-
ШҚО-да жол сапасы арнайы зертханалық автомобильдермен талданбақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда автожолдардың жағдайын талдап, диагностика жасайтын арнайы зертханалық автомобильдер жасақталмақ. Бұл жөнінде өткен Бақылау кеңесі отырысы барысында мәлім болды.
10.05.2019
-
ШҚО. «Маралды-Үшбұлақ» автожолы жөндеуден өтеді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы рет үш жыл бұрын жөндеу көрген аталған жол бөлігі биылғы жылдың мамыр айында қайта қолға алынбақ. Бұл жөнінде Күршім ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Әзімбаев хабарлады.
10.05.2019
-
Өскеменде өткен «Батырларға тағзым» шеруіне 25 мың адам қатысты
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысының орталық шаһарында өткен мерекелік шеруге 25 мың қала тұрғыны батыр бабаларының суреттерін алып шықты.
09.05.2019
-
ШҚО-да тарихи жәдігерлер мен қорғандардың 3D форматы жасалады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда тарихи жәдігерлер мен сирек кездесетін кітаптар толықтай сандық форматқа көшірілмек. Бұл жөнінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да өткен Бақылау кеңесінің отырысында айтылды.
08.05.2019
-
ШҚО-да ҰОС ардагерлеріне арналған денсаулық айлығы жалғасуда
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлы жеңістің 74-жылдығына орай Шығыс Қазақстанда 25 сәуір - 25 мамыр аралығында ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың денсаулығын тексеруге бағытталған «Қамқорлық» айлығы жарияланған болатын.
08.05.2019
-
Өскеменде көпбалалы отбасылардың алғашқы легіне пәтер кілттері табысталды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Өскемен қаласындағы көпбалалы отбасылардың алғашқы легіне пәтер кілттері табысталып, 10 отбасы жаңа баспанаға ие болды.
07.05.2019
-
ШҚО ғалымдары МРТ сымдарының сапасын талдамақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстандағы тантал өндірісі жоғары технологиялық құрылғыларды жапондық әріптестермен бірлесе жасауға жол ашты. Бұл жөнінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінде өткен Бақылау кеңесі барысында айтылды.
06.05.2019
-
ШҚО-да әр ардагерге жарты млн теңгеден астам төлемақы табысталады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл ШҚО-дағы 202 ҰОС ардагеріне облыстық бюджеттен 542 875 теңгеден төлемақы жасалмақ. Бұл жөнінде облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев хабарлады.
06.05.2019
-
Өскеменде «Серпін – 2050» саябағы ашылды
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. «Серпін» бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстанға келген студенттердің алғашқы түлектері Д. Серікбаев атындағы ШҚМУ аумағында ашылған саябаққа ағаш отырғызды.
04.05.2019
-
ШҚО-да пәндік олимпиада жеңімпазына ЖОО ректорының гранты берілмек
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласында Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасының қорытынды кезеңі басталды.
04.05.2019
-
Шығыс Қазақстанда екпеден бас тартатындар саны мардымсыз
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 20 жылда елімізде қызылша 3 мың есеге, паротит – 140 есеге азайып, бірнеше дерттің түп-тамырына балта шабылған.
03.05.2019
-
Елбасы қазақ елі үшін теңдесі жоқ жақсылық жасады – өлкетанушы
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастық мойындаған мығым шекарасын бекітіп берді. Бұл жөнінде бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясын талқылауға арналған отырыс барысында белгілі тарихшы, өлкетанушы Алдияр Әубәкіров айтты.
02.05.2019
-
Шығыс Қазақстанда 71 пилоттық мектепте 4 пән ағылшын тілінде оқытылады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда соңғы үш жылда мыңнан астам химия, физика, информатика пәндерінің мұғалімдері ағылшын тілі курстарынан өткен. Бұл жөнінде ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмәділова хабарлады.
02.05.2019
-
ШҚО-да 3,5 мыңнан астам ата-ана балабақша төлемақысынан босатылған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл облыстық Білім басқармасы көпбалалы отбасылардан шыққан балалар санына талдау жүргізіп, көрсеткіштің болашақтағы өзгеру қарқынын болжады. Бұл жөнінде ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмәділова хабарлады.
02.05.2019
-
Марал және омарта шаруашылықтарында асылдандыру жұмыстары жүргізілуде
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Суы мен нуы мол Шығыс өңірінде марал мен омарта шаруашылықтарының жақсы дамығаны белгілі.
01.05.2019
-
Аз қамтылған отбасылардың балалары оқуға қабылданады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы оқу жылында өңірдің кәсіптік-техникалық және гуманитарлық колледждеріне қабылданатын студенттердің 50 пайызы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары болмақ.
01.05.2019
-
Күрделі ота бес адамның өмірін сақтап қалды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бір күнде бес бірдей сәтті жасалған ота.
01.05.2019
-
ШҚО-да зейнеткерлердің басым бөлігіне 100% мөлшерде базалық зейнетақы тағайындалған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы үш жыл көлемінде Шығыс Қазақстан билігі зейнетақы мен жәрдемақы төлеу саласына бағытталған қаражатты 9 миллиард теңгеге ұлғайтқан. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары Жанат Өмірғалиева хабарлады.
28.04.2019
-
ШҚО-да Қазақстан халықтарының ұлттық билері фестивалі өтті
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХXVII сессиясына арналған Қазақстан халықтарының ұлттық билері фестивалі өтті.
27.04.2019
-
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңадан ашылған жұмыс орындары мен тұрғындардың жалақысы – әкімдердің негізгі жетістігі
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласы жұртшылығымен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстанды ел дамуының флагманына теңеп, өңірдің әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде тапсырмалар берді.
26.04.2019