.2026
-
Таза ауа және адам құқықтары: "Жасылдар" партиясы конституциялық реформаны қолдайды
Астана қаласында офлайн және онлайн форматта Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевтың төрағалығымен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген пленарлық отырысы өтті. Іс-шараға партия филиалдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, сарапшыларжәне белгілі қоғам қайраткерлері қатысып, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.02.2026
-
Филиппиннің оңтүстігінде өрттен мыңнан аса үй жанып кетті
Филиппиннің оңтүстігіндегі Тави-Тави аралына қарасты Бонгао ауданында болған өрт салдарынан 1000-нан астам үй жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
04.02.2026
-
Исламабадта әл-Фараби, Сәтпаев, Ясауи орталықтары мен "Достық" спорт кешені ашылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында Исламабадта әл-Фараби, Қаныш Сәтпаев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәдени-білім беру орталықтарының, сондай-ақ «Достық» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04.02.2026
-
Тоқаев: Қазақстан мен Пәкістан ғылым, білім және мәдени байланыстарды жаңа деңгейге көтереді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөздер қорытындысы бойынша ғылым, білім және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04.02.2026
-
Қазақстан мен Пәкістан серіктестігі күшейді: Тауар айналымы 1 млрд долларға жетпек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөздердің қорытындысы бойынша БАҚ алдында мәлімдеме жасады. Президент Пәкістанның қонақжайлығына алғыс айтып, екі ел арасындағы тарихи, мәдени және рухани байланыстардың терең екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04.02.2026
-
Шымкент әкімі суицидтің алдын алуға ерекше назар аударуды тапсырды
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Кеңеске құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.02.2026
-
Жапонияда қаһарлы қыс пен қалың қардан 35 адам қаза тапты
Жапонияда қатаң қыс пен қатты қар жаууына байланысты болған жол-көлік оқиғалары мен түрлі төтенше жағдайлар салдарынан қаза тапқандар саны 35 адамға дейін артты, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
04.02.2026
-
Саудадан цифрландыруға дейін: Қазақстан мен Пәкістан жаңа серіктестік кезеңін бастады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.02.2026
-
Жетісуда "Таза Қазақстан" аясында 12 жасыл аймақ абаттандырылады
Жетісу облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында биыл 12 жасыл аймақты абаттандыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 9 саябақ, 1 сквер және 2 аллея бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.02.2026
-
Қазақстан өңірлері су тасқынына қаншалықты дайын?
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.02.2026