-
Қазақстан алюминийі әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады
Зауыт ең жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін жетекші әлемдік өндіруші фирмалардың заманауи жабдықтарымен жабдықталған.
02.07.2020
-
Бірқатар шекара-бекетіндегі жүк тасымалына қатысты шектеу алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы "Көлжат", "Бақты" және "Майқапшағай" өткізу пункттері арқылы жүктердің белгілі бір түрлерін ғана тасымалдау үшін шектеулер алынып тасталды.
02.07.2020
-
5 шілдеден бастап медорталықтар алдын ала жазылу бойынша ғана қабылдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды. Комиссия шешімі туралы ақпаратты инфографика түрінде ұсынамыз.
02.07.2020
-
Тоқаев Путинді құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей Федерациясының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық дауыс берудің нәтижелі өтуімен құттықтады.
02.07.2020
-
Елбасы қатерлі індеттен айықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазылып шықты.
02.07.2020
-
Коронавируспен күрес. Қазақстанның бастамаларын ДДҰ мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А.В. Цой елдегі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
02.07.2020
-
5 шілдеден бастап шектеу қойылатын нысандар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 шілдеден бастап еліміз бойынша қатаң карантиндік шектеу еңгізіледі. 14 күнге жалғасатын шектеу барысында қандай нысандар жұмысын тоқтататынын біле жүріңіздер.
02.07.2020
-
"Қаржы пирамидасы" алаяқтарының бірі ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды алдап, қаржы пирамидасына ақша салдыртқан алаяқты ұстады.
02.07.2020
-
Елімізде індеттен айыққандар саны 14415 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 356 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
02.07.2020
-
Адамдар жұмыс берушінің құрбанына айналмауы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Мемлекеттік комиссия жариялаған қатаң шектеу шараларын толық қолдайтынын айтып, Үндеу жариялады.
02.07.2020
-
5 шілдеден бастап қай салаға шектеу енгізіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміз бойынша 5 шілдеде басталатын күшейтілген карантин кезінде қанай шектеулер қойылғаны туралы біле жүріңіз.
02.07.2020
-
Сұлулық салондары мен спорт залдары жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 шілдеден бастап екі апталық карантин жарияланды. Осы уақыт аралығында біраз мекеменің қызметіне шектеу қойылады.
02.07.2020
-
Карантин кезінде жазғы дәмханалар ашық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 шілдеде басталатын күшейтілген карантин кезінде даладағы жазғы дәмханаларға рұқсат берілді.
02.07.2020
-
Киіз үйдегі "Жолда қабылдау" акциясы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ай сайын өткізілетін "Жолда қабылдау" акциясы жүргізушілерге жол қауіпсіздігін және ережелерді сақтауды түсіндіру жұмыстарымен ғана емес, дәмді қазақы дастарқанмен, рухани мұраларымызды ұлықтау мақсатында көрсетілген мұражай жұмыстарымен және видеофильм көрсетумен ерекшеленді.
02.07.2020
-
"Ақтөбе-Атырау-Астрахань" тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар 160-220 "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жолдың 60 шақырымындағы жұмыстарды жолшылар жоспарға сәйкес орындап жатыр.
02.07.2020
-
Дәріні бақылаусыз қабылдау адам ағзасына теріс әсер етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында 281 дәріхана жұмыс істейді. "Фармаком Импэкс", "Витайм", "Забота Company LTD", "Биосфера" ЖШС ірі дәріханалық желілер, 100-ден астам дәріхана бар.
02.07.2020
-
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.
02.07.2020
-
Біз әлемнің 182 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеубердінің Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күніне орай дипломаттарды құттықтады.
02.07.2020
-
Имамдардың жұмысын күшейте түскен дұрыс – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстағы экстремизм және терроризмге қарсы күрес мәселелері жөнінде мәжіліс өтті.
02.07.2020
-
2 шілде – Қазақстанның дипломатиялық қызметі күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған күн 2009 жылы бекітілді. 1992 жылдың осы күнінде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі туралы", "Қазақстан Республикасының елшілігі туралы" және "ҚР төтенше және өкілетті елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы" ережелерді бекітті.
02.07.2020