-
Astana Think Tank Forum: Қазақстан жаһандық басқару реформасына өз үнін қосты
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру» тақырыбында өткен Astana Think Tank Forum 2025 (ATTF) жұмысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20.10.2025
-
Қытай АҚШ-ты ұлттық уақыт орталығына кибершабуыл жасады деп айыптады
Қытайдың Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі Америка Құрама Штаттарының барлау құрылымдарын, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік агенттігін (NSA), елдің ұлттық уақыт орталығының компьютерлік жүйелеріне кибершабуылдар жасады деп айыптады. Бұл туралы South China Morning Post (SCMP) басылымы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.10.2025
-
Йеменде хуситтер БҰҰ-ның 20 қызметкерін тұтқындады
Йемендегі хуситтер Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) тағы 20 қызметкерін тұтқындап, ұйымның техникалық жабдықтарын тәркілеген. Бұл туралы Associated Press агенттігіне БҰҰ-ның Йемендегі тұрақты үйлестірушісінің өкілі Жан Алам мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.10.2025
-
Макрон Луврдан ұрланған зергерлік бұйымдардың табылатынына сендірді
Франция президенті Эммануэль Макрон Лувр мұражайынан ұрланған зергерлік бұйымдар міндетті түрде табылып, қылмыскерлердің жауапқа тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
20.10.2025
-
Аурухана дәлізінде жатқан науқастар: Шымкент әкімдігі жағдайды түсіндірді
Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында дәлізде жатқан науқастар бейнеленген видео тарап, қоғамда қызу талқыланды. Бейнежазбада бірнеше пациенттің, оның ішінде баласы бар әйелдің дәлізде жатқаны көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar арнасына сілтеме жасап.
20.10.2025
-
Зеленский бейбітшілік үшін кез келген диалогтан бас тартпайтынын мәлімдеді
Украина президенті Владимир Зеленский NBC News арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты Ресей басшысы Владимир Путинге қатысты қатаң ұстаным ұстануға шақырды. Сондай-ақ ол алдағы Будапешт саммитінде Ресей президентімен кездесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.10.2025
-
АҚШ пен Израиль Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынуға қол жинай бастады
АҚШ Конгресі мен Израиль Кнессетінің өкілдері АҚШ бұрынғы президенті Дональд Трампты 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну бастамасын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
20.10.2025
-
Солтүстік Қазақстан облысында рекордтық көлемде астық жиналды
Солтүстік Қазақстан облысында биылғы астық жинау науқаны ерекше нәтижемен аяқталуға жақын. Жергілікті диқандар әр гектардан орта есеппен 20 центнерден бидай жинап, соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды 24.kz арнасына сілтеме жасап.
19.10.2025
-
Шоқан Уәлихановтың туғанына – 190 жыл: Көкшетауда халықаралық форум өтті
Көкшетау қаласында қазақ халқының көрнекті ғалымы, ағартушысы, этнографы және фольклортанушысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай "Шоқан Уәлиханов: зерттеуші, ағартушы, дәуір тұлғасы" атты халықаралық ғылыми форум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
19.10.2025
-
Ақтаудағы көпқабатты үй тұрғындары бір аптаға жуық сусыз отыр
Ақтаудың 11-шағын ауданындағы №8А үй тұрғындары бірнеше күннен бері ауыз сусыз отыр. Олардың айтуынша, жоғарғы қабаттарға су жеткізетін сорғы істен шыққан, соның салдарынан 50-ге жуық пәтер қарапайым тұрмыстық қажеттіліктерден айырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
19.10.2025
-
Астана Әзербайжан президентін қарсы алуға дайындалып жатыр
Астана Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті қарсы алуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ БОРТN1 Telegram-арнасына сілтеме жасап.
19.10.2025
-
Ақмола облысында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Ақмола облысында, әсіресе Көкшетау қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтті. Бұл жұмыстар өңірлік полиция департаменті басшылығының тапсырмасы аясында жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.10.2025
-
ТЖМ – 30 жыл: Таразда өрт-құтқару техникасының көрмесі мен шеруі өтті
Тараз қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай заманауи өрт сөндіру және құтқару техникасының кең ауқымды көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.10.2025
-
Шығыс Қазақстанда теміржолшылар көмір жеткізілімін бақылауда ұстап отыр
Жылыту маусымының басталуына байланысты теміржолшылар өңірлердің коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз етілуін тұрақты бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18.10.2025
-
Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 18 қазан күні Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
18.10.2025
-
Мексикадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 72 адамға жетті
Мексикадағы толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 72 адам қаза тапты, тағы 48 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы елдің апат салдарын бақылау жөніндегі үкіметтік порталы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.10.2025
-
Грузияда Тбилисидегі тәртіпсіздіктерге қатысы бар 60-тан астам адам ұсталды
Грузия полициясы 4 қазанда Тбилисидегі президенттік резиденцияға шабуыл жасау ісі бойынша тағы 16 адамды ұстады. Бұл туралы елдің ішкі істер министрінің орынбасары Александр Дарахвелидзе брифингте мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Интерфакске сілтеме жасап.
18.10.2025
-
Қазақстан мен ТМД Экономикалық соты құқықтық ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының төрағасы Герман Нұрбаевпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18.10.2025
-
Зеленский Еуропа көшбасшыларын Трамппен кездесу туралы хабардар етті
Еуропа мемлекеттерінің басшылары Украина президенті Владимир Зеленскийге Ресейді келіссөздер үстеліне қайта отырғызу үшін қолдауды күшейтуге уәде берді. Бұл туралы Германия үкіметі атынан Министрлер кабинеті өкілі Штефан Корнелиус мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
18.10.2025
-
Орбан Еуроодақты Ресейге бағытталған саясаты үшін сынға алды
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуропалық одақтың Ресейге қатысты саясатын қатаң сынға алды. Бұл туралы ол Венгрияның тұрақты конференциясы — Máért пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ About Hungary басылымына сілтеме жасап.
18.10.2025