-
Әшімбаев: Аралдың қазіргі ахуалы тұрғындардың өмір сүру сапасына кері әсерін тигізіп отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат cпикері Мәулен Әшімбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесіп, Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
18.05.2021
-
Таңғы астан бас тарту қандай ауруларға әкеп соғатыны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай ғалымдары зерттеу жүргізіп, ашығу бірнеше қауіпті ауруды туындатуы мүмкін деген қорытындыға келген.
18.05.2021
-
ТЖМ вице-министрі Қорғас өзеніндегі сел ұстау бөгетінің құрылыс алаңында болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инженерлік-қорғау құрылыстарын салу Алматы қаласы мен Алматы облысының бірнеше әлеуметтік маңызы бар объектісін қорғайды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
18.05.2021
-
Қырғызстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қырғызстанға 4 500 тоннаға жуық бидай ұны тиелген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жеткізілді.
18.05.2021
-
Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушылар сауықтыру демалысына жіберіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 500 мыңнан астам оқушы 2021 жылы жазғы каникул кезінде сауықтыру демалысына жіберіледі. Бұл туралы министрліктің аппарат жиналысында айтылды.
18.05.2021
-
Антикор Түркістан облысы әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғанына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.
18.05.2021
-
«Atameken CUP» жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті бірлесе ұйымдастырған «Atameken CUP» республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды.
18.05.2021
-
Байден АҚШ-та мақұлданған вакцинаның 20 млн дозасын өзге елдерге жібереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден маусымның соңына дейін өзге елдерге коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде 20 млн дозасын жібереді. Байденнің сөзіне қарағанда, ол жаққа АҚШ-та мақұлданған Pfizer/BioNTech, Moderna және Johnson & Johnson вакциналары жеткізілмек.
18.05.2021
-
Райымқұлова Сүлейменовті құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова танымал ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы Олжас Сүлейменовті 85 жасқа толуымен құттықтады.
18.05.2021
-
5 борышкерден 5 млн-ға жуық теңге өндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алименттік іс, әлеуметтік маңызы бар категорияға жататындықтан жеке сот орындаушылардың басты назарында болады. Сондықтан бұл бағытта жұмыс тынымсыз жүргізіліп жатыр, деп хабарлады республикалық жеке сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі.
18.05.2021
-
Президент Жарлығымен Қазақстанның Пәкістандағы елшісі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
18.05.2021
-
Электрондық еңбек биржасында өсу бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректері бойынша соңғы айда Электрондық еңбек биржасында белсенділік күрт өсті.
18.05.2021
-
Қазақстаннан әлемнің 13 еліне аптасына 117 рейс ұшады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық бағыттар бойынша аптасына 13 елге 40 бағыт бойынша 117 тұрақты әуе рейстері орындалады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
18.05.2021
-
Есепте тұрған азаматтар көше тазалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрғандар жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерлерге тазалық жұмыстарын жүргізуде.
18.05.2021
-
Велосипед ұрлаған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда полиция қызметкерлері велосипед ұрлағаны үшін 26 жастағы ер адамды ұстады.
18.05.2021
-
Әкімшілік құқық бұзғандар 3,4 млн теңге айыппұл төледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР МҚІА және оның аумақтық департаменттері рұқсат мерзімін, беру тәртібін бұзғаны, сондай-ақ оларды беруден негізсіз бас тартқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 102 хаттама толтырды.
18.05.2021
-
Экология министрлігі мен ІІМ Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерлікпен бірігіп күреседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология министрлігі мен ІІМ Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерлікпен күресу бойынша күш біріктірді.
18.05.2021
-
Елордада жыл басынан бері қоғамдық көлікте маска тақпаған бес мыңнан астам адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі қолданылады. Бүгінге дейін бұл тәртіпті орындаудан бас тартқандарға тиісті жаза қолданылғандары да бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
18.05.2021
-
Аида Балаеваның анасы дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы, еңбек сіңірген мұғалім Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18.05.2021
-
Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі инвестицияларды тарту бойынша атқарылған жұмыстың қорытынды көрсеткіштері қаралды.
18.05.2021