-
ШҚО-да "Парасаттылық мектебі" жұмысын бастады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы еліміздің барлық өңірлерінде "Парасаттылық мектебі" курстарын өткізуді бастады.
11.06.2019
-
Баукеспелерге тосқауыл болған семейлік тұрғын соққыға жығылды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мал ұрлаушыларды жалғыз өзі құрақтамақ болған семейлік тұрғынның әрекеті қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады. Бұл жөнінде облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
11.06.2019
-
Саясаттанушы: Қоғамның сұрап отырғаны саяси модернизация
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Президент сайлауы Қазақстан заңнамаларына және халықаралық стандарттарға сай әділ өткенін алға тартқан саясаттанушы, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саиров Президенттің елдегі саяси жүйені реформалап, саяси қарым-қатынастарды қоғаммен диалог жасау арқылы шешетін қадамдарға барғаны дұрыс екенін айтады.
10.06.2019
-
Шығыс Қазақстанға 650 отбасы қоныстанбақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының хабарлауынша, биыл Шығыс Қазақстанға 2 мыңнан астам адам қоныс аудармақ ниетте көрінеді.
10.06.2019
-
Бүгін ШҚО-да 363 көпбалалы ана өз таңдауларын жасады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Күршім ауданында тұратын алтын құрсақты аналардың барлығы сайлау учаскелеріне келіп өз таңдауларын жасады.
09.06.2019
-
Жас жұбайлар: Бүгін біз бірден екі таңдау жасадық
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Глубокое ауданына қарасты Степное ауылындағы нөмірі 502 сайлау учаскесіне ерекше сайлаушылар келді.
09.06.2019
-
ШҚО. Алтай ауданындағы перзентхананың бірнеше бөлігі шілде айында толық жөнделіп бітпек
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алтай ауданына жұмыс сапарымен атбасын бұрған өңір басшысы Даниал Ахметов Ауданаралық аурухананың жөндеуден өткізіліп жатқан жаңа туған нәрестелер бөлімшесіндегі жұмыстар барысымен танысты.
09.06.2019
-
Өскемендегі 120 сайлау учаскесі сайлаушыларды қабылдауға толық дайын
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертеңгі ҚР президенті сайлауына облыс орталығынан 244 мыңнан астам сайлаушы қатысып, өз дауыстарын беруі мүмкін. Бұл жөнінде Өскемен қалалық Аймақтық Сайлау комиссиясы хабарлады.
08.06.2019
-
ШҚО. Алтай қаласының көпбалалы отбасылары баспаналы болды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін жұмыс сапарымен Алтай қаласына барған облыс әкімі Даниал Ахметов көпбалалы отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті.
08.06.2019
-
ШҚО-да 1,3 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы жеті жылда Шығыс Қазақстанда 2,6 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлерінің қолданылмай, я болмаса ел заңнамаларын бұза отырып қолданылғаны анықталған.
07.06.2019
-
ШҚО-да 33,5 мың оқушы мектеп формасымен қамтылмақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Аудан, қала әкімдерінің басын қосқан селекторлық кеңесте өңір басшысы Даниал Ахметов мектеп формасын қажет ететін оқушыларға көбірек назар аударылуы қажеттігін ескертті.
07.06.2019
-
ШҚО-да жыл соңына дейін АӘК алушылар саны 55 мыңға жетуі мүмкін
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың соңына дейін атаулы әлеуметтік көмекпен 46 мың адамды қамту жоспарланған, алайда соңғы екі айдың ішінде оларды саны 49,5 мың адамға өскен.
07.06.2019
-
Шығыс Қазақстанда кене энцефалитіне шалдыққандар саны азайған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы бір жарым айда Шығыс Қазақстан облысында зертханалық жолмен 5 кене энцефалитіне шалдығу жағдай анықталған. Бұл жөнінде бүгін ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында хабарланды.
06.06.2019
-
ШҚО-да көпбалалы отбасылардың балаларына 6200 грант бөлінбек
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыста көпбалалы және ерекше білім қажеттілігі бар бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған отбасылардың балаларын балабақшаның тамаққа төленетін ақысынан босату мақсатында 200 миллион теңге қарастырылған. Бұл жөнінде облыстық әкімдікте өткен кеңес барысында хабарланды.
06.06.2019
-
ШҚО-ның білім беру мекемелерінде «денсаулық мектебін» ұйымдастыру жоспарлануда
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде жастар арасындағы алкоголизм мен нашақорлықты жою бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
05.06.2019
-
ШҚО-да алғашқы облыстық кибертурнир өткізілді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің базасында ұйымдастырылған І-ші облыстық кибертурнирге өңірдегі барлық орта кәсіптік және жоғары оқу орындарының командалары қатысты.
05.06.2019
-
ШҚО-да ҰОС ардагерлеріне арналған «Қамқорлық» айлығы аяқталды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлы Жеңістің 74-жылдығына арналған акция биылғы жылдың 25 сәуірі күні басталған болатын. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда 179 ҰОС ардагері мен мүгедектері және 13 898 тыл еңбеккері тұрып жатыр.
04.06.2019
-
Биыл Шығыс Қазақстанға шетелдік 63 оқытушы шақырылмақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға шетелдік 63 оқытушыны шақыру жоспарланған.
04.06.2019
-
ШҚО әкімі балабақшаларды тексеретін арнайы комиссия құруды тапсырды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Семей қаласының тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдаған өңір басшысы Даниал Ахметов қала басшылығына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ білім саласына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
03.06.2019
-
Зайсан көлінде тыйым салынған ау құрған браконьер ұсталды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Зайсан көлінде рейдтік іс-шаралар жүргізген Көкпекті аудандық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері тыйым салынған ау құрған браконьерді құрықтады.
03.06.2019