-
Екібастұзда карантин шаралары күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұз қаласына денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы және басқа қосымша қызметкерлер жұмыс бабымен жіберілді, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
25.04.2020
-
"Өнерлі өрен" онлайн байқауының алғашқы жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Өнерлі өрен" онлайн байқауының алғашқы жеңімпаздары анықталды.
25.04.2020
-
Қазақстанда 16 адам КВИ-дан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Нұр-Сұлтан қаласы - 1, Шымкент қаласы - 1, Шығыс Қазақстан облысы - 1, Қызылорда облысы - 6, Атырау облысы - 7.
25.04.2020
-
Павлодарда вирус жұқтырған 13 жастағы қыз бала тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 жастағы қыз балада тіркелді, деп хабарлайды Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.
25.04.2020
-
Қарағанды облысында вирус жұқтырған 2 адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам анықталды, деп жазды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
25.04.2020
-
Коронавирус: 39 науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 39 жағдай тіркелді, деп хабарланды coronavirus2020.kz сайтында.
25.04.2020
-
Шымкентте 4 науқас коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауығып шыққан азаматтың үшеуі бір отбасының мүшелері, деп хабарлады Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
25.04.2020
-
Солтүстік Қазақстанда қатты жел соғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері екі облыста дауылды ескерту жасады.
25.04.2020
-
Түркістанда 3 айда 15 өрт тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында 2020 жылдың 3 айында жергілікті Орман шаруашылығы жерлерінде 15 өрт оқиғасы тіркелді.
25.04.2020
-
Ғалымдар коронавирустың жаңа белгісін анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық дәрігерлер "коронавирусты саусақтар" деп аталатын COVID-19-дың жаңа белгісін анықтады, деп хабарлады USA Today сайты.
25.04.2020
-
Мамин металлургияны дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
25.04.2020
-
Украинада 100-ден астам науқас өкпе аппаратына қосылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 жұқтырған жүзден астам украиналық науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл туралы korrespondent.net сайты хабарлады.
25.04.2020
-
Қайтыс болған әскери қызметшінің екі баласынан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясынан қайтыс болған әскери қызметшінің екі баласынан COVID-19 анықталды, деп хабарлады Лада.kz сайты.
25.04.2020
-
Елорда дәріханаларына 5 млн бетперде әкелінді – әкімдік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі дәріханаларға қосымша 5 миллион медициналық маска жеткізді. 23 наурыздан бастап қалаға 3 млн 300 мыңнан астам маска әкелінді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
25.04.2020
-
Коронавирус: Арқалықта бір адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының Арқалық қаласында коронавирус індетінен 1937 жылғы зейнеткер қария қайтыс болды, деп хабарлады аумақтық жедел штабы.
25.04.2020
-
Абай-175: Мұғалімдер онлайн семинар өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты "Абайдың рухани-адамгершілік мұрасы білім алушыларға патриоттық және азаматтық тәрбие берудің негізі ретінде" тақырыбында онлайн режимде республикалық семинар-кеңес өткізді.
25.04.2020
-
Мамин елордадағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин биыл Нұр-Сұлтан қаласында пайдалануға беру жоспарланып отырған, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үйлер - "Бағыстан" және "Bazis" тұрғын үй кешендері құрылысын тексерді.
25.04.2020
-
Денсаулық сақтау министрлігі онлайн-хакатон ұйымдастырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру кеңсесінің қолдауымен технологиялар мен өнімдердің онлайн-хакатонын жариялайды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігі Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
25.04.2020
-
Алматыда індет жұқтырғандардың төртеуі бала
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында 25 сәуір күні коронавирус инфекциясын жұқтырудың 793 расталған жағдайы тіркелді.
25.04.2020
-
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынына іздеу салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Асылы Әділханға іздеу салынады, деп жазды astana_volontery.
25.04.2020