-
СҚО-да патрульдік көлік апатқа ұшырап, аударылып қалды
Солтүстік Қазақстан облысында Көкшетау – Рузаевка трассасында патрульдік көлік аударылып, екі полиция қызметкері жарақат алды. Апаттың мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.09.2025
-
Израиль Дохада ХАМАС басшылығына соққы жасады
Израиль Қатар астанасы Дохада ХАМАС-тың жоғарғы басшылығына соққы жасады. Жарылыстан ұйым жетекшілері қаза тапқаны хабарланды. Қатар бұл әрекетті халықаралық құқықты бұзу деп айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
09.09.2025
-
Алматы әуежайында шу шығарған Ақтау прокурорына қызметтік тергеу басталды
Алматы әуежайында масаң күйде жанжал шығарған Ақтау прокуроры Ерболат Абдировқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Маңғыстау облысы прокуратурасы қызметтік тергеу бастағанын хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.09.2025
-
2026 жылдан бастап тапшы дәрігерлерге баспана беріледі
Қазақстанда медициналық қызмет сапасы мен көлемін бақылаудың жаңа жүйесі енгізіледі. 2026 жылдан бастап тапшы мамандықтағы дәрігерлер баспанамен қамтылады. Жедел жәрдем бригадалары бейнежетондармен, стационарлар бейнетіркеумен жабдықталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.09.2025
-
Алматыда самокат мінген жігіт өзіне ескерту жасаған ер адамның көзін шығарды
Алматыда самокат мінген жігіт тротуарда ескерту жасаған жаяу жүргіншіні ұрып, көзінен айырды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.09.2025
-
Аспаз әріптесінің телефонын ұрлап, несиеге қымбат iPhone рәсімдеп алған
Жетісу облысында аспаз әріптесінің ұялы телефонын ұрлап, банк қосымшалары арқылы несие рәсімдеген. Қымбат iPhone 16 Pro Max-ты бөліп төлеуге алған күдіктіге қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.09.2025
-
Әлемде: Израиль келісімге келді, ОПЕК+ мұнай бағасын шайқалтты, Непалда қақтығыс өршіп тұр
Әлемдегі соңғы тәуліктің басты оқиғалары: Израиль Газадағы бітімге келісім берді, Непалда жастардың наразылығынан қақтығыс өршіді, ОПЕК+ мұнай нарығын шайқалтты. Сонымен қатар алтын рекорд орнатып, Conjuring фильмі тарих жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.09.2025
-
Қазақстанда бүгін ауа райы күрт құбылады: бұршақ, дауылды жел, өрт қаупі бар
Қазақстанда 9 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде найзағай, бұршақ, қатты жаңбыр, шаңды дауыл мен тұман күтіледі. Сондай-ақ жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.09.2025
-
Төрт жыл бойы балаларымен бірге жасырынып жүрген әкені полиция атып өлтірді
Төрт жыл бойы үш баласымен жабайы табиғатта жасырынып жүрген Том Филлипс полиция рейді кезінде оққа ұшты. Балалары аман. Оқиға елде үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
08.09.2025
-
Жол талғамайтын көлікпен соқтығысқан трактор екіге бөлініп кетті
Апат Ақмола облысындағы "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1044-ші шақырымында болған. Mitsubishi Pajero жол талғамайтын көлігімен соқтығысу нәтижесінде MTZ-80 тракторы екіге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.09.2025
-
Қазақстандықтарды "банк қоңыраулары" қақпанға түсіруде: алаяқтар белсенділігі рекорд жаңартты
Қазақстанда банк ұйымдарынан түскендей болып көрінетін жалған қоңыраулар мен хабарламалар арқылы жасалатын интернет-алаяқтық оқиғалары күрт артты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.09.2025
-
Мектеп оқулықтарын кім тексереді? – Қазақстанда педагог-эксперттерді іздейді
Қазақстанда оқулықтардың сапасын тексеретін педагог-эксперттерді онлайн іріктеу басталды. Үміткерлер E-EXPERT.GOV.KZ платформасы арқылы конкурсқа қатыса алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.09.2025
-
Қыздың әкесімен байланыстамын: Алматыдағы оқушы суицидіне қатысты уәкіл пікір білдірді
Алматыда жекеменшік мектептің 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.09.2025
-
Қазақстанда қыркүйектің алғашқы демалысында ауа райы қандай болады?
4-6 қыркүйек аралығында Қазақстанда құбылмалы ауа райы күтіледі. Елдің батысы мен солтүстік-батысында нөсер, бұршақ, қатты жел болжанса, шығыс пен орталықта түнгі үсік болуы мүмкін. Оңтүстікте ауа температурасы +38°С-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.09.2025
-
Алматыда мопед мінген әйел жүк көлігімен соқтығысып қаза тапты
Алматыда Қапшағай трассасында мопед пен бетон араластырғыш көлік соқтығысып, 54 жастағы әйел қаза тапты. Оқиғаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.09.2025
-
Италиялық атақты дизайнер Джорджио Армани дүниеден өтті
Италиялық атақты дизайнер, Armani сән үйінің негізін қалаушы Джорджио Армани 91 жасында дүниеден өтті. Ол әлемдік сәнге жаңа серпін беріп, итальяндық стильдің символына айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.09.2025
-
Түркістан облысында 86 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келген
Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудағы заңсыз фактілерді анықтады. 86 отбасының атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып, мемлекетке 17 млн теңге шығын келтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.09.2025
-
Қарағанды облысының өнеркәсібіне 1,6 трлн теңге инвестиция тартылады
Қарағанды облысында Президент Жолдауында айқындалған басымдықтар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Өңір өнеркәсіп саласында тұрақты өсім көрсетіп, экономиканың әртараптануын күшейтіп, кәсіпорындарды жаңғырту мен жаңа өндірістерді ашуға қомақты инвестициялар тартуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.09.2025
-
Әпкелі-сіңлі егіздер бір күнде ұл босанды
Егіз әпкелі-сіңлі күтпеген жерден бір күнде ұл босанды. 12 сағат айырмашылықпен дүниеге келген сәбилер аналарын егіздік байланысының ерекше күшімен тағы да жақындата түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Click 2 Houston басылымына сілтеме жасап.
04.09.2025
-
Әлемде: Путин мен Сидің 150 жас туралы сөзі, Лиссабон апаты және Эпштейн ісі
Соңғы тәулікте әлемде маңызды оқиғалар болды: Жапония қарыз аукционы қаржы нарықтарын тыныштандырды, Путин мен Си ұзақ өмір мен өлместік жайлы айтты, Португалияда трамвай апатынан 15 адам қаза тапты, ал АҚШ-та Эпштейн ісі бойынша ашықтық талап етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.09.2025