-
Жамбыл облысында өрттің саны азайған
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Әр демалыс күндері жамбылдық өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері, полиция өкілдері, еріктілер, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өндірістік филиалы мен «ЖЭС» ЖШС мамандары бірлесіп, Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі күнін өткізеді. Олар шара барысында тұрғын үй секторында жаппай профилактикалық жұмыстарды да жүргізеді.
31.10.2020
-
Дақпыртқа ермей, сақтық шараларын сақтаған жөн – медбике
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Дәрігерлер коронавируспен ауырғандар ағзасындағы «Д» дәруменінің жетіспеушілігінен зардап шегіп жүргендерін айтуда.
31.10.2020
-
Жамбыл облысында бірнеше табиғи парк құрылады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Табиғатты пайдалану мен қорғау проблемасы күн санап күрделеніп, бұл мәселеге айрықша назар аударылуда. Сондықтан да Жамбыл облысында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асырудан бөлек, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, орман-тоғайлы аумақтарды ұлғайту, қорғау сынды жауапты міндеттер мұқият жүзеге асырылып келеді.
31.10.2020
-
Таразда қатты қалдықтарды кәдеге жарататын зауыт салынуы мүмкін
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде жаһандық экологиялық саясат жоқ, бірақ жаһандық экологиялық проблемалар бар. Соның маңыздыларының бірі – табиғатты тиімді пайдалануға көшу. Қазіргі кезде жер бетіндегі барлық елдерде ең негізгі сұрақтың бірі – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.
31.10.2020
-
Жамбылда су үнемдеу технологиясы 30 мың гектарға орнатылды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында мал басы 5,3 %-ға артты. Бұл жайында өңір басшысының орынбасары Берік Нығмашев айтты.
30.10.2020
-
Аса күрделі жағдайда ғалымдар мен профессорлар жамбылдық дәрігерлерге онлайн-кеңес береді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тура сол бастапқыдай, «Коронавирустың екінші толқыны деген бос сөз» деп сақтық шараларын қаперден шығарып, еркінсіп кеткен сияқтымыз. Ал мамандар елде біраз уақыт қатер сейілгендей көрінгенімен, әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың алаңдатарлықтай жағдайда екенін айтады.
28.10.2020
-
Дәрігер туберкулезден сақтанудың жолдарын айтты
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Елімізде туберкулез дертін анықтау мен оның алдын алу, емдеу, қажетті дәрі-дәрмекпен қамту тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілген. Нақтырақ айтсақ, бұл сырқат түріне тегін ем-дом жүргізіледі.
25.10.2020
-
Скрининг – сүт безі обырын ерте сатыда анықтаудың бірден-бір жолы – дәрігер
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде соңғы жиырма жылда қатерлі ісік аурулары көбейген. Кейінгі кездері өкпе, асқазан рак ауруларымен қатар, омырау қатерлі ісігі де көп тіркелетін өлімнің басты себебіне айналуда. 2018 жылғы статистика бойынша, Қазақстан сүт безі қатерлі ісігі ең көп тараған елдердің тізімінде алға шыққан.
25.10.2020
-
Қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелеткен
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында әр өңірде облыстық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау бизнес» жобасы жүзеге асып жатқаны белгілі.
23.10.2020
-
Вирустың таралуы күшейе қалса, дәрігерлер тастүйін дайын болуы тиіс
Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Жасыратыны жоқ, карантин талаптары жеңілдетілгелі бері жұрт арқаны кеңге салып, той тойлап, алыстағы ағайын-туысын аралап кетті. Жергілікті атқарушы органдар бірқатар нысандарға санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат бергені – вирустың таралуы тоқтады деген сөз емес.
23.10.2020
-
Ангиограф аппараты 65 жастағы тұрғынның өмірін сақтап қалды
Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Диагнозды дұрыс қойып, дер кезінде медициналық көмек көрсетілсе, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік көп.
23.10.2020
-
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы: Жамбыл облысына 179 жас маман келді
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жастарды қолдау мақсатында елімізде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – жас мамандарды ауылға тартатын «Дипломмен ауылға» бағдарламасы. Жалпы бұл жобаның әлеуметтік мәні зор.
22.10.2020
-
Жауынгерлер үйлеріне қайтып жатыр
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз гарнизонында мерзімді әскери қызметін өтеген сарбаздар үйлеріне қайтып жатыр. Алғашқы легін салтанатты түрде шығарып салған гарнизон басшылығы оларға естелік сыйлықтар табыс етті.
22.10.2020
-
Жобалардың үздігі – «Асарлатып үй салу» аясында 123 тұрғын үй салынуда
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл басынан бері демеушілер мен меценаттар есебінен 323 млн 849 мың теңге жиналып, 41 жоба іске асырылған.
22.10.2020
-
Тамшылатып суару табысты арттырады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде күзгі жиын-теріннің нағыз қызған шағы. Диқандар өнімді жинауда тынбай еңбектеніп жатыр.
21.10.2020
-
Жүрек ақауын анықтайтын «Холтер» аппараты шалғай ауданда да бар
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде ересектермен қатар жастар арасында да жиі кездесіп жүрген жүрек-қан тамырлары ауруы сала мамандарын алаңдатуда.
21.10.2020
-
Жыл соңына дейін 55 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында баспана мәселесін шешу бағытындағы жұмыстар мықтап қолға алынған. «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары аясында осы мақсатта қыруар қаржы да бөлінген.
21.10.2020
-
Жамбылда «Ауыл – ел бесігі» аясында 110 жоба іске асуда
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өткен жылы Жамбыл облысындағы үш аудан орталығында 108 жоба іске асырылған еді.
20.10.2020
-
Жамбылдық дәрігерлер бауырға бірегей ота жасады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы емдеу мекемелерінде бауырды эмболизациялау әдісі жоғары технологиялық деңгейде енгізілуде.
20.10.2020
-
Таразда делдалсыз ауыл шаруашылығы тауарларын сататын дүкен ашылды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласының іргесіндегі Жамбыл ауданы әкімдігінің қолдауымен облыс орталығынан ет павильоны ашылды. Бұл нысанның ерекшелігі сол – ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз, арзан бағамен қала тұрғындарына жеткізеді.
20.10.2020