-
Қарағанды облысында бір отбасын қырып салған күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Ағадыр ауылында жер үйден үш адамның мәйіті табылды.
13.08.2021
-
Ерлан Қожағапанов Мәдениет және спорт министрлігін бөлуге қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов министрлікті екі мемлекеттік органға бөлу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды zakon.kz.
13.08.2021
-
Олимпиада жүлдегері қаржысын қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев барша қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғысын айтып, мемлекет тарапынан тағайындалған сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты.
13.08.2021
-
Өзбекстанда балабақшада 25 бала уланып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда 6 бүлдіршін жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр деп хабарлайды «Хабар 24».
13.08.2021
-
ШҚО-да балаларды дамытатын ерекше орталық салынатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Даниал Ахметов Білім, Мәдениет, Спорт және Құрылыс басқармаларының басшыларымен Қазақстанда теңдесі жоқ ауқымды жоба – «Зерде» ғылыми-шығармашылық орталығын салу мәселесін талқылады деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
13.08.2021
-
Алматы облысында ер адам колонияға 14 телефон мен 76 SIM-карта өткізбек болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 мекемесіне ер адам 14 телефон, 76 SIM-карта және бес зарядтау құрылғысын өткізуге тырысты деп хабарлайды Polisia.kz.
13.08.2021
-
1 қазан ресми түрде Радио қызметкерлерінің күні деп жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланды.
13.08.2021
-
Министр «Balapan» телеарнасы жанынан ұйымдастырылған жоба сәтімен басталғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жыл басында ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған анимация мектебі ашылатыны туралы жазған едім. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Balapan» телеарнасы жанынан ұйымдастырылған жоба сәтімен басталып, 14-16 жас аралығындағы 30 бала білім алды, - деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің facebook-парақшасында.
13.08.2021
-
Дәурен Абаев ұлтшылдықты жоққа шығарып, сынаған жоқ – Ерлан Қарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кешеден бері әлеуметтік желіде әріптесім әрі жолдасым Дәурен Абаевтың мәлімдемесіне қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Мен Дәурен Әскербекұлымен біраз жыл қызметтес болдым. Біз Президент Әкімшілігіне дейін де ақпарат саласында бірге жұмыс істедік. Оның мемлекетшіл әрі ұлттық мүддеге берік азамат екенін жақсы білемін. Сондықтан, айтылып жатқан мәселеге бей-жай қарамай, оған өз пікірімді білдіргенді жөн көрдім деп жазды Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин facebook-парақшасында.
13.08.2021
-
NIS мұғалімдері педагогикалық кеңеске қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл алғаш рет еліміздің әрбір мұғалімі жылдың бас педагогикалық кеңесіне қосылуға мүмкіндік алып отыр. Бүгінде NIS-тің орталық кеңсесінде тікелей эфир арқылы ауқымды конференцияның пәндік сессиялары ел аумағына таралатын екі телестудия үздіксіз жұмыс істеуде. Мұғалім тәжірибесін әдістемелік қолдау – жаңа жағдайдағы білім беру туралы кәсіби ойталқының өзегі.
13.08.2021
-
Болашақ бағдарламасының түлегі ауылдағы мектепте сабақ береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 жылдың ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша 11 мыңнан астам түлек білім алды. Осы уақыт аралығында бағдарлама жоғары білікті кадрлардың жаңа буынын тәрбиелеп шығарды. Олар әлемнің 200-ден астам жетекші университеттерінде білім алды.
13.08.2021
-
Әйелдер күресінен жастар арасындағы әлемдік сынға қатысатын құрама анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16-22 тамыз аралығында Ресей Федерациясының Уфа қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
13.08.2021
-
Шетелдіктерге арналған емханаға тіркелу ережелері өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады.
13.08.2021
-
Машина жасау саласы 22% өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 7 айының қорытындысында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда осындай көрсеткішке қол жеткізілді.
13.08.2021
-
Кейбір мәселені байыппен емес, хайппен және лайкпен шешкісі келетіндер бар – Абаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тіл сияқты нәзік әрі сезімтал мәселені байыппен емес, хайппен және лайкпен шешкісі келетіндерге қарсымын, деп жазды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев жеке парақшасында.
13.08.2021
-
Лауазымды тұлға 5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Білім және ғылым министрлігінің Түркістан облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
13.08.2021
-
Мемлекеттік субсидия арқылы құстарды сақтандыру жүйесі нарыққа шығады – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі нарыққа жаңа өнімді шығара отырып, сақтандыру құралдарын кеңейтеді.
13.08.2021
-
Тоқаев спортшыларды марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлығы жарияланды.
13.08.2021
-
Енді балалар ауыра бастайды. Тағы бір жалған ақпарат шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Telegram-да пайдаланушылар ағымдағы жылдың қараша айында балалар жаппай ауыра бастайды, оған мектептер мен балабақшаларда азот оксиді мен бериллий шашу себеп болады деген ақпарат талқылануда.
13.08.2021
-
Сатыбалды Нарымбетов жайында деректі жоба жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Алматы» телеарнасында танымал режиссер, сценарист, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, қазақ киносының мэтрі Сатыбалды Нарымбетов жайлы деректі жоба жарық көрді.
13.08.2021