-
Асхат Оралов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Асхат Раздықұлы Оралов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
12.07.2021
-
7 мыңнан астам студент білім беру несиесін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 287 қазақстандық студент ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ көмегімен білім беру несиелерін алды. Ұйым несиелер бойынша кепілдік береді. Нәтижесінде талапкерлер мен студенттер негізгі қарыз сомасын төлеу мерзімін 10 жылға дейін ұзартып, несие ала алады, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
12.07.2021
-
Жамбыл полицейлері із-түзсіз жоғалған 13 жастағы екі қызды тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласының тұрғындары жоғалған қыздарын тауып берген полицейлерге алғыстарын білдірді, деп хабарлады Polisia.kz.
12.07.2021
-
Алматыда вирус жұқтырғандар саны қайта артты
Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте қалада 638 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның 576 симптомдық белгілері бар және 62 симптомсыз.
12.07.2021
-
Pfizer коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы қажеттілігі туралы хабарлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Pfizer және BioNTech компаниялары COVID-19-ға қарсы вакцинаның үшінші дозасының қажеттігі туралы мәлім етті. Олар мәселені шешу үшін жақын арада АҚШ билігі құлаққағыс етеді деп жазды ria.ru.
12.07.2021
-
Мақтааралдықтар Маңғыстауға бір вагон шөп жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылының тұрғындары Маңғыстау облысына 1 вагон шөп жіберді.
12.07.2021
-
Қайырымды істер марафоны: 40 қап қоқыс жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Менің таза әлемім» челленджі басталды.
12.07.2021
-
Тоқаев Шиппті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
12.07.2021
-
ҚМДБ: 20 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ислам дінінде зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер саналады. Һижри жыл санауы бойынша 1442 жылдың зұлхижжа айы 11 шілде күні басталды. Бұл туралы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мәлімдеді.
12.07.2021
-
Британдық миллиардер Ричард Брэнсон ғарышқа ұшты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдық миллиардер Ричард Брэнсон Virgin Galactic-тің VSS Unity ғарыш кемесімен суборбитальды түрде ғарышқа ұшты.Ұшу сәті ұйымның YouTube арнасында тікелей эфирінде көрсетілді.
12.07.2021
-
Түркістанды толықтай қамтамасыз ете алады. "Түркістан су арнасы" іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған жаңа нысанның құрылысы аяқталды. "Түркістан Су арнасы" мекемесі 200 мыңға жуық халқы бар шаһарды 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге қауқарлы.
12.07.2021
-
Оқушылар Арыстағы әскери бөліммен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының облыстық филиалының «Арыс» және «Барыс» әскери-патриоттық клубтарының басшылары мен тәрбиеленушілері үшін «Ашық есік күні» Арыс қаласындағы әскери бөлімде ұйымдастырылды.
12.07.2021
-
Конор Макгрегор мен Дастин Порьенің арасында төртінші жекпе-жек өте ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC президенті Дана Уайт турнирден кейінгі баспасөз конференциясында Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор МакГрегор мен Америкалық Дастин Порьенің төртінші кездесуінің өтетінін жоққа шығармады.
12.07.2021
-
«Бастау Бизнес» жобасының төртінші легіне өтінім қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бастау бизнес жобасының төртінші легіне өтінім қабылдау басталды. Төртінші лекке ең көп өтініш қабылдайтын аймақтардың қатарында Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары бар.
12.07.2021
-
Берік Әбдіғалиұлы: Жезқазғанда сапалы су мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған өңірінің мәселелерін атады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
12.07.2021
-
Зейнетақы. Қазақстан азаматтарына жыл басынан бері 1,3 трлн-нан астам теңге төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың қаңтар - маусым айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 410,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 928,9 млрд теңге бағытталды.
12.07.2021
-
Балқашқа бұқар бұғылары жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іле-Балқаш резерватына үшінші рет бұқар бұғысын енгізу жұмыстары жүзеге асырылды. Бұл жолы бұған дейін енгізген бұғылардың санынан да көп бұғы жіберілді.
12.07.2021
-
Вакцинация. Екінші екпесін алғандар саны 2,4 млн-ға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі бүгінге дейін вакцина алған қазақстандықтар туралы ақпаратты жариялады.
12.07.2021
-
COVID-19. 800-ден астам адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 шілдедегі ақпарат жарияланды.
12.07.2021
-
Матрица. «Жасыл» аймақта екі-ақ облыс қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
12.07.2021