-
Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойына 12 аудан тарту жасайды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысының орталығындағы Ә.Молдағұлова даңғылы бойында жаңа сквердің құрылысы жүріп жатыр. Бұл – Шалқар ауданының Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына тартуы, жаңа нысан шілде айында пайдалануға берілмек.
27.05.2019
-
«Композиттік қызмет», «биометрияны» кеңінен пайдаланатын күн жақын
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Қыстаубай Сағынтаев қойған сауалымызға жауабын осы сөздермен бастады.
26.05.2019
-
Сайлау комиссияларының кәсіби біліктіліктері каскадтық тәсілмен арттырылуда
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы бойынша бүгінде барлығы 484 сайлау учаскесі құрылған. Сондай-ақ, 717 970 сайлаушының тізімі рәсімделіп, облыстық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылды.
26.05.2019
-
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында барлық ауыл қоғамдық көлікпен қамтылады
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков.
24.05.2019
-
Жамбыл облысында 24 мыңнан астам жас алғаш рет сайлауда дауыс береді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында 18 жасқа толған 24 мыңнан астам азамат алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасап, дауыс береді.
23.05.2019
-
Арнайы топ ауылдардағы жастар мәселесімен айналысады
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы әр ауыл мен елді мекендегі барлық санаттағы жастар мен тұрғындарға түрлі саладағы мәселелер бойынша тиісті уәкілетті органдармен бірлесе кеңес беру, кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу дәстүрге айналып келеді.
22.05.2019
-
Жамбыл облысында оқушылардың жазғы маусымы қалай ұйымдастырылады?
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы оқу жылында Жамбыл облысындағы 446 жалпы білім беретін мектепті 222 801 оқушы аяқтайды.
21.05.2019
-
Жамбыл облысында сода өндіретін зауыт салынбақ
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында «Qazaq Soda» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кальцийленген сода өндіру зауытын салуды жоспарлап отыр. Оның инвесторы – түркиялық «Yildirim Holding» компаниясы.
20.05.2019
-
20 күнде FlyArystan 5 мың жолаушыны тасымалдап үлгерген
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық FlyArystan тұңғыш лоукостері 20 операциялық күннің ішінде Тараз қаласынан өзге аймаққа және өзге аймақтан Тараз қаласына 5000 жолаушыны тасымалдап үлгерген.
20.05.2019
-
Жамбылдық диқандар картоптың жаңа сұрпын жерсіндіруде
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Жамбыл облысына Ресей Федерациясы мен Қазақстанның солтүстік облыстарынан картоптың жаңа сұрыптары әкелініп, жерсіндірілуде.
20.05.2019
-
Жамбыл облысында ҰБТ қалай ұйымдастырылады?
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бірнеше күннен кейін барлық мектепте соңғы қоңырау соғылып, кезекті оқу жылы аяқталады. Жамбыл облысындағы 446 білім мекемесінде 222 801 оқушы білім алса, соның ішінде 364 орта мектептен 8 796 бітіруші түлеп ұшқалы отыр.
18.05.2019
-
Президент сайлауы – 2019: Таразға ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары келді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. 9 маусым күні өтетін саяси науқан кезінде сайлау комиссияларымен қатар, кезектен тыс Президент сайлауының өту барысы мен заңдылықтарын бақылайтын отандық сарапшылардан бөлек, шетелдерден келетін бақылаушылар да болады.
17.05.2019
-
Жамбылдық жастар Шерхан шыңын бағындырды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының жастары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен жарияланған Жастар жылына орай 4 200 метр биіктікті бағындырды.
17.05.2019
-
Жамбыл облысында 30 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы бойынша биылғы жыл басынан атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 15 341 отбасындағы 79 246 адамға ескі форматта 1 млрд теңге төленді. 1 сәуірден бастап жаңа үлгідегі АӘК-ге мұқтаж 29 650 отбасы анықталған.
17.05.2019
-
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы сауатты кадрларды тұрақтандыруға септігін тигізді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жалпы елімізде мемлекет тарапынан жастардың әлемдік деңгейге сай білім алуына, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған азамат болып қалыптасуына баса назар аударылып келеді. Ал Жамбыл облысында қолға алынған істердің мән-маңызы көңілге қона ма? Өңір жастарының қандай мәселелері бар? Осы іспетті сауалдарымызға Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен жауап берді.
17.05.2019
-
Жамбыл облысында көпбалалы отбасылар баспаналы болды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында көпбалалы екі отбасы жаңа баспанаға ие болды. Қасиетті Рамазан айында Сарысу ауданының жеке кәсіпкерлері батыр аналарға пәтер кілттерін табыстады.
17.05.2019
-
Орман күзеті қай кезде де айрықша маңызға ие – маман
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Әулиеата өңіріндегі ормандардың, осы бағыттағы шаруалардың тыныс-тіршілігі қандай? Жасыл аймақты қорғап, кеңейтуде қолға алынған жұмыстар көңілден шығады ма? Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітовпен әңгімеміз осы сауалдар төңірегінде өрбіді.
16.05.2019
-
Төтенше жағдайды бәрінен тез жеткізетін Darmen қосымшасы іске қосылды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұрын Жамбыл облысы аумағында қауіп-қатер туралы ақпаратты немесе дабылды жеткізу жергілікті теледидар және радио хабарлар тарату, сиреналар мен мобильдік операторлар арқылы SMS тарату көмегімен жүргізілген.
16.05.2019
-
Биыл Жамбыл облысында 9 мың гектарға қант қызылшасы себіледі
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы стратегиялық маңызы бар Меркі қант зауыты өткен жылы қаржы жетіспеушілігінен 100-ден астам шаруа қожалықтың қаражатын бере алмай, қарызданып қалған болатын. Бүгінде кәсіпорын берешегінің бір бөлігін қайтара бастады.
16.05.2019
-
Жамбыл облысында "Damu Med" мобильдік қосымшасы іске қосылады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында денсаулық сақтау ұйымдарымен наркологиялық және психоневрологиялық анықтамаларды беру қызметтеріне мониторинг жасалып, өткен жылдың соңынан бастап тегін берілетін анықтамалар 181 азаматқа 183 400 теңгеге сатылғандығы мәлім болды. Яғни, бірқатар медициналық мекеме азаматтардың білместігін пайдаланып заңсыз қаржы иемденуге жол берген.
16.05.2019