-
Абай облысында автобус аударылды: 50 адам зардап шекті
Семей – Қайнар трассасында 31 қаңтар күні таңертең 50 жұмысшы мінген автобус аударылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, өміріне қауіп жоқ. Полиция апат себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.02.2026
-
"Әлем оны әкесі соққыға жығу үшін құтқарған жоқ": Жәбірленген 3 жасар қыз туралы жаңа деректер пайда болды
Талдықорғанда үш жасар қыздың аяусыз соққыға жығылуына қатысты оқиға жаңа мәліметтермен толықты. Қайырымдылық қорының жетекшісі Екатерина Доброва әлеуметтік желідегі жазбасында баланың бұрын ауыр дертпен күрескенін және оны әкесінің зорлық-зомбылығынан қорғау үшін атқарылған жұмыстар туралы ашық жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.02.2026
-
Жанжалдан кейін: Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметтен кетті
Қарағандыда спорт кешенінде болған жанжалдан кейін Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз өтініштерімен қызметтерінен босатылды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.02.2026
-
Әлемде: АҚШ пен Үндістан келісімі, Венгрияның ЕО-ға шағымы және Ирандағы қауіп
АҚШ пен Үндістан сауда келісімі, Венгрияның ЕО-мен дауы, Ирандағы ықтимал наразылықтар, Ыстамбұлдағы метро апаты және ДДҰ-ның дағдарысы – BAQ.KZ тілшісі әлемдегі маңызды бес жаңалыққа шолу жасап, назарларыңызға ұсынады.
03.02.2026
-
Шаққалиев Конституция жобасының бизнеске әсерін түсіндірді
Елімізде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы жобасын талқылау аясында маңызды әрі мазмұнды қоғамдық диалог жүріп жатыр. Бұл – формалды үдеріс емес, мемлекеттің қоғаммен бірге ел болашағы жөнінде жүргізіп отырған ашық әрі жауапты пікір алмасуы. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.02.2026
-
Мұғалім сабаққа кешіккен студентті 100 рет "отжимание" жасауға мәжбүрлеген
Атырау энергетика және құрылыс колледжінде студент сабаққа 6 минут кешігіп келгені үшін 100 рет отжимание жасауға мәжбүрленді. Жасөспірімнің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақырылды. Мұғалімге тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.02.2026
-
Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.02.2026
-
36 млн теңге шығын: Жетісуда интернет-алаяқтардың call-орталығы әшкереленді
Жетісу облысының полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен ауқымды интернет-алаяқтықпен айналысқан тұлғалардың әрекетін тоқтатты. Заңсыз схеманы ұйымдастырушы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол қатысушылар арасында міндеттерді нақты бөліп, жасырын call-орталық құрған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.02.2026
-
Бурабай мектебінде асхана дауы: Директор қызметінен босатылды
Бурабай кентіндегі мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру барысында заңбұзушылықтар анықталды. Жеткізуші жалған мәлімет берген, ал қызметті рұқсатсыз үшінші тұлғалар атқарған. Прокуратура араласқаннан кейін шарт бұзылып, мектеп директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
TikTok-тан 5,5 млн теңге пайда тапқан "емші" сотталды
Астана тұрғыны TikTok-та өзін "емші" ретінде таныстырып, үш адамды алдап 5,5 млн теңгеден астам ақша алған. Қаражатты букмекерлік кеңселерде жұмсаған алаяқ 2 жыл 4 айға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша екі шетел азаматын іздеуге жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
"Танысым бар": ҰБТ-сыз университетке түсіруді уәде еткен алаяқ ұсталды
Астанада ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсіремін деп уәде берген алаяқ ұсталды. Күдікті абитуриенттен 480 мың теңге алып, байланысқа шықпай кеткен. Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.01.2026
-
Дүкендегі шабуыл: Алматыда әйелді ұрып, алтын әшекейін тартып алған
Алматы қаласының криминалдық полициясы дене күшін қолдану арқылы жасалған қарақшылық шабуылды ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30.01.2026
-
Қазақстанда доллар арзандады
30 қаңтардағы Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 501,02 теңгені құрады. Осылайша, доллар бір тәулік ішінде 2,02 теңгеге арзандады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.01.2026
-
Қытай неге Мьянмадағы мафиялық әулеттің 11 мүшесін жедел түрде өлім жазасына кесті?
Қытай билігі солтүстік Мьянмада әрекет еткен атышулы қылмыстық топтың 11 мүшесін өлім жазасына кесіп, үкімді тез арада орындады. Олар 2025 жылдың қыркүйегінде аса ауыр қылмыстар үшін сотталған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
30.01.2026
-
Мұғалім ҰБТ-ның әр балын 7 мың теңгеден сатқан
Ақтөбеде мектеп мұғалімі ата-анадан әр балл үшін 7 мың теңге алып, оқушыларға кем дегенде 80 балл уәде еткен. Сот мұғалімді алаяқтық жасады деп танып, 2 жыл 4 ай мерзімге еркіндік шектеу жазасын тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.01.2026
-
Қосшыдағы 10 жасар қыздың өлімі: Дәрігерлер себебін әлі анықтай алмай отыр
Қосшы қаласында 10 жастағы қыз баланың өлімі тіркелді. Бала анасының қолында жедел жәрдем көлігіне жеткізілген, бірақ биологиялық өлім диагнозы қойылды. Медициналық қызмет себебін әлі анықтай алмай отыр. Тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.01.2026
-
50 мыңнан 300 мыңға дейін: Тоқаев волонтерлер санының күрт артқанын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйлеп, Қазақстандағы еріктілер қозғалысының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.01.2026
-
Тоқаев волонтерлерге үн қатты: Ең пайдалы ұсыныстарды іске асыруға тапсырма беремін
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйлеп, еріктілердің ел дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.01.2026
-
Мұғалімді TikTok-та балағаттаған: Оқушының ата-анасына айыппұл салынды
Екібастұзда мұғалімді TikTok әлеуметтік желісінде балағаттаған оқушының ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.01.2026