-
2019 жылы елден 45 мыңнан аса адам көшіп кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстанның ішкі көші-қон көрсеткіші 1,1 миллион адам болды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 25,6 пайызға көп, деп хабарлайды Ranking.kz.
12.03.2020
-
Түркістан облысында 12 жаңа мектеп пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жалпы 906 мектеп бар. Оның 900-і - мемлекеттік, алтауы жекеменшік. Биыл қосымша 12 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарланды.
12.03.2020
-
Nur Otan: вокзалдар мен бекеттерде мүгедектердің мұқтаждығы ескерілмеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі вокзалдар мен бекеттерде мүмкіндігі шектеулі жандардың мұқтаждығы ескерілмеген. Бұл туралы "Nur Otan" партиялық бақылау комитетінің отырысында айтылды.
12.03.2020
-
ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. Бұл туралы Женевадағы 11 наурызда өткен брифингте ұйымның Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді.
Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік, - делінген Twitter-дегі ДДҰ-ның Twitter-дегі парақшасында.
Пандемия - бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді.
11 наурыздағы жағдай бойынша жаңа коронавирус COVID-19 жұқтырудың жалпы саны 118 елде 121 564 адамды құрады. 4373 адам қайтыс болды.
12.03.2020
-
"Қазақ аруы - 2020" жеңімпазы – алматылық ару
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жыл сайынғы "Қазақ аруы - 2020" байқауы өтті. Биылғы байқаудың жеңімпазы – алматылық ару Нарқыз Айдарова, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
12.03.2020
-
Қаржы пирамидасының тағы бір басшысы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан полициясының сұратуымен Қырғызстан Республикасында "ЕSTATE Ломбард" ЖШС директоры Әсет Ысқақов ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
11.03.2020
-
Шымкент қаласының үш жылдық бюджеті бекітілді
Оның көлемі 356 млрд теңгені құрады. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік, білім, мәдениет салалары мен коммуналдық мәселелерді шешуге бағытталды.
11.03.2020
-
Сенатор: Алдын алмасақ бүгінгі былық ертең тағы қайталанады
Олардың жазадан құтылуы бізді таңдандырып отыр. Бұл мәселе Парламент Сенатының басты назарында болған, оның үстіне Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның осы істің мән-жайын анықтау туралы тікелей тапсырмасы болды.
11.03.2020
-
Фараби-1150. Қысқы универсиаданың ашылу салтанаты өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған Қазақстанның VIIІ қысқы универсиадасының салтанатты ашылуы өтті.
11.03.2020
-
Қазақстандық журналист "Ерекше артықшылығы бар әйел" атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 4-5 наурызда Халықаралық әйелдер экономикалық форумы (ӘЭФ) аясында танымал қазақстандық журналист және фильм продюсер Ақмарал Баталова "Ерекше артықшылығы бар әйел" номинациясы бойынша марапатқа ұсынылды.
11.03.2020
-
Министрлік ешқандай мәдени-спорттық іс-шараға тыйым салған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ешқандай мәдени-спорттық іс-шараның өтуіне тыйым салған жоқ. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
11.03.2020
-
Елордалық оқушы ерлігі үшін марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Білім басқармасы тұрғын үй ғимаратындағы өрт кезінде адамдарды эвакуациялауда көмек көрсеткен №5 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Николь Савченконы алғыс хатпен марапаттады.
11.03.2020
-
Жазушылар жаңа әліпбиді қолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын графикасына негізделген әліпбиді жетілдіру бойынша тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалында жазушылар мен ғалымдар арасында әліпби талқыдан өтті.
11.03.2020
-
Назарбаев: ЕАЭО-ның келешегі зор деп санаймын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
11.03.2020
-
Коронавирус. СІМ Таиланд бойынша түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Таиланд билігі коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан азаматтарын қабылдамайды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
11.03.2020
-
Коронавирус. Дәрігерлер мен полицейлер оқу-жаттығудан өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер, дәрігерлер мен эпидемиологтар коронавирустың пайда болуы мүмкін жағдайларға дайындық бойынша теориялық және практикалық оқу-жаттығулар өткізді.
11.03.2020
-
Коронавирус. Қазақстанда 4000-ға жуық адам бақылауда тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
11.03.2020
-
ҚР АШМ егіс науқанына дайындық барысы туралы алғашқы кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қостанай облысында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы алғашқы кеңес өткізді.
11.03.2020
-
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
11.03.2020
-
Тоқаев Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін тағы көтерді
Сонымен қатар Берік Уәли Қазақстан Президенті былтырғы қыркүйек айында Бейжіңге жасаған сапарында ҚХР басшылығын Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне гуманизммен қарап, оны Қазақстанға қайтару мәселесіне ықпал етуге шақырғанын атап өтті.
11.03.2020