-
Әйел екі минутқа жүрегі тоқтап, о дүниені көргенін айтты
Ол көлік апатынан кейін жүрегі 2,5 минутқа тоқтап, клиникалық өлімді бастан өткергенін айтты. Ол жарық жаратылыстарды, марқұм атасын және Құдайды көріп, "таза махаббатты" сезінгенін мәлімдеді. Бұл тәжірибе оның өмірін өзгертіп, мұғалімдік жолды таңдауға себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
29.09.2025
-
Қазақстандық "Кадет" фильмі "Оскарға" ұсынылды
Қазақстандық режиссер Адильхан Ержановтың 2024 жылы түсірілген "Кадет" фильмі "Оскардың" "Үздік халықаралық фильм" номинациясына Қазақстан атынан ұсынылды. Халықаралық фестивальдерді бағындырған бұл қорқынышты драма қатаң әскери мектептегі өзгерістер мен ананың жүрек толқынысын бейнелейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.09.2025
-
Қостанайда қарлы дауыл: ауыр қар мен жаңбырдан бірнеше көлік ағаш астында қалды
Қостанайда қар аралас жауын салдарынан үш көлік ағаш астында қалды. Құтқарушылар ағаштарды кесіп, көліктерді қауіпсіз босатты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.09.2025
-
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов қайтыс болды
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов жүрек талмасынан қайтыс болды. Ол Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына үлкен үлес қосқан, алайда 2024 жылы тағылған айыптан 2025 жылы толық ақталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.09.2025
-
Президенттің кадрлық өзгерістерінің себебі неде?
Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының кадрлық өзгерістерінің себебі неде екенін түсіндіріп берді. Бұл туралы ол Telegram-дағы ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.09.2025
-
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қызметінен босатылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
29.09.2025
-
Жүк көлігі пойызбен соқтығысып, бензин тасымалдаған 18 вагон отқа оранды
Жүк көлігі пойызбен соқтығысып, бензин тиеген 18 вагон рельстен шығып, өрт шықты. Машинист пен көмекшісі жарақат алды, пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Мәскеу теміржолына сілтеме жасап.
26.09.2025
-
Найзағай, алғашқы қар мен аяз: Қазақстанды қыркүйек соңында қандай ауа райы күтіп тұр
28-29 қыркүйекте Қазақстанда суық антициклонның әсерінен қатты жел соғып, кей аймақтарда жаңбыр қарға ауысады. Солтүстікте аяз күтіліп, ел бойынша температура күрт төмендейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.09.2025
-
Таразда Президент саябағы маңында жасөспірім пышақ ұстап жүрген
Тараздағы Президент саябағы маңында Ұлттық ұлан сарбаздары пышақ ұстаған жасөспірімді ұстап, полицияға тапсырды. Оқиға Қаратау ықшамауданында патрульдеу кезінде анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.09.2025
-
Қазақстандықтардың еуроға қызығушылығы төмендеп барады
Еуро бағамы рекордтық деңгейге жетсе де, қазақстандықтардың еуропалық валютаны сатып алу белсенділігі төмендеп барады. 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында еуро нетто-сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 26,9%-ға азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ranking.kz дерегіне сілтеме жасап.
26.09.2025
-
Магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды
2025 жылғы 26 қыркүйекте Ауғанстанда магнитудасы 4,5 жер сілкінісі тіркелді. 194 км тереңдікте болған дүмпулер қирау мен зардап әкелген жоқ, жағдай бақылауда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.09.2025
-
Әлеуметтік желідегі дүрбелең: Бурабай ауасына байланысты жаппай үрей туындады
Бурабайда ауа ластанды деген әлеуметтік желідегі мәлімет шындыққа жанаспайды. Метеостанция дерегіне сүйенген парк әкімшілігі ауаның санитарлық нормаға сай, туристер үшін қауіпсіз екенін хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.09.2025
-
Енді Петропавлда сотталған әйелдер жақындарымен бейнетаксофон арқылы сөйлесе алады
Петропавл қаласындағы №50 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші әйелдерге бейнетаксофон жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.09.2025
-
Ермек Көшербаев Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Енді еліміздің Сыртқы істер министрлігінің басшысы болып Ермек Көшербаев қызмет атқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
26.09.2025
-
Қазақстандықтар жаңа қорғаныс деңгейі бар паспорттар ала бастады
Қазақстанда HDM-қорғаныс элементі бар жаңа үлгідегі паспорттар беріле бастады. Барыс бейнесі бар голографиялық белгі деректердің қауіпсіздігін арттырып, құжатты қолдан жасаудан қорғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25.09.2025
-
1414-тен келген СМС: Ақтөбелік азамат 2 миллион теңгесінен айрылды
Ақтөбеде телефон алаяқтары 1414-тен келген СМС кодын сұрап, "қорғаныс несиесін" рәсімдетіп, ер адамды 2 млн теңгеден астам қаржысынан айырды. Полиция қазақстандықтарды қырағы болуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25.09.2025
-
38 жыл жазықсыз түрмеде отырған ер адамға қомақты өтемақы төленді
38 жыл жазықсыз түрмеде отырған ер адам 25 млн доллар (шамамен 11,6 млрд теңге) өтемақы алды. ДНҚ сараптамасы оның кінәсіздігін дәлелдеп, іс қайта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.
25.09.2025
-
"Ұстазыңды құттықта!": Қазақстанда мұғалімдерге арналған челлендж басталды
Қазақстанда 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында "Ұстаз – ұлт шамшырағы" онкүндігі өтіп, "Ұстазыңды құттықта!" республикалық челленджі басталды. Акция ұстаздардың мәртебесін көтеріп, қазақстандықтарды алғыс айтуға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25.09.2025
-
Әлемде: БҰҰ саммиті, Тайфун Рагаса, Индонезияда оқушылардың улануы мен білім саласындағы дағдарыс
АҚШ-тағы БҰҰ климат саммиті, Қытай мен Тайваньды жайлаған супер тайфун Рагаса, Жапониядағы қаржы нарығы толқыны және Индонезиядағы мектеп улануы – соңғы тәуліктегі ең өзекті әлем жаңалықтары, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25.09.2025
-
Атырауда 9 жасар баланы соққыға жыққан ер адам ұсталды
Атырауда 9 жасар баланы балалар алаңында соққыға жыққан 21 жастағы күдікті ұсталды. Бала жеңіл жарақат алып, психологиялық көмек көрсетілуде. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
24.09.2025