-
Қостанай облысында өртенген шөпті сөндірмек болған әйел қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының Лисаковск қаласында денесі күйіп қалған әйел табылды.
21.06.2021
-
Әзербайжан Арменияға қарым-қатынасты қалыпқа келтіруді ұсынды
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Әзербайжан Армениямен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін ұсыныс жасады. Бұл туралы Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов айтты деп хабарлайды Lenta.ru.
21.06.2021
-
Елордада «Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «Тәуелсіздік — алтын тұғырымыз» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
21.06.2021
-
Елордада 100 адамға арнап үйлену тойын өткізген мейрамхана анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада шектеу шараларын елемей отырған кәсіпкерлік нысандары әлі де бар. Мониторинг кезінде 100 адамға арнап өтіп жатқан той анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
21.06.2021
-
Алматыда троллейбус өртеніп кете жаздады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда техникалық ақау салдарынан троллейбустен түтін шықты.
21.06.2021
-
Ялтада қалың нөсерден бір жылға жететін су қоры жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымда екі күн бойы толассыз құйған нөсер салдарынан бес айлық жаңбыр мөлшері бір-ақ жауған. Осылайша, Ялтаның су қоймасына бір жылдық су қоры жиналды, деп хабарлайды Корреспондент.net сайты.
21.06.2021
-
Тоқаев 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.
21.06.2021
-
Алматыда журналистерге арналған байқаудың қорытындысы шықты
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров БАҚ арасындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әрі мегаполистің дамуын жариялау тақырыбындағы байқау жеңімпаздарына жүлделерді тапсырды. Тапсыру рәсімі елімізде 28 маусымда атап өтілетін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында өтті.
21.06.2021
-
Токио Олимпиадасында алғаш рет COVID-19 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында Уганда құрамасынан коронавирус тіркелген. Бұл туралы NHK хабарлады.
21.06.2021
-
Адамдық парызымды орындадым – субұрқақта тоқ соққан жандарды құтқарған Абылай осылай дейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда субұрқақтың жанында тоқ соққан адамдарды құтқарған Абылай Балапанов Қазнеттің жұлдызына айналды. Tengrinews.kz құтқарушы жігітті тауып, оны әңгімеге тартқан.
21.06.2021
-
Парижде қазақстандық жас дарындардың жұмыстары көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Франциядағы Қазақстан елшілігінде мүмкіндігі шектеулі жас қазақстандықтар суреттерінің «Әлем балалар көзімен» атты көрмесі ұйымдастырылды.
21.06.2021
-
Топ болып қыз зорлаған ер адам 7 жылдан кейін ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында топпен бірге зорлық жасап, сот төрелігінен жасырынып жүрген күдіктіні ұстады.
21.06.2021
-
Азық-түлік тауарлары нарығындағы ахуал: Жұманғарин Тоқаевқа есеп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады.
21.06.2021
-
Вакцина паспортында құрылғыларды іске қосатын QR код бары рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцинация паспорттарында «ақылды» құрылғыларды іске қосатын QR код бар. Желіде бұл кодтарсыз гаджеттерді пайдалану немесе көлікті оталдыру мүмкін болмайды екен ақпарат тарап жүр, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.
21.06.2021
-
Зейнетақы заңнамасына түзету енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зейнетақы заңнамасына жаңа түзетулер әзірлеу туралы БАҚ-та таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
21.06.2021
-
ШҚО-дағы жағалауларды құтқарушы иттер күзете бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су жағалауларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызметке құтқарушылардан бөлек, арнайы үйретілген иттер де жұмылдырылады.
21.06.2021
-
ДСМ: Елімізде КВИ-дің «үндістандық» штамы айналымда болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі айналымда «үндістандық» штамның болу ықтималдылығын анықтады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
21.06.2021
-
Бельгияда салынып жатқан мектеп құлап, 6 адам мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам қайтыс болды. Олардың бесеуі шет елдің азаматтары.
21.06.2021
-
Скринингті не үшін өтеді және ол қалай жүргізіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауруды ерте кезеңде анықтау – оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады. Скринингтік зерттеулер скрининг түріне байланысты ТМККК және МӘМС бойынша жүргізіледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры скринингтердің қалай жүргізілетінін және олардан кім өтуі керектігін айтты.
21.06.2021
-
Экс-депутат қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының экс-депутаты, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының омбудсмені Тарас Кикбайұлы Хитуов қайтыс болды.
21.06.2021