-
Нығматулин СҚО тұрғындарына мемлекеттік марапаттарды табыс етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына мемлекеттік наградаларды табыс етті.
08.12.2021
-
Еліміздің ядролық қарудан азат әлем құру идеясы қолдау тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-шы сессиясының пленарлық отырысында «Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға бірдей декларация» атты қарар қабылданып, оған БҰҰ-ның 141 мүше-мемлекеттері дауысын берді.
08.12.2021
-
Ержан Қазыхан Берлинге жұмыс сапарымен барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Берлинге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
08.12.2021
-
Қазақстан мен Қырғызстан референс зертханалар жүйесін дамытады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналивпен кездесу өткізді.
08.12.2021
-
Президент Олаф Шольцке құттықтау жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады.
08.12.2021
-
Қазақстан Қырғызстанға 1 мың автобус экспорттайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы – Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен Қырғызстанның Қазақстанда шығарылған автокөлік құралдарын сатып алуы туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
08.12.2021
-
Елордалық оқушылар есірткінің зардабы туралы дәріс тыңдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Ішкі істер министрілігінің «Еуразия Бірінші арна» телеарнасымен бірлескен жобасы бастау алды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
08.12.2021
-
Алматының қақ ортасында ыстық су мен жылу уақытша тоқтатылды
Алматы, BAQ.KZ. «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-і апаттық жағдайға байланысты қаланың белгілі бір аумағына ыстық су мен жылу беруді уақытша тоқтатқандарын мәлімдеді.
08.12.2021
-
Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдайы туралы мәлімет берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады.
08.12.2021
-
2022 жылы мемлекеттік қызметшілер қандай декларация тапсырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдан бастап қазақстандық мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілгендер мен олардың жұбайлары (зайыбы) кірістері мен мүлкі туралы 270.00 нысанды декларацияны ұсынады. Осыған дейін, жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі аясында аталған тұлғалар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырған болатын, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
08.12.2021
-
Жаңа ұлттық парк құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Экология министрі Cерікқали Брекешев өзінің твиттер желісіндегі парақшасында хабарлады.
08.12.2021
-
Мемлекет басшысы Ақылбек Жапаровты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы – Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровты қабылдады.
08.12.2021
-
Жаңа қаулы. Әлемнің 24 елінің вакцинация паспорты біздің елде жарамды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қаулы қабылдады.
08.12.2021
-
Мәскеуде «Дос-Мұқасан» тобы туралы фильм трейлерінің премьерасы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу халықаралық «Русский кинобизнес» кинобазарында аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы туралы фильмнің трейлерінің премьерасы өтті.
08.12.2021
-
Мальдивте «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инфекция 27 қарашада Оңтүстік Африкадан келген туристте расталды. Жаңа штамның таралу қаупіне байланысты Мальдив Үкіметі шетелдіктерге Зимбабве, Намибия, Маврикий, Мозамбик, Лесото, Ботсвана, Эсватини және Оңтүстік Африкадан елге кіруге тыйым салды.
08.12.2021
-
Айлин, Медина, Әлихан: елордада жаңа туған нәрестелер үшін жылдың ТОП-30 есімі аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 11 айында Нұр-Сұлтанда 32 146 бала өзінің алғашқы құжаты—туу туралы куәлігін алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 мыңға көп, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
08.12.2021
-
Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тапсыру рәсіміне қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, бүгінгі кездесудің ерекше мән-маңызы бар екенін айтты. Президент Тәуелсіздік ұрпақтарын, шын мәнінде, жаңа Қазақстанның басты символдарының бірі ретінде атап өтті.
08.12.2021
-
Елорда тұрғындарын шетелге барудан бас тартуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Омикрон» коронавирусының жаңа штамы бүкіл әлемде алаңдаушылық тудырып отыр.
08.12.2021
-
Алдағы уақытта 35 градус аяз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келетін, кең антициклонның ықпалында болады.
08.12.2021
-
Нығматулин: Жаңа заң жобасы азаматтардың биоқауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
08.12.2021