-
Балқаш, Қарқаралы және Ұлытау туристерді күтеді
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірдегі туризм салысын дамыту үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Демалыс сүйгіш саяхатшылар Балқаш, Қарқаралы және Ұлытау туристік аймақтарында жазғы демалыстарын өткізе алады. Облыстық кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Татьяна Аблаева өңірдегі туристік демалыс аймақтарына шолу жасаған болатын.
24.06.2021
-
Қарағанды облысында 173 мың адам вакцина алды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 10 маусымдағы дерек бойынша Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 173 мың, екінші компонентін 116 мың адам алған. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы айтты.
11.06.2021
-
Әлімхан Ермеков атындағы шәкіртақы тағайындалады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды техникалық университетінде қазақтың тұңғыш математик-профессоры Әлімхан Ермековтың құрметіне атаулы шәкіртақы тағайындалмақ. Бұл жайында білім ордасының ректоры өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
09.06.2021
-
Техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары – ректор
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыдағы Елбасы білім алған Қарағанды техникалық университетінде білім алушылардың қатары соңғы үш жылда 25 пайызға өскен. Білім ордасының басшылығының айтуынша, техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары.
09.06.2021
-
Қарағанды мектептерінде қауіпсіздік қатаңдатылады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының білім ордаларында сақтық шараларын қатаңдату мақсатында біріңғай техникалық сипаттағы жүйе жасалады. Ол үшін бюджеттен 608 млн теңге қаржы қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды үстіміздегі жылдың күзіне дейін аяқтау жоспарлануда.
09.06.2021
-
Қарағанды облысында 127 білім беру мекемесі жөнделеді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта білім беру мекемелерін жөндеу жұмыстары басталды. Облыстағы 127 білім нысанын жөндеу үшін бюджеттен 4 млрд 615 млн теңге қаржы бөлінген. 9 мектепке күрделі жөндеу жасалады.
08.06.2021
-
Балқаш маңында күн электр стансасы салынып жатыр
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Балқаш қаласының жанындағы Қоңырат елдімекеніне жақын жерде күн электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 39 миллиард 51 миллион тенге. Күн электр станциясы 140 гектар аумақта орналасатын болады. Қоңырат елдімекенін электр қуатымен қамтитын энергия көзі 2022 жылы пайдаланылуға беріледі деп жоспарлануда.
31.05.2021
-
Қарағанды облысында 100 жеделсаты жаңартылады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы аймақтың Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Сәтбаев және Шахтинск қалаларында 102 лифт жаңартылған. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Жоспарда 100 жеделсатыны жаңарту.
28.05.2021
-
Балқаш туризмін дамыту үшін бірқатар шара қолға алынған
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел арасында «көгілдір теңіз» аталған Балқаш көлінің суына түсіп, құмына қыздырынғысы келетін саяхатшылардың қатары жыл санап артып келеді. Ресми деректер жыл сайын Балқашқа 80 мыңнан астам турист келетіндігі айтылады. Алдағы жылдары бұл сан бес есеге дейін артпақ.
12.05.2021
-
Қарағанды облысында 123 мыңнан астам адам вакцина алды
Қарағанды, BAQ. KZ тілшісі. Бүгінгі таңда облыс бойынша 123 671 адам вакцинаның І компонентімен, 21 904 адам екінші компонентімен егілген. Отандық «QAZ-VАС» вакцинасын 1 630 адам алған. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
05.05.2021
-
Қарағандыда автопарк жаңа автобустармен толықты
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының «Таксокомбинат» автопаркі өз елімізде құрастырылған су жаңа 24 автобуспен толығып, компанияның паркі жиырма бес пайызға жаңарды. Автобустар қалаішілілік маршруттарда жолаушылар тасымалдайтын болады.
01.05.2021
-
«Рухани жаңғыру» мұражай жұмысына жаңа бетбұрыс әкелді – музей директоры
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Тоқсан жылға таяу тарихы бар Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы облысымыздағы іргелі мәдени орталықтардың бірі. 1932 жылы ашылған музейде Қарағанды облысының территориясына, тарихына, халқына, өнеркәсібіне, мәдениетіне қатысты құнды жәдігерлер мен тарихи құжаттар жинақталған.
30.04.2021
-
Қарағандыда заңсыз балық тасымалын анықтау бойынша рейд жүргізілуде
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында бaлық пeн бaлық өнiмдepiн зaңcыз тacымaлдay фaктiлepiн анықтау бойынша ic-шapaлap өткiзiлyдe. Республикалық «Бeкipе-2021» жeдeл-пpoфилaктикaлық шарасының аясындағы жұмыстарға Қарағанды-Сұрыптау станциясының желілік пoлиция бөлімінің құқық қорғаушылары жұмылдырылған.
27.04.2021
-
Қарағанды облысында бейбіт шеру өткізетін 49 орын белгіленген
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 2020 жылы «Бейбіт жиналыстар туралы» заң жобасы қабылданған болатын. Бүгінде Қарағанды облысының аудандары мен қалаларында бейбіт шерулер өткізетін арнайы орындар белгіленген.
25.04.2021
-
Сарбаздар оқушыларға «Ерлік сабағын» өткізді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарaғaнды гaрнизoнындaғы мexaникaлaндыpылғaн бpигадaның capбаздары Кaдет cыныбының oқушылapына «Ерлік сабағын» өткiздi.
23.04.2021
-
Жастарды ауылға тарту басты назарда – аудан әкімі
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы оқушыларды кәсіби оқыту мақсатында Қарағанды облысының Трудовое ауылында оқу-өндірістік комбинаты ашылған болатын. Кәсіби білім беретін білім ордасы бүгінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.
23.04.2021
-
Қарағанды облысы Молодежный кентінде 18 көшенің жолы жөнделеді
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кентін жандандыру жұмыстары биылғы жылы қарқынды жүргізілмек. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елдімекенде стадион, мәдениет үйі, 2 білім ошағы жөнделіп, 18 көше асфальтталмақ.
23.04.2021
-
Осакаров ауданында егіс көлемі 412 мың гектарға жетпек
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының Осакаров ауданының халқы ауылшаруашылық саласында мемлекет тарапынан қолдау шараларын тиімді пайдаланып жатыр.
23.04.2021
-
Қарағанды облысында 1200-ден астам азамат әскерге шақырту алады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына қабылдау басталды. Қарағанды облысынан көктемгі шақырту науқанында 1200 азамат әскер қатарына алынады деп жоспарланып отыр. Бұл жайында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшылығы мәлімдеді.
20.04.2021
-
Балқашта жалпы көлемі 18 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Балқаш қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 130 отбасы баспаналы болады. Ол үшін қалада 18 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға көп.
15.04.2021