-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» басшысына отандық өнім үлесін арттыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
25.05.2021
-
Бүгін Тоқаев бейнеүндеу жасайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
25.05.2021
-
Жапония Қазақстаннан келген туристерді міндетті карантинге жатқызбақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония үкіметі Дания, Ұлыбритания, Қазақстан және Тунис елдерінен келген туристерге міндетті үш күндік карантин енгізеді, деп хабарлады Kyodo News.
25.05.2021
-
Аймағамбетов ауыл түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысындағы Талапкер ауылына барып, мектеп түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Жалпы білім беретін мектепте 1862 оқушы оқиды, оның 75-і мектеп түлектері болса, 123-і 9-сыныпты тәмамдады.
25.05.2021
-
Сенатта квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болды, онда депутаттар квазимемлекеттік сектордың сатып алуын реттеу мәселелерін талқылады.
25.05.2021
-
Елордада терек мамығы өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық өрт сөндірушілер терек мамығының жануынан болған өртті сөндірді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
25.05.2021
-
Алматыда тағы бір креатив хабы ашылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының мәслихат депутаты Мұхтар Зулеев мегаполистегі екінші креативті хаб салу жоспарланған аумаққа барды.
25.05.2021
-
Қарулы Күштерде індет жұқтырғандар саны 60%-ға азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде 1 маусымда басталатын жазғы оқу кезеңіне даярлық мәселелері қаралды.
25.05.2021
-
Электр көліктерден утилизациялық алым алынбайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 4 маусымында экология, геология және табиғи ресурстар министрінің электр көліктеріне, электр автобустарына және электр жүк көліктеріне қатысты кәдеге жарату төлемін есептеу үшін нөлдік коэффициентті белгілеуді көздейтін бұйрығы күшіне енеді.
25.05.2021
-
Айыппұл тұрағында жүргізушілермен кездесу өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау гарнизонында айыппұл тұрағының аумағында әскери-техника жүргізушілерімен және жеке көлік иелерімен кездесу өтті.
25.05.2021
-
Малиде жаңа төңкеріс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уақытша президент пен премьер-министрді Малидің вице-президенті полковник Ассими Готқа адал әскери қызметкерлер елде екінші өтпелі үкіметтің құрылғаны туралы хабарланғаннан бір сағат өткен соң қамауға алды.
25.05.2021
-
Қазақстанда қоқыс мәселесі 2025 жылға дейін шешіледі – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың төрағалығымен өткен жиналыс барысында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауытын құрудың жоспары ұсынылды.
25.05.2021
-
Аймағамбетов оқушыларды "Соңғы қоңырау" мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020-2021 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерді "Соңғы қоңырау" мерекесімен құттықтады.
25.05.2021
-
Еліміздің екі қала, төрт облысы «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
25.05.2021
-
Мемлекет басшысы «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
25.05.2021
-
2248 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2248 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
25.05.2021
-
Президент сайлау туралы Конституциялық заңға өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.
25.05.2021
-
Мемлекет басшысы сайлау мәселелеріне өзгеріс енгізу туралы заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
25.05.2021
-
Өткен тәулікте 1558 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1558 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
25.05.2021
-
БҚО-да соғыстан қалған снаряд табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған снаряд табылды, деп хабарлайды БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.
25.05.2021