-
Тоқаев Алмасадам Сәтқалиевпен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
22.12.2021
-
Тоқаев ТМД басшыларының бейресми кездесуіне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барады.
22.12.2021
-
Мадагаскарда кеме апатынан көз жұмғандар саны 64-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мадагаскар жағалауында жүк кемесінің апат болуынан қаза тапқандар саны 64-ке жетті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
22.12.2021
-
Тоқаев Рустам Жүрсіновті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
22.12.2021
-
Полицейлер тұрғынға 44 млн теңгеден астам шығын келтірген күдіктіні ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, тұрғын үйіне бөгде адамның жасырын түрде терезе арқылы кіріп, жатын бөлмесінде тартпа ішінде тұрған бағалы алтын, бриллиант әшекей бұйымдары мен 1 млн теңгеден астам ақшасын, «Nokia» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 44 млн теңгеден астам.
22.12.2021
-
Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілуі керек – Айбек Қалиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы жылы Алаштың рухани көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы тойланады.
22.12.2021
-
Қанат Ислам WBO титулынан жекпе-жексіз айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақта WBO International титулынан айырылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
22.12.2021
-
Сенатта банктердің стресті активтерінің деңгейін төмендету мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаторлар екінші деңгейдегі банктердің стресс активтерінің деңгейін төмендету және оларды экономикалық айналымға тарту мәселелерін қарады. Осы мәселелерді талқылау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар мен банк секторының субъектілері кездесуге шақырылды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
22.12.2021
-
Зейнетақы жинақтары жыл басынан бері 455 млрд теңгеге көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,4 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты.
22.12.2021
-
Қазақстандық студенттер халықаралық байқаудың финалына өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті студенттерінің командасы «ЕАЭО-дағы дауларды шешу-2022» халықаралық байқауының финалына өтті. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
22.12.2021
-
Ақтоты Райымқұлова архившілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова архившілерді алғашқы кәсіби мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөзін Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.
22.12.2021
-
2021 жылғы қаңтар-қараша айларында бюджетке 9,6 трлн теңге салық түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтар-қараша айларында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспары 102,6% орындалды, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,8% немесе 2 155,6 млрд теңгеге өсті, деп хабарлады Кірістер комитеті.
22.12.2021
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 629 мыңнан астам адам қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 629,3 мыңнан астам адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды, оларға 764,7 мың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары көрсетілді.
22.12.2021
-
Теміртауда ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған облыстық оңалту орталығы жұмыс істей бастады. Бұрын ата-аналар оларды Қарағандыға алып баратын, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
22.12.2021
-
Зейнетақы қорындағы қаржыны «Отбасы банкінің» депозитіне аударуға қатысты 3 факті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 желтоқсанында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы» бұйрығына сәйкес ережеге енгізілген өзгерістер бекітілді.
22.12.2021
-
Олжас Сүлейменов ТМД сыйлығына ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғам қайраткері , ақын Олжас Сүлейменов "Достық жұлдыздары" мемлекетаралық сыйлығының лауреаты атанды.
22.12.2021
-
Үкібай Елбасы туралы жаңа кітап шығатынын хабарлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатына негізделген кітапты жариялады.
22.12.2021
-
Түркі академиясының басшысы Садыр Жапаровпен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Бішкек қаласында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті.
22.12.2021
-
Бокстан Қазақстан чемпионаты: Жартылай финал жұптары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Оралда өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде жартылай финалға жолдама алған боксшылар белгілі болды деп хабарлайды Olympic.kz.
22.12.2021
-
Әлеуметтік желілерде жарнамасы тараған мемлекеттік бағдарлама жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Halyk Bank бір ұйыммен бірлесіп, барлық қазақстандықтарға инвестициялармен айналысуға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік бағдарламаны іске қосқаны туралы жарнама шықты.
22.12.2021