-
Мадридте Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испания астанасының танымал «Мадрид Казино» ғимаратында (Испанияның саяси және іскери топтарының элиталық клубы) еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» атты конференция өтті.
28.05.2021
-
Елордада тағы бір сауда орталығында коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындары мен қонақтарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялайтын сауда орындарының тізімін қаланың оң жағалауындағы «Евразия» сауда үйі толықтырды. Мұнда азаматтар вакцинаның екі түрін қабылдай алады: ресейлік Спутник-V препараты және қытайлық SinofarmHayat-Vak вакцинасы.
28.05.2021
-
Бүгінде бүкіл әлем ежелгі қаланың қарқынды дамуын бақылап отыр – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістанда өткен «Ұлы Жібек жолы – ұлы мұра» атты гибриттік форматтағы алғашқы туристік форум өтті.
28.05.2021
-
Алматы қаласының бас имамы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Төлеби Оспан Алматы қаласының бас имамы болып тағайындалды.
28.05.2021
-
Әскери техникаға арналған «қызмет көрсету орталығы» іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы қару-жарақ пен әскери-техниканы сақтау және жөндеу базасында жөндеу цехы пайдалануға берілді.
28.05.2021
-
Мамин: ТМД елдерінің Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясын әзірлеу қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Минск қаласына сапары аясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысты, онда пандемиядан кейінгі кезеңде ТМД экономикасын тұрақты дамытудың жаңа күн тәртібін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
28.05.2021
-
Түркістан облысында жылына 150 «ерекше» балаға көмек бере алатын кабинет ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Қарабұлақ ауылында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.
28.05.2021
-
Елордада үлескерлерден ақша алуға құқығы жоқ компаниялардың тізімі жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
28.05.2021
-
Нығматулин: Мәжілістің басты назарында – Мемлекеттік басқаруды реформалау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
28.05.2021
-
Ауыл әкімдерін сайлау: Әйелдер кадрлық резерві жасақталуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Қазақстан әйелдер күштері альянсы» ЗТҰ қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.
28.05.2021
-
#Желмая. Одақ тұсында ең көп «халық жауы» неге қазақтан шықты? Тарихшы ашығын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов.
28.05.2021
-
«Almaty Bala Fest» өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Almaty Bala Fest» балалар фестивалі өтеді. Жобаға Алматы қаласының әкімдігі қолдау білдіріп отыр.
28.05.2021
-
ДДСҰ бас директоры вакцинация бойынша көптеген ел Қазақстанның деңгейіне жетпегенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
28.05.2021
-
Маса келіп, маза кетті. Атыраулық тұрғындар мұңын шақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Масадан мезі болған Атырау жұрты жанайқайын айтты. Жергілікті билік зиянкестерді улауға 126 млн теңге бөлген екен. Бірақ нәтижесі көрінбейді дейді тұрғындар.
28.05.2021
-
Шығыс Қазақстанда өрттен бес жасар бала құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында өрт кезінде 1 бала құтқарылып, 9 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
28.05.2021
-
Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және «Халық санағы-2021» ресми өкілі болып Олжас Сайлаубекұлы тағайындалды.
28.05.2021
-
ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
28.05.2021
-
Түркістан облысының полицейлері жоғалған төрт баланы тауып, ата-анасына тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, тез арада көмек керек екенін айтады. Әйелдің айтуынша, оның 11 жастағы қызы мен 7, 5, 4 жастағы ұл балалары таңертеңгі уақытта үйдің ауласында ойнап жүрген. Біршама уақыттан кейін балалады таба алмай қалады. Анасы өзі ары-бері іздеп, жарты сағаттай уақытын жұмсайды. Іздеуден нәтиже шықпағаннан кейін, полицейлерден жәрдем сұрайды.
28.05.2021
-
Сириядағы сайлауда Башар Асад жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сирияда өткен президент сайлауында 95,1% дауыс жинаған елдің қазіргі президенті Башар Асад жеңіске жетті, деп жазды korrespondent.net.
28.05.2021
-
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 қызмет қолжетімді болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 27 мамыры – Елден тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары енді eGov.kz интернет-порталы арқылы некеге тұруға немесе оны бұзуға, тууды, қайтыс болуды тіркеуге және атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруға құжаттарды тапсыра алады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
28.05.2021