-
Қарағандының сауда үйлерінде вакцинациялау орындары жұмыс істеп тұр
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының ірі сауда үйлерінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салатын пунктер ашылды. Енді тұрғындардың өздеріне ыңғайлы жерде екпе алуға мүмкіндіктері бар.
15.04.2021
-
Қарағандыда КВИ-ге қарсы 1 млрд теңге көлемінде дәрілік препарат бар – басқарма басшысы
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда коронавирус инфекциясымен күресуге қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті, материалдық-техникалық база жабдықталған. Бүгінгі таңда облыстың ауруханаларында 1 млрд теңге көлемінде дәрілер бар. Сондай-ақ госпитальдарда 4 мыңнан астам жатын орын ұйымдастырылған.
13.04.2021
-
Қарағандылықтар вакцина салдыруда белсенділік танытуда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда вакцинациялау пунктерінде екпе салдыруға келгендердің қарасы қалың. Халық ерікті түрде екпе салуға ниетті. Бүгінгі күні аймақ тұрғындарының жиырма мыңы вакцина алып үлгерген. Сәуір айының соңына дейін 217 мың адамға вакцина салу көзделуде.
13.04.2021
-
Газдандыру жұмыстары жоспарлы жүргізілуде – басқарма басшысы
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 1061 шақырымды құрайтын «Сарыарқа» магистралды газ құбырының 765 шақырымы Қарағанды облысының аумағынан өтеді. Ауқымды жоба аясында Қарағанды облысында 120 елдімекен мен аймақтың ең ірі үш қаласы – Қарағанды, Жезқазған және Теміртау сұйық отынмен қамтылатын болады. Газдандыру жобасының жұмысы қалай жүріп жатқандығы жайлы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов айтып берген болатын.
05.04.2021
-
Теміртауда жылу электр орталығы жөнделеді
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылы Теміртауға жылу беретін ЖЭО-2-нің №5 және №6 қазандықтарды күрделі жөндеуден өтіп, №4 қазандыққа кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
03.04.2021
-
Қарағандыда дөңгелек шығаратын зауыт салынады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда ресейлік компанияның қатысуымен дөңгелектер шығаратын заводтың құрылысы басталады. Бұл жайында аймақ басшысы журналистермен онлайн кездесуде мәлімдеді.
01.04.2021
-
Қарағандыда депутаттар Октябрь ауданының Әлихан Бөкейхан аталуына қолдау білдірді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда IV кезектен тыс мәслихат сессиясы өтті. Сессияда депутаттар Октябрь ауданына Әлихан Бөкейханның атын беруді бірауыздан қолдап дауыс берді.
30.03.2021
-
Жүкті әйелдер мұқият бақылауда – дәрігер
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен жылдың наурызынан бүгінгі күнге дейін аймақта 17 028 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Сырқаттанғандардың арасында жүкті әйелдер де бар. Жүктілік кезінде әйелде COVID-19 вирусы анықталса, қандай емдеу әдістері қолданылады, нәрестенің жағдайы қалай болмақ және тағы да басқа сұрақтарға Қарағанды облыстық перинаталды орталығының акушер-гинекологы Жарқын Нүркеева жауап берді.
24.03.2021
-
Қарағандыда ата-әжелерге арналған орталық ашылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының Майқұдығында қариялар мен жастарға, салауатты өмір салтын ұстанушыларға арналған орталық ашылды. «Мизам шуақ» аталатын орталықтың негізін қалаушы қарағандылық журналист Айсұлтан Жақыпов.
21.03.2021
-
Топар кентінде 18 отбасыға пәтер кілті табысталды
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Абай ауданының Топар кентінде әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтарға баспана кілті берілді. Тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған.
19.03.2021
-
Қарағандыда наурыз мерекесі жаңа форматта атап өтілді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда әскери қызметшілер мен мәдени сала қызметкерлерінің бірлесуімен Наурыз мейрамы ерекше форматта тойланды. Әз-Наурызды мерекелеудің онкүндігіне орай ұйымдастырылған шарада салт-дәстүрді жандандыру мен сананы жаңғыртуға көңіл бөлінді.
18.03.2021
-
Қарағандыда биыл 30 мың ағаш, 500 мыңнан астам гүл отырғызылады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылдан бастап Қарағандыны жаппай көгалдандыру жұмыстары басталмақ. Қала бойынша 30 мың ағаш, 511 мың гүл отырғызу жоспарлануда.
18.03.2021
-
Қарағандыда 103 балалар алаңы жаңартылып, 17 футбол алаңы салынады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды қаласында балалар алаңдарын жаңарту, көшелерді абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары биыл да жалғасын табады. 2021 жылы қаланың екі ауданына жалпы саны 103 балалар ойын алаңы орнатылып, 17 заманауи футбол алаңы салынатын болады.
16.03.2021
-
Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметін танып-білуге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда тарихшылар, журналистер мен студенттердің қатысуымен «Әлихан Бөкейхан: Ұлы мұрат жолында» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. ZOOM платформасында онлайн форматта өткен конференция Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына арналды.
15.03.2021
-
Октябрь ауданына Әлиханның есімін беруді қарағандылықтар қолдады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қарағандыда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру жөніндегі қоғамдық тыңдалым өтті. Қаланың 15 нысанында өткен көпшілік тыңдалымға 685 адам қатысты.
12.03.2021
-
«Жезқазған-Қызылорда» күре жолы еліміздің экономикасына серпін беретін жоба – әкім
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың III-VI тоқсанында «Жезқазған-Қызылорда» бағытындағы жолдың құрылысы басталады деп жоспарлануда.
09.03.2021
-
#Тәуелсіздік30: Жезқазғанда 70 игі іс қолға алынбақ
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жезқазған қаласында «70 игі іс» жобасы бастау алмақ. Жоба үстіміздегі жылы бастау алып, Жезқазғанның 70 жылдығы мерекеленетін 2024 жылға дейін жалғасады.
09.03.2021
-
Қарағандыда 6200 педагог вакцина салдыруға ниет білдірген
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында педагогтарды вакцинациялау басталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 6200 мұғалім ерікті түрде екпе салдыруға келісім берген. Вакцинациялау тегін түрде жүргізіледі.
03.03.2021
-
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту жалғасуда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету басты назарда. 2020 жылы 351 азамат еңбекке араласып, 6 адам жеке кәсібін бастаған. Мүгелек жандарды ыңғайлы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінде.
25.02.2021
-
Вакцина салдырғаннан кейін бірден жұмысқа кірістім - дәрігер
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 1 ақпанда елімізде «Covid-19» індетіне қарсы вакцинациялау басталды. Алғашқылардың бірі болып «Спутник V» вакцинасын салдырған қарағандылық дәрігерлер қазіргі уақытта жағдайларының қалай екендігін айтты.
11.02.2021