-
«Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігі құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов Түркістанда өтіп жатқан ÁMEN кинофестивалінде «Қазақфильм» киностудиясы жанынан «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігі жұмысын бастайтынын мәлімдеді.
29.10.2021
-
«Ауыл – ел бесігі». Тоғжанов Қарағанды облысының ауылдарына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-Министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша Ералы Тоғжанов «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске асырылу барысымен танысу мақсатында Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.
29.10.2021
-
«Ауыл – ел бесігі». Қызылорда облысында 82 жоба жүзеге асырылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» республикалық жобасының іске асырылу барысымен танысу үшін жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.
29.10.2021
-
Алматыда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды
Алматы, BAQ.KZ. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша терроризмге қарсы комиссияның отырысын өткізді.
29.10.2021
-
Антикор алдағы 5 жылда жемқорлықпен қалай күреседі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кәсіпкерлік қоғамдастыққа Мемлекет басшысының биылғы жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру үшін әзірленіп жатқан 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын таныстырды.
29.10.2021
-
Pfizer екпесі Таразға қараша айында келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздық 1-6 жас аралығындағы балалардың – 85%-дан астамы, 3-6 жас аралығындағы балалардың 100 %-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. 190 оқушы инклюзивті білім алуда. Бүгінде мектеп оқушылары офлайн форматта оқуда. Денсаулығына байланысты ата-аналардың өтінішімен 473 оқушы онлайн білім алып жатыр.
29.10.2021
-
Мырзағалиев Тоқаевқа жанармай тапшылығының себебін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
29.10.2021
-
Қарасора. Есірткіге қатысты 934 қылмыс анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ «Қарасора» операциясын аяқтады, деп хабарлайды Polisia.kz. Шу қаласында облыстардың полиция департаменттерінің, есірткіге қарсы бөлімшелерінің, “Дельта-Долина” арнайы бөлімшесінің басшылығымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков аяқталған “Қарасора” операциясын талқылады.
29.10.2021
-
Бокс. Жасөспірімдер арасында Серік Сәпиев атындағы турнир өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондон Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер Кубогының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған 2006-2007 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында бокстан Республикалық турнир өтті.
29.10.2021
-
Субсидия жыры. Кәсіпкерлер тағы да дабыл қақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фермерлер тарапынан несиелерді арзандатудың, яғни мемлекет субсидиясын алудың қиындығына қатысты шағымдар тоқталмай отыр. Шаруалар мәселені шешу үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінді.
29.10.2021
-
Халықаралық Түркі академиясына жеке ғимарат берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимаратының ашылу рәсімі өтті.
29.10.2021
-
Балаева: Біз «Рухани жаңғыру» аясында көптеген оқиғаға жаңаша баға беріп жатырмыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Атырау облысы Қоғамдық кеңес мүшелерімен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, сондай-ақ облыс әкімдігінің активімен бірқатар кездесуі өтті.
29.10.2021
-
Ақтау мектептерінде киіз үйлер тігілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы білім ордаларында «Ұлттық рух, ұлттық сана» атты жаңа жоба бастау алды. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, насихаттауды мақсат еткен жоба аясында қаладағы бірнеше мектептердің төрінде қазақтың киіз үйлері тігілуде.
29.10.2021
-
Қазақтың 50 ғасырлық тарихы туралы кітап таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимаратында әйгілі академик, қазақ антропологиясының негізін қалаушы Оразақ Смағұловтың Айнагүл Смағұловамен бірлесіп жазған «Қазақ халқы мен оның ата тегіне орай антропологиялық очерктер» атты жаңа еңбегінің таныстыру рәсімі өтті.
29.10.2021
-
БҒМ Алматыдағы 8-сынып оқушысының өліміне қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҒМ Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қайтыс болған 8-сынып оқушысының жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ ведомство тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.
29.10.2021
-
2025 жылдан бастап еліміз ЕАЭО елдерінде әділ роумингке көшуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2025 жылдан бастап Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде әділ роуминг тарифтеріне көшуі мүмкін. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29.10.2021
-
Қазақстандық сурдо-дзюдошылар әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияның Версаль қаласында есту қабілеті нашар спортшылар арасында дзюдодан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
29.10.2021
-
Жамбыл облысында мұнай резервуарынан өрт шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында дизель отыны бар екі резервуардан өрт шықты. Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
29.10.2021
-
G20 саммитіне дайындық жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Үлкен жиырмалық» елдері пандемиядан кейінгі алғашқы саммитін өткізеді. Италия астанасы осыған қызу дайындалып жатыр. Кездесу ертең басталады.
29.10.2021
-
Қазақстан Президенті Ердоғанды Түркияның Республика күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентінің атына құттықтау жеделхатын жолдады.
29.10.2021