-
Трамп ультиматум қойды: Украина бір апта ішінде шешім қабылдауы тиіс
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ вице-президенті Дж. Д. Вэнспен және АҚШ Құрлық әскерлері министрі Дэниел Дрисколлмен Америка әзірлеген бейбітшілік жоспарын шамамен бір сағат бойы талқылағанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
22.11.2025
-
10 айда темір жолмен 220 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
2025 жылдың қаңтар-қазан айларында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ желісі бойынша жүк тиеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4% өсіп, 221,4 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21.11.2025
-
Тұман, көктайғақ: Астана мен 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 22 қарашада Астана қаласында және Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
21.11.2025
-
Астанада шетелдік 200 мың еуроны елден жасырын шығармақ болған
Астанада шетел азаматы Қазақстаннан ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны заңсыз әкетуге тырысқаны үшін жауапқа тартылды. Ол елордалық әуежай арқылы 200 мың еуроны декларациясыз шығармақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
21.11.2025
-
Қазақстан мен Армения мәдени ынтымақтастықты кеңейтеді
Бүгін Қазақстан Президенті мен Армения Премьер-министрінің қатысуымен өткен кездесуде екі елдің ресми делегациялары бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты. Қол қойылған келісімдер Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
21.11.2025
-
Өскемендегі қорғасын зауыты аумағынан өрт шықты
Өскемен қаласындағы Промышленная көшесінде орналасқан қорғасын зауыты аумағында бүгін жеке тұрған ғимаратта тасымалдау лентасы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21.11.2025
-
Ақтауда меценаттарға "Жомарт жан" сыйлығы табыс етілді
Қайырымдылық жасаудан таймайтын пейілі кең жандар дәстүрлі «Жомарт жан» сыйлығымен марапатталды. Салтанатты рәсім «Достық» үйінде өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, сенаторлар, жергілікті мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктер мен волонтерлер қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
19.11.2025
-
Инфляция мен Эпштейн ісі: Трамптың рейтингі күрт төмендеді
Reuters/Ipsos жүргізген жаңа сауалнамаға сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамптың мақұлдау рейтингі 38%-ға дейін төмендеп, ол билікке қайта оралғаннан бергі ең төменгі көрсеткішті тіркеді. Зерттеу америкалықтардың тұрмыс құнының өсуіне және марқұм миллиардер Джеффри Эпштейнге қатысты тергеуге байланысты наразылығын көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
19.11.2025
-
Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 19 қарашада еліміздің тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
19.11.2025
-
Алапат өрт 170 үйді күлге айналдырды: билік төтенше шаралар қабылдады
Жергілікті билік өкілдері мен құтқарушылар өртті сөндіру, қауіпсіз аймақтарды кеңейту және тұрғындарды орналастыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
19.11.2025
-
Ливанда Израильдің әуе шабуылынан 13 адам көз жұмды
Ливанның оңтүстігіндегі Сидон қаласына Израиль әуе күштері жасаған шабуыл салдарынан 13 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі Ливан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.11.2025
-
Қазақстан СІМ басшысы Азық-түлік ұйымымен ынтымақтастықты талқылады
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Берік Арынды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19.11.2025
-
Венесуэла АҚШ-пен келіссөздерге дайын, ал Вашингтон қысымды күшейтуде
Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-тың кез келген өкілімен бетпе-бет сөйлесуге дайын екенін мәлімдеді. Ол бейбітшілік пен диалогқа басымдық беретінін, соғысқа ешқашан бармайтынын айтты. Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың Венесуэлаға қарсы қысымын күшейткен тұста жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
19.11.2025
-
Қытай Ұлыбританияның тыңшылық жөніндегі мәлімдемесін жоққа шығарды
Қытай билігі Ұлыбританияның MI5 қарсы барлау қызметі таратқан ҚХР агенттерінің британ Парламенті қызметкерлерімен байланыс орнатуға тырысып жатыр деген ақпаратты "зиянды жала" деп атады. Бұл туралы Ұлыбританиядағы ҚХР Елшілігі жариялаған мәлімдемеде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
19.11.2025
-
Бала жүрегіне шамшырақ жаққан жас ұстаз
Ұстаздық – әр баланың өміріне жол сілтейтін, жүрекпен атқарылатын қасиетті мамандық. Мұғалім тек пәнді оқытып қана қоймай, шәкірттің бойындағы ізгі қасиеттерді оятып, олардың сенімін арттыруға ат салысады. Осындай қасиетті мамандықты саналы түрде таңдаған жас педагогтардың бірі – Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылындағы №9 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ықбал Темірбайқызы Палуаниязова. BAQ.KZ тілшісі ауыл мұғалімінің еңбек жолымен, оның шәкірттеріне деген шынайы махаббаты мен жаңашыл сабақ әдістерімен танысып көрген еді.
19.11.2025
-
Тұман, көктайғақ: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
Бүгін, 19 қарашада еліміздің 14 өңірінде ауа райы нашарлап, тұман, көктайғақ және күшті жел күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
19.11.2025
-
"Сылтау іздемеймін": Ислам Евлоев Эр-Риядтағы нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ислам Евлоев Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.11.2025
-
Түркия президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізеді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін, 19 қарашада Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізеді. Бұл туралы TRT арнасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.11.2025
-
ТЖМ тікұшағы төрт айлық сәбиді шұғыл түрде Қызылордаға жеткізді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазавиақұтқару тобы санавиация дәрігерлерімен бірлесіп, төрт айлық сәбиді Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентінен Қызылорда облысының медициналық мекемесіне шұғыл түрде жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.11.2025
-
"Астана Операда" эстон музыкасының концерті өтті
Әлемге әйгілі композиторлар Арво Пярттың 90 жылдығы мен Вельо Тормистың 95 жылдығына орай «Астана Опера» сахнасында эстон музыкасының кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
18.11.2025