-
Қытай Олимпиада ойындарын өткізуге дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда қысқы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ұйымдастыру комитеті хабарлады, деп жазды Хабар24.
04.12.2021
-
Елордада «Бір мүмкіндік» сайысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен; «Мирас – А» қайырымдылық- қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі аясында «Бір мүмкіндік» республикалық сайысы өтеді.
04.12.2021
-
Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында БАҚ арасындағы байқау қорытындыланды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы байқаудың қорытындысы шығарылды.
04.12.2021
-
Екібастұзда қазақтың ұлттық тағамдарының көрмесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ата Мұра» мәдениет орталығы ұйымдастырған шарада ұлттық ас мәзірінің 20-ға тарта түрі қойылды, деп жазды Хабар24.
04.12.2021
-
Өскеменде ауыр атлетикадан ел үздіктері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Olympic.kz кезекті жарыс күнінің нәтижесін ұсынады.
04.12.2021
-
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Алматыда этнограф-ғалымның фотокөрмесі өтеді
Алматы, BAQ.KZ. 6 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай этнограф-ғалым Тәттігүл Қартайдың «Этноэкспедиция күнделігінен» атты фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтеді.
04.12.2021
-
Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңіне қатысып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солт-Лейк-Ситиде конькимен жүгіруден әлем кубогы өтіп жатыр. Қазақстандық Надежда Морозова Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлады Olympic.kz.
04.12.2021
-
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуы» конференциясы өтті
Алматы, BAQ.KZ. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Алматыда «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуы» атты конференция өтті.
04.12.2021
-
Елордалық ұландықтар көпірден секірмек болған жігітті құтқарды
Алматы, BAQ.KZ. Оқиға 3 желтоқсан күні кешкі сағат 21.30 шамасында орын алды. Птрульдік-бекеттік қызмет атқару барысында Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өз еркімен өмірімен қоштасқысы келген әрекетке тосқауыл қойды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.
04.12.2021
-
Франция шекаралық бақылауды күшейтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Франция Еуропа елдерінде COVID-19 вирусының белсенді таралуына байланысты шекаралық бақылауды күшейтті.
04.12.2021
-
Қосшы қаласының полиция басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзин полиция подполковнигі Сақанов Талғат Абдрахманұлын таныстырып, Қосшы қаласы полиция бөлімінің басшысы болып тағайындалуымен құттықтады.
04.12.2021
-
Елімізге белгілі педиатр-дәрігер Гүлшара Урмурзинаның 80 жылдық мерейтойы атап өтілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда елімізге белгілі дәрігер, білікті басшы, ҚР Денсаулық сақтау ардагері, «Белсенді ұзақ өмір» қоғамдық қорының президенті Гүлшара Ғазизқызы Урмурзинаның 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.
04.12.2021
-
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2022 жылға арналған міндеттер айқындалды. Жаңа оқу жылы Қазақстан әскерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Қарулы Күштердің 30 жылдығына – біздің ерен еңбегіміз!» ұранымен өтеді. Әскерлердің жауынгерлік даярлығы еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталады.
04.12.2021
-
Асқар Мамин AIBA президентін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Халықаралық Бокс федерациясының президенті (AIBA) Умар Кремлёв пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевты қабылдады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.
04.12.2021
-
Түрмеге таблетка тасыған жігіт ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінде тергеу тұтқынындағы бауырына темекінің арасына жасырып, апиынтектес таблеткалар өткізбекші болған жігіт ұсталды. Бұл туралы ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады.
04.12.2021
-
Мамин шетелдік инвесторлармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында ірі шетелдік инвесторлар – «Blackrock», «Capital Group», «Aberdeen Asset Management», «Sands Capital», «Luxor Capital» және «Lugard Road Capital» өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
04.12.2021
-
Қазақстандық прокурорлар Еуроодақ өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 2-3 желтоқсанда 21.12.2015 жылғы Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде онлайн форматта «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» Адам құқықтары жөніндегі диалог пен Сот төрелігі және құқықтық тәртіп жөніндегі Кіші комитеттің жыл сайынғы отырыстары өтті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
04.12.2021
-
АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штамы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың омикрон штаммын жұқтыру жағдайлары Американың 50 штатының кемінде 10 штатында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Wall Street Journal газетіне сілтеме жасап.
04.12.2021
-
Бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
04.12.2021
-
Дзюдодан Азия чемпионатында жасөспірімдер 4 күміс медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының екінші күнінде 4 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайы Olympic.kz.
04.12.2021