-
Елордада Тәуелсіздік мерекесі күні 18 сәби дүниеге келдi
Астанада Тәуелсіздік күні 18 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.12.2025
-
Астанадан Щучинск қаласына дейінгі жол жабылды
Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.12.2025
-
Астанада қар күреуге 1 200-ден астам арнайы техника шығарылды
Елорданың коммуналдық қызметтері қыс мезгілінен бастап тәулік бойы ауысыммен жұмыс жүргізіп келеді. Қар мен мұзды тазалау тоқтаусыз жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
16.12.2025
-
Дональд Трамп ВВС-ден 5 млрд доллар талап етіп, сотқа берді
АҚШ президенті Дональд Трамп Британдық хабар тарату корпорациясын (ВВС) жала жапты деп айыптап, 5 миллиард доллар өтемақы талап етіп сотқа жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.12.2025
-
Абай облысында қызметтік иттердің көмегімен 28 қылмыс ашылды
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – күнделікті назар мен жауапкершілікті талап ететін маңызды міндет. Бұл бағытта полиция қызметінің әрбір саласы өз үлесін қосып, жүйелі жұмыстар атқаруда. Солардың бірі – кинология қызметі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.12.2025
-
Испаниялық компания Қызылорда облысында зауыт салады
Қызылорда облысында 44 млрд теңгеден астам сомаға заманауи санитарлық-техникалық өнімді өндіру және құрастыру зауытын салуға арналған инвестициялар туралы келісім жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.12.2025
-
Алаңда қалған ақиқат: Желтоқсан оқиғасы деректі фильмде
1986 жылы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасына арналған деректі фильм Қалдыбай Әбенов пен Рубикжан Яхиннің тағдырына, олардың қоғамдағы рөлі мен азаматтық ұстанымына терең бойлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.12.2025
-
Боливияда су тасқынынан кемінде 20 адам қаза тапты
Боливияның Санта-Крус департаментінде болған қатты су тасқыны салдарынан кемінде 20 адам қаза тауып, тағы 20-дан астамы хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы елдің қорғаныс министрінің орынбасары Альфредо Троче Bolivia TV телеарнасының эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.12.2025
-
Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.12.2025
-
Елдегі қай автожолдарда жол қозғалысы шектелді
"ҚазАвтоЖол" компаниясы 16 желтоқсанда ел аумағында қандай тасжолдарда қозғалыс шектелмегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.12.2025
-
Тоқаев Аустралия премьер-министріне көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.12.2025
-
Зеленский қауіпсіздік кепілдіктері үшін НАТО-дан бас тартуға дайын
Украина президенті Владимир Зеленский қауіпсіздік кепілдіктері жөнінде АҚШ-пен екіжақты келісім жасалса, ымыра ретінде елінің НАТО-ға мүшеліктен бас тартуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.12.2025
-
ДДСҰ: Газада нөсерден бір тәулікте кемінде 10 адам қаза тапты
Газада соңғы 24 сағатта нөсер жаңбырдың салдарынан кемінде 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.12.2025
-
Берлинде митингіден кейін 18 адам ұсталып, полиция қызметкерлері зардап шекті
Германия астанасы Берлинде сенбі күні өткен демонстрациядан кейін қоғамдық тәртіптің бұзылуына байланысты 18 адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.12.2025
-
БҰҰ бас хатшысы Судандағы бітімгерлер нысанына жасалған шабуылды айыптады
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Судандағы БҰҰ нысанына жасалған шабуылды қатаң айыптап, салдарынан алты адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.12.2025
-
Биатлоншы Владислав Киреев Австрияда ерекше нәтиже көрсетті
Қазақстан құрамасының биатлоншысы Владислав Киреев Австрияда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде ерлер ұлттық командасы үшін тарихи нәтиже көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.12.2025
-
БҚО-ның бірқатар аудандарында боран салдарынан электр жарығы өшті
Батыс Қазақстан облысының бірқатар ауданы боран салдарынан жарықсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.12.2025
-
Қазақстандық спортшы Әлем кубогінен алтын жүлде жеңіп алды
Қазақстан құрамасының семсерлесуден шпага сайысындағы өкілі Кирилл Проходов Өзбекстанның Ташкент қаласындағы юниорлар арасындағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.12.2025
-
Гонконгтағы өрт: шығын көлемі 642 млн доллардан асты
Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде болған ірі өрт салдарынан келген шығын көлемі 5 млрд гонконг долларынан асты (642 млн доллардан асады). Қайғылы оқиға кемінде 160 адамның өмірін қиған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.12.2025
-
Шри-Ланкада тропикалық дауыл салдарынан қаза тапқандар саны 643-ке жетті
Шри-Ланкада қарашаның соңында аралға соққан "Дитва" тропикалық циклонының салдарынан қаза тапқандар саны артып отыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қолайсыз ауа райының салдарынан кемінде 643 адам көз жұмған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.12.2025