-
Елімізде табысын жоғалтқан кинотеатрлар қайта ашылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде кинотеатрлар қайта ашылуы мүмкін. Бірақ, көрермен залын толтырмай, санитарлық талап сақталуы тиіс. Қазір Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл мәселені жан-жақты зерделеп жатыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
30.09.2020
-
Алматыда 82 жастағы мұғалім балаларға YouTube арқылы сабақ беруде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 82 жастағы алматылық Райхан Нұрсейітова YouTube желісінен арна ашып, мектеп оқушыларына орыс тілінен сабақ өткізеді. Қазір оның виртуалды сыныбында 38 оқушы бар. Олардың қатары күн санап артып келеді, деп хабарлады «Хабар 24» арнасы.
30.09.2020
-
БҚО-да қуаңшылық салдарынан мал азығы жетіспей жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының шаруалары малға қысқы азық таппай тарығып отыр. Өйткені биыл жарытып шөп шықпаған. Осыдан болар, бар азықтың бағасы жылдағыдан еселепті. Жауапты мамандар биыл өңірдегі өзен-көлдерге су жеткілікті деңгейде келмеді әрі жарытып жаңбыр да жаумады деп отыр.
30.09.2020
-
Арқалықта қырылған 360 мыңнан астам құстың орны толтырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз жиынында Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішев «Агроинтерқұс» фабрикасындағы құстардың өліміне қатысты сауалға жауап берді.
30.09.2020
-
Журналист Мағауияның мұрасы архивке тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық мұрағатына Қазақстанның құрметті журналисі, "Орталық Қазақстан" газетінің бұрынғы бас редакторы Мағауия Сембайдың жеке мұрағаты тапсырылды.
29.09.2020
-
Биыл 42 мың тонна қант өндіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Алматы облысында 500 мың тонна тәтті түбір жинап, шамамен 42 мың тонна қант өндіру жоспарланған. Жалпы, биыл облыста қант қызылшасының егіс алқабы 2,1 мың гектарға ұлғайтылып, 16,1 мың гектарға жетті.
29.09.2020
-
"Жетісу" "Астанадан" жеңіліп, жарты млн теңге айыппұл төледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік бақылау комитеті премьер-лиганың 11-ші турындағы "Астана" мен "Жетісу" арасындағы матчке қатысты шешім шығарды.
29.09.2020
-
Рудныйды 9 жыл басқарған әкім отставкаға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рудный әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
29.09.2020
-
Қордайдағы жанжалдан кейін ұсталған жеті адам сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы горнизонының әскери сотында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қазақтар мен дүнгендер арасындағы ұлтаралық жанжалдан соң күдікке ілінген 50-ден астам адамның жетеуіне үкім шықты.
29.09.2020
-
Қазақстанның 6 облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 30 қыркүйек күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.
29.09.2020
-
Covid-19. Елордада 170 мобильді бригада дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мобильді бригадалардың жұмысы 5 мың тұрғынға бір бригада есебінен ұйымдастырылады.
29.09.2020
-
Қазақстанның экспорты 27,2%-ға төмендеген
Ол сондай-ақ Қазақстан-АҚШ арасындағы іскерлік кеңестің ашылуы АҚШ Сауда палатасының кеңейтілген платформасы арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік береді.
29.09.2020
-
Гуманитарлық құқық және кибер операцияларды реттеу мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Қарулы қақтығыстар кезінде кибероперацияларды пайдалану: ықтимал адам шығыны және халықаралық құқықтық база» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
29.09.2020
-
Таулы Қарабақ. Халықаралық Түркі академиясы мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының оккупациядағы аудандарында әскери жағдайдың шиеленісуіне байланысты алаңдаушылығын білдірді.
29.09.2020
-
Еуразия ұлттық университетінің мәртебесі ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың 2019-2020 оқу жылындағы есеп беру кездесуі өтті.
29.09.2020
-
Қарағандыда мәдениет саласын дамытудың Жол картасы қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында театр режиссёрлері, сондай-ақ театр және шығармашылық ұжымдардың басшылары мен өңірлер әкімдерінің қатысуымен облыс мәдениетін дамыту бойынша ашық кеңес өтті.
29.09.2020
-
Германиялық компаниялар Қазақстанмен ынтымақтастықтың келешегін зерттеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неміс және қазақстандық кәсіпкерлердің, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен виртуалды байланыс-кооперациялық биржасының кезекті сессиясы өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
29.09.2020
-
Ресей оқушыларды екі аптаға каникулға жібермекші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РФ Денсаулық сақтау министрлігі КВИ науқастарға арналған ауруханалардағы орынның 90% -ы қазірдің өзінде бос емес деп мәлімдеді.
29.09.2020
-
Елордада академик Нұрлан Бәтпеновке арналған конференция өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Травматология және ортопедияның заманауи басым бағыттары» тақырыбында үш күндік ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.
Бұл ісшара Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрлан Жұмағұлұлы Бәтпеновті еске алуға арналған.
29.09.2020
-
Карантинде той ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында мониторинг топтарымен карантин режимін сақтау бойынша тұрақты тексерулер жалғасуда, деп хабарлайды Polisia.kz.
29.09.2020