-
Иранда марафон ұйымдастырушылары хиджабсыз әйелдер үшін қамауға алынды
Иран сот жүйесі марафонның екі ұйымдастырушысын хиджабсыз әйелдерге жарысқа қатысуға рұқсат бергені үшін қамауға алды. Бұл туралы жұма күні Киш аралында өткен марафонда әйелдердің хиджабсыз суреттері әлеуметтік желілерде жарияланған соң белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасайды.
07.12.2025
-
Трамп Әлиев пен Пашинянға Нобель сыйлығына ұсынғаны үшін алғыс айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп әзербайжандық әріптесі Ильхам Әлиевке хат жолдап, 2025 жылғы Нобель сыйлығына кандидатурасын ұсынғаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
07.12.2025
-
АҚШ Италияға 100 ұзақ қашықтыққа арналған зымыран сатуды мақұлдады
АҚШ Мемлекеттік департаменті Италияға құны 301 млн доллар болатын AGM‑158B/B‑2 JASSM‑ER үлгісіндегі 100 дана әуе–жер класты зымыран сату туралы шешімді мақұлдады.
07.12.2025
-
Оңтүстік Африкада жатақханада жаппай атыс болып, 11 адам қаза тапты
Оңтүстік Африкада Претория астанасының батысындағы Солсвилл қаласындағы жатақханада жаппай атыс болып, кем дегенде 11 адам қаза тапты. Оқиға сенбі күні таңертең орын алған, тағы 14 адам жарақат алған. Қаза тапқандар арасында үш жасар бала да бар, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
07.12.2025
-
Зеленский Кушнер мен Уиткоффпен телефон арқылы сөйлесті
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен және Дональд Трамптың күйеу баласы, кәсіпкер Джаред Кушнермен телефон арқылы ұзақ әрі мазмұнды әңгіме жүргізгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
07.12.2025
-
Ақтөбе облысында жүк көлігі аударылып, трасса уақытша жабылды
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар KAZ 06 автожолында жүк көлігі аударылып, жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06.12.2025
-
Қызылордада пәтер ішінде қалып қойған екі бала құтқарылды
Қызылорда қаласында төтенше жағдай орын алып, ТЖМ құтқарушылары пәтер ішінде құлыпталып қалған балаларды аман-есен шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06.12.2025
-
Көктайғақ, боран: Астанада және 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК ертең, 7 желтоқсанда еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.12.2025
-
Астық экспортындағы жүктеме артты: Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен шешім әзірлейді
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды ұйымдастыру мәселелеріне арналған жедел кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.12.2025
-
Екі облыста ауа райына байланысты жол жабылады
Қазақстанның екі облысында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар республикалық автожолдарда 6 желтоқсан күні сағат 22.00-ден бастап жүк және қоғамдық көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.12.2025
-
Қарағандыда жасанды интеллект емделушілердің өтінішін қабылдай бастады
Қарағандыдағы №3 көпсалалы ауруханада емделушілердің өтініштерін қабылдау процесіне жасанды интеллект жүйесі енгізілді. Енді науқастар осы жүйе арқылы қабылдауға жазылып, дәрігерлік кеңес пен анықтама ала алады, сондай-ақ шағым немесе пікір қалдыру мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
05.12.2025
-
Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер алдағы тәулікте еліміздің бірқатар қалаларында ауа сапасының нашарлауына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.12.2025
-
Вэнс: Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша жақын арада жақсы жаңалық болуы мүмкін
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Америка әкімшілігі Украинадағы қақтығысты реттеу бағытында «айтарлықтай прогреске» қол жеткізгенін мәлімдеп, жақын апталарда бұл мәселе бойынша оң жаңалықтар болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол NBC News телеарнасына берген сұхбатында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
05.12.2025
-
Трамп Газа жоспарының екінші кезеңін жарияламақ
АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторына арналған жоспарының екінші кезеңін 25 желтоқсанға дейін таныстыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Axios порталына сілтеме жасап.
05.12.2025
-
Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы диалог пен қағидаттарды қолдады
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 32-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.12.2025
-
Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды
Алматының Әуезов ауданындағы Асай-5 шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтерде түнде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.12.2025
-
Eurovision – 2026: Израиль қатысатын болғандықтан, бірнеше ел байқауға бойкот жариялады
Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) мүшелерінің көпшілігі Израильдің 2026 жылғы "Eurovision" ән байқауына қатысуына қосымша дауыс беру қажет емес деп шешті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
05.12.2025
-
Руанда мен Конго басшылары Трамптың қатысуымен бейбіт келісімге қол қойды
Вашингтонда Конго Демократиялық Республикасы мен Руанда президенттері – Феликс Чисекеди мен Пол Кагаме АҚШ президенті Дональд Трамп қатысуымен аймақтағы көпжылдық қақтығысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келісімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
05.12.2025
-
Семейде 25 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталды
Семей қаласында 25 мың көрерменге арналған заманауи стадион құрылысы ресми түрде басталды. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли жаңа «Smart City» ықшамауданына барып, нысанның алғашқы жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
05.12.2025
-
Әзербайжан 2026 жылы Армениямен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отыр
Әзербайжан билігі Армениямен бейбітшілік туралы келісімге 2026 жылы ресми түрде қол қойылады деп үміттеніп отыр. Бұл туралы Әзербайжан Президентінің ерекше тапсырмалар жөніндегі өкілі Эльчин Амирбеков Женевада журналистерге берген мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
05.12.2025