-
Павлодарда 40 мыңнан астам оқушы түрлі шарамен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қазан мен 4 қараша аралығында Павлодар қаласының мектептері мен мектептен тыс мекемелерінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 40 мыңнан астам оқушысы түрлі қызығушылығы бойынша үйірмелер мен клубтарға қатысады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
28.10.2019
-
Колумбияда тікұшақ апатқа ұшырап, 6 әскери қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуе кемесі апатқа ұшыраған кезде бортта экипаждың 6 мүшесі болды: екі офицер және 4 унтер-офицер.
28.10.2019
-
Елордада 9 адамнан туберкулез ауруының алғашқы белгісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйек пен 23 қазан аралығында өткен "STOP туберкулез" атты айлық акциясы қорытындыланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
28.10.2019
-
Алаяқтар параспортшының протезіне жиналған 600 мың теңгені қолды етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Параспортшы Бақтыгүл Әлімбекованың ескі протезі тозып кетіп, қажай бастаған. Қазақстандықтар жаңа протез алып беру мақсатында 600 мың жинап берген. Алайда, алаяқтар оның шотынан ақшаны жымқырып кеткен.
28.10.2019
-
Атырауда әскери қызметші қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда көз жұмған шекарашы сарбаз менингит жұқтырған болуы мүмкін. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, 26 қазан күні әскери бөлімнің фельдшері ауыр жағдайда әскери қызметшіні алып келген. Пациентке "шұғыл формадағы менингококтық жұқпа" деген диагноз қойылды.
28.10.2019
-
Израиль ғалымдары тіршілікке қолайлы планеталарды тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль ғалымдары екі ғаламшарды анықтады. Ең бастысы онда тіршілік пайда болуына жағдай бар, деп хабарлады 24.kz.
28.10.2019
-
Қазақстан мен БАӘ бейбітшілік пен рухани келісім үшін күш біріктіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан және БАӘ өркениетаралық және дінаралық диалогты қамтамасыз ету бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында. Бұл туралы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының баспасөзқызметінен хабарлады.
28.10.2019
-
Бүкіләлемдік әскери ойындарында Қазақстан құрамасы 12-орынды иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласында 109 елдің спортшылары бақ сынаған VІІ Бүкіл әлемдік әскери ойындарында Қазақстан құрамасы 12-орынды иеленді.
28.10.2019
-
Тоқаев киік қырғандарға қатысты: Қаскөйлер қатаң жазалануы тиіс
Сонымен қатар президент мал ұрлығы мен мас күйінде көлік жүргізгендерге қатысты заңды да қатайту керектігін айтты.
27.10.2019
-
Ордабасы ауданының 55 жылдығына орай 20 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Ордабасы ауданының 55 жасқа толуына орай өткен дүбірлі тойға ҚР премьер-минстрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты.
27.10.2019
-
Еліміз Әзербайжанға астық экспортын ұлғайтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Әзербайжанға астық экспортын ұлғайтты. Соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша Әзербайжан елі импорттаған барлық бидай өнімдерінің төрттен бір бөлігі қазақстанның үлесінде. Енді қос ел өзара тауар айналымын бұдан да арттыра түспек.
27.10.2019
-
Ақтөбеде конфедерация-2019 кубогына аймақтық іріктеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қазан "Жекпе – жек" спорт сарайында Ақтөбе конфедерация кубогының іріктеу туры басталды.
27.10.2019
-
Оралда қыз көпірден секіріп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше оқиға бүгін Динамо спорттық базасының жанындағы көпірде болған.
27.10.2019
-
Құсбегілер арасында "Бессайыс" жеңімпазы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында құсбегілер арасында тұңғыш ұйымдастырылған "Бессайыс" турнирі аяқталды.
27.10.2019
-
Дені сау балалармен қатар болу үшін үш есе көп жұмыс істеу қажет – "Бала дауысы" финалисінің анасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Бала дауысы" ұлттық ән байқауының төртінші маусымының финалында екінші орынды иеленген 13 жастағы Альфия Тілекқабылды туыстары мен достары қарсы алды. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
27.10.2019
-
Қанат Ислам 4 раунд сынған қолмен жұдырықтасқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Уолтер Каутондоквамен болған жекпе-жекте 10 раундтың 4-еуінде сынған қолмен жұдырықтасқан. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.
27.10.2019
-
Кәріз тазартуға арналған жаңа қондырғы экологияны жақсартуға септігін тигізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрлан Ноғаев Атырау қаласының сол жақ жағалауында кәріз тазарту жүйесінің құрылысы барысын бір шолып қайтты.
27.10.2019
-
Еліміздің 4 өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай мен Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
27.10.2019
-
Миллиондаған Android қолданушысы 42 вирустанған қосымша жүктеп алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Google Play-де гаджеттерге қауіпті 42 қосымшаны тапты. Бұл туралы Sirnedongube.ru сайты хабарлады.
27.10.2019
-
Ауғанстанда 50 талибтің көзі жойылды
Алматы, BAQ.KZ. Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Фарьяб провинциясында "Талибан" радикалды қозғалысының 53 содырының көзі жойылды. Бұл туралы Khaama Press хабарлады.
27.10.2019